-->
Главная » Статьи » Менеджмент

Ұйымдар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету

Ұйымдар жұмысының тиімділігін                       қамтамасыз ету

Еңбек ресурстарын тиімді басқару. Еңбек өнімділігін басқару. Еңбек өнімділігін басқарудағы жаңа ойлар мен идеялар.

Негізгі терминдер: еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі, өндірісті басқару.

 

Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1. Еңбек ресурстарын басқару кезеңдері

2. Ресурстарды қалыптастыру және жоспарлау

3. Еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары

 

Еңбек ресурстарын басқару – бұл барлық үлкен және кіші ұйымдарда және ұйымның барлық түрлерінде де ең маңызды мәселе. Әрі ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару ісін кадрлар бөлімі, ондағы еңбек заңдылықтарын жетік білетін кәсіби мамандар жүргізеді. Еңбек ресурстарына жасы 18-ден 64-ке дейінгі жұмысқа жарамды ер адамдар, жасы 18-ден 59-ға дейінгі әйел адамдар жатады. Жұмыс істейтін зейнеткерлер мен жасөспірімдер еңбек ресурстарына жатады.

Еңбек ресурстарын басқару бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Ресурстарды жоспарлау – болашақта қажетті еңбек ресурстарын анықтау;

2. Іріктеу – барлық лауазымдар мен қызмет орындары бойынша үміткерлер қорын дайындау;

3. Таңдау – іріктелген үміткерлер ішінен ең қолайлысын бағалап, таңдау;

4. Еңбек ақы құрылымын анықтау – еңбек ресурстарын жалдау және тұрақтандыру мақсатында жеңілдіктермен қосымшаларды анықтау;

5. Кәсіби бағыт беру және бейімдеу - әрбір жеке адамнан ұйым не күтетіні, қандай еңбегі бағаланатыны туралы түсінік беру;

6. Оқыту, үйрету – берілген жұмысты тиімді орындау дағдысын қалыптастыру, білімін жетілдіру бағдарламасын жасау;

7. Қызмет бабымен жоғарылату, төмендету, ауыстыру, жұмыстан босату;

8. Басқарушы қызметкерлерді дайындау – лауазымы жоғары қызметке резервтер дайындау (қызметшілердің орнын басатын мамандар).

 

Еңбек ресурстарын жоспарлау кезеңдері:

1. Қолда бар ресурстарды бағалау;

2. Болашаққа қажетті ресурстары санын анықтау

3. Қажеттілікке орай бағдарлама жасап, жоспар дайындау.

 

2.Еңбек ресурстарын қалыптастыру деп – ресурстардың көздеген мақсатқа жету жолындағы үлесін арттыру, яғни олардың кәсіби шеберлігін өзінің орындайтын жұмысына бейімділігін арттыру мамандығына сай, нарықтық қатынастарға байланысты білімін жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыруда қосатын үлесін молайту.

 

 

3. Еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары:

1. Үнемділік қағидасы - өзіндік құнның құрамындағы еңбек ресурстарын басқару ісіне барынша аз мөлшерде шығындар жұмсау, өндіріс тиімділігін арттыру;

2. Прогрессивтік – алдыңғы қатарлы шетелдің басқару жүйесіне сай әдістерді қолданылады. (алға ұмтылу қағидасы).

3. Перспективность (болашаққа бейімделу қабілеті) – басқару жүйесін қалыптастыруда ұйымның даму болашағын ескеру.

4. Жан-жақтылық – еңбек ресурстарын басқаруда ықпал етуші барлық факторларды ескеру.

5. Жеделдік (оперативность) – басқару ісін жетілдіруде туындаған жағдайларын реттеуде жедел шешім қабылдау.

6. Ғылыми көрсеткіштің болуы (наука, научность) – еңбек ресурстарын басқарудағы ғылыми жетістіктерді пайдалану, қоғамдық өндірістегі даму заңдылықтарын ескеру, нарықтық қатынастарға бейімделу.

7. Мамандандыру - әр бөлімдер мен топтарды өз мамандықтарына сай іріктеу.

8. Үздіксіздік (непрерывность) – құжаттау және т.б. жұмыстарды орындау кезінде үзілістің болмауы.

9. Икемділік (гибкость) – туындаған өзгерістерге, жаңалықтарға бейімделе білу.

10. Қалыпты жұмыс істеу (ритмичность) – белгілі бір уақытта белгілі бір жұмыс орындау және оның қайталанып отыруы.

 

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі өзінің қарамағындағы (ұйымындағы) еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.

Қызметкерлерді басқару жүйесінің мақсаты –ұжымды тиімді, ұтымды және тұрақты дамыту жолында кадрлармен (мамандармен) қамтамасыз ету, мамандардың тиімді жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жүзеге асырады.

Кадр жұмысы дегеніміз, кадр саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің формалары, тәсілдері, бағыттары мен шартары. Өндірісті басқару кадрлармен жұмыс жүйесі бірнеше негізгі элементтерден құрылады. Әрбір органға, буынға жүктелетін басқару функциясының көлемі мен сипатына қарай жалпы қызметшілер саны, олардың кәсіптік және лауазымдық құрамы айқындалады. Басқару кадрларымен жұмыс істеудің екінші элементі басқарма қызметшілерінің жекелген категорияларының жауап беруге, тиісті талаптарын, яғни, нені білу, нені істей алуын және сол лауазымдағы қызметкерлер қандай істі меңгере алатындығын айқындау болып саналады. Бұл үшін басшы мамандардың біліктілік моделін құру қажет. Осыдан кейін өндірістің басқару жүйесіндегі кадрларды іріктеу, орналастыру және орын ауыстыруын ұйымдастыру шаралары басталады.

Басшы басқару еңбегін тиімді жүргізуі үшін, оның міндеттері мен құқығын, еңбекақыны есептеу тәртібі мен тәсілдерін, материалдық және моральдық көтермелеуді, жұмысты бағалау және тексеру әдістерін айқын белгілеу қажет.Олар адамдар арасындағы қарым-қатынастыдұрыс жүргізе білуі, өзінен жоғары басшылардың жұмыс стилінен хабардар болуы тиіс.  

 


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Мескон М., Альберт М. И др. Основы менеджмента, М., 2000 год

2. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы, 1993 ж.

3. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005 ж.

4. Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы- Алматы, 2005 ж.

Категория: Менеджмент | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 1926 | Теги: Ұйымдар жұмысының тиімділігін қамта | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: