-->
Главная » Статьи » Медицина

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нұсқаулар

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нұсқаулар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.

2. Көмек көрсетуші:

адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;

алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;

зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.

3. Көмек көрсетуші:

зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;

жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;

«ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;

қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;

жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;

сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;

жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;

зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;

зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;

алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.

4. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі:

1) зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу), зардап шегушінің халін бағалау;

2) жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;

3) зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тоқтату, сынған жерді анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты);

4) зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық персонал келгенге дейін жәрдемдесу;

5) жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану.

5. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында:

1) алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бұйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі);

2) алғашқы көмек көрсету, жасанды дем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі.

6. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар орындалады:

1) әрбір объектіде алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкелерде сақталатын бұйымдар мен құралдардың (объектіден тыс жұмыс істеген кезде) ақаусыз күйі мен олардың жүйелі түрде толықтырылып тұруы үшін жауапты тұлға (әр ауысымда) тағайындалады;

2) зардап шегушіге медициналық емес персонал көрсеткен көмек медициналық персонал тарапынан көмекпен алмастырылмайды және тек дәрігер келгенге дейін ғана көрсетіледі; бұл көмек қатаң түрде белгілі түрлерімен шектеледі («жалған» өлім кезінде тірілту шаралары, қан кетуді уақытша тоқтату, жарақатты, күйікті немесе үсікті таңу, сынықты анықтау және зардап шегушіні тасымалдау).

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 8778 | Теги: Зардап шеккендерге алғашқы медицина | Рейтинг: 4.0/4
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: