-->
Главная » Статьи » Медицина

Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау

Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау

 

211. Жазатайым оқиға болған кезде зардап шегушіге дереу алғашқы көмек көрсетумен қатар, оны тез арада және дұрыс жақын орналасқан емдік мекемеге жеткізу қажет.Зардап шеккенді көтеріп апару мен тасымалдау ережелерін бұзу оның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін.

212. Зардап шегушіні көтеру, көтеріп апару және тасымалдау кезінде оның ыңғайлы қалыпта болуын және оны селкілдетпеуді бақылау қажет. Қолмен көтеріп апару кезінде көмек көрсетушілер адымдап жүрмейді. Зардап шегушіні зембілге көтеріп салуды келісе отырып, команда бойынша жүргізеді. Зардап шегушіні оның ауырмайтын жағынан көтеріп, көмек көрсетушілер бір тізелерінде тұрып, қолдарын басының, арқасының, аяғының және бөксесінің астына салу кезінде қолдары зардап шегушінің екінші жағынан көрінетіндей болады. Зардап шегушіні зембілге салу кезінде оны орнынан көтермей, оны жерден сәл көтеріп, екінші біреу зембілді астына салған дұрыс болады. Бұл әсіресе сынған жағдайда маңызды болып табылады. Мұндай жағдайларда біреу сынған жерді ұстап тұрады.

213. Омыртқасы зақымдалған зардап шегушіні тасымалдау үшін зембіл төсемінің үстіне тақтай, ал оның үстіне киім қойылуы және зардап шегуші арқасымен жатады. Тақтай болмаған кезде зардап шегушіні зембілге ішімен жатқызады.

214. Төменгі жақ сынған кезде зардап шегуші тұншығып жатса, оның бетін төмен қаратып тасымалдайды.

215. Іші зақымдаған кезде зардап шегушіні арқасына жатқызып, аяғының тізесін бүгу қажет. Тізесінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қойылады.

216. Кеуде төсі зақымданған зардап шегушіні жартылай отырған қалпында, арқасына киім қойып тасымалданады.

217. Тегіс жерде зардап шегушіні аяғын алдыға қаратып, ал төбеге немесе баспалдақ бойынша көтерілу кезінде басын алдына қаратып тасымалдау қажет. Зембілге еңістік қалып бермеу үшін төмендегі көмек көрсетуші зембілді көтеріңкіреп ұстайды.

218. Соққыларды болдырмау және зембілді солқылдатпау үшін, зардап шегушілер бірдей аяқпен, тізелерін бүге, аяқтарын қатты көтермей жүрулері керек. Зембілде тасымалдау кезінде зардап шегушіні, таңғыш пен таңғыш қалақтың салынуын бақылау қажет. Ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде зардап шегушінің жатқан қалпын ауыстыру, оның басының астына салынған киімді дұрыстау, (іші ауырған кезден басқа жағдайларда) шөлін басу, ауа-райының қолайсыздықтары мен суықтан қорғайды.

219. Зардап шегушіні зембілден түсіру кезінде оны оған салу кезіндегідей іс-әрекеттер жасау керек. Зардап шегуші салынған зембілді ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде көмек көрсетуші оны зембілдің сабына байланған бауды мойынына салу арқылы да тасуы қажет.

220. Ауыр халдегі зардап шегушіні тасымалдау кезінде оны ауыстырып жатқызбай, сол зембілмен бірге астына шөп төсеп арбаға немесе машинаға салады. Зардап шегушіні тасымалдау кезінде абайлап, оның селкілдеуіне жол бермейді.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 2109 | Теги: Зардап шеккенді көтеріп апару және | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: