-->
Главная » Статьи » Медицина

Жасанды дем алдыру

Жасанды дем алдыру

 

73. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.

74. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тәсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылығы анықталған. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.

75. Жасанды дем алдырудың бұл тәсілі үрлегеннен кейін кеуде қуысын кеңейтуге және жәй дем шығару нәтижесінде оның сәйкес келуі зардап шегушінің өкпесіне ауаның түсуін оңай бақылауға мүмкіндік береді.

76. Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.

77. Жасанды дем алдыруды бастар алдында бірінші кезекте арқасында ессіз жатқан кезде артқа кеткен тілмен жабық болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының өту жолдарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.

78. Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с          (минутына 12 дем алу циклін) құрайды.

79. Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.

80. Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің «төс шеміршегі асты» кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. Мұндай жағдайда құсық пайда болуы мүмкін, онда зардап шегушінің басы мен иығын оның аузы мен жұтқыншағын тазалау үшін бір жағына бұрады.

81. Егер ауаны үрлегеннен кейін кеуде қуысы керілмесе, зардап шегушінің төменгі жағын алға қарай итереді. Бұл үшін екі қолдың төрт саусағымен төменгі жақты екі жағынан қысып, бас бармақпен ауыздың төменгі бұрыштарына салмақ сала отырып, оны тартады және төменгі тістерінің үстіңгі тістердің алдында болатындай етіп, жақты алдыға тартады.

82. Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыруды жасайды.

83. Егер жазатайым оқиға люлькада, тіректе немесе діңгекте орын алса зардап шегуші өздігінен дем алмаса және тамыры соқса қолмен дем алдыруды отырған жерінде немесе тік қалпында жасауға болады. Мұндай кезде зардап шегушінің басын барынша артқа шалқайтады немесе төменгі жағын алдыға қарай тартады. Қалған тәсілдер дәл солай.

84. Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оған соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес және барынша баяу болады.

85. Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең және өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.

86. Егер тыныс алумен қатар ұйқының күре тамыры да сезілмесе, қатарынан екі қолмен дем алдыру жасалынады және жүрек сыртына массаж жасауға кіріседі.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 8283 | Теги: Жасанды дем алдыру | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: