-->
Главная » Статьи » Медицина

Жат заттар түскен кездегі алғашқы көмек

Жат заттар түскен кездегі алғашқы көмек

 

 

Жат заттар терінің астына түскен кездегі

алғашқы көмек

 

175. Жат зат терінің (немесе тырнақтың) астына түскен кезде оны оңай және толық алып тастауға сенімді болған кезде ғана жасауға болады. Қандай да бір қиындық туған кезде дәрігерге көрінген жөн. Жат затты теріден алып тастағаннан кейін жарақаттанған орынға йод тұнбасын жағып, таңғыш тағылады.

 

 

Жат зат көзге түскен кездегі алғашқы көмек

 

176. Көзге түскен жат заттарды мақтамен немесе дәкемен стакандағы су ағысымен, ауыз су фонтанын көздің сыртқы бұрышынан (шекеден) ішкі қуысына (мұрынға) қарау бағыттай отырып жуған дұрыс болады. Көзді уқалауға болмайды.

 

 

Жат зат тыныс алқымына түскен кездегі

алғашқы көмек

 

177. Жат зат (мысалы, тамақтың тілімі) тыныс алқымына түскен, бірақ есін жоғалтпаған, тұншығып жатқан зардап шегуші мүмкіндігінше дереу дәрігерге қаралуы керек. Қандай да бір жауырын арасының жанын қысу немесе ұру тыныс алу жолдарын толығымен тығындап қалу мүмкіндігіне байланысты қауіпті болып табылады. Тыныс алу жолдарының жартылай тығындалуы кезінде жат затты алып тастау жөтелу немесе қақыру арқылы мүмкін болады.

178. Есі бар немесе оны ессіз жатқан зардап шегушінің тыныс алқымына жат заттың түсу фактісін анықталған, беттің тез көгеруі байқалған, жөтелу тиімсіз болған және толық тығындалып қалған (жөтел болмаған) кезде тиімді болып саналатын қандай да бір іс-әрекет әрқашанда ақталады, себебі бұл «үміт үзбеу» болып табылады. Мұндай жағдайда зардап шегушіні басы алдыға қарай еңкейіп тұрған немесе ішімен жатқан кезде жауырын арасының жанына білекпен үш – бес рет жайлап ұрады. Егер бұл көмектеспесе, түрегеп тұрған зардап шегушіні арқасынан қысып, көмек көрсетушінің қолы қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасындағы жеріне қойылып, зардап шегушінің ішін бірнеше (үш - бес) рет тез басады. Мұндай әрекетті зардап шегуші арқасымен жатқан кезде де жасауға болады: қолдың алақандарын қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасына қойып, ырғақты түрде (3-5 рет) ішті басады.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 1206 | Теги: Жат заттар түскен кездегі алғашқы к | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: