-->
Главная » Статьи » Медицина

Шағу кезіндегі алғашқы көмек

Шағу кезіндегі алғашқы көмек

 

 

Жылан мен улы жәндіктердің шағулары

 

204. Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады.

205. Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі.

206. Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды – денеге, аяқты – екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады.

207. Зардап шегушіге көп мөлшерде су (ыстық шай берген жөн), (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізеді.

208. Ешқашан шаққан орынды күйдіруге, тілуге, зақымданған қолға немесе аяққа бұрама салуға, зардап шеккенге алкоголь беруге, уды сорып алуға және тағы басқа әрекеттерді жасауға болмайды. Зардап шеккен емдік мекемеге жіберіледі. Оны жатқан қалпында тасымалдайды.

 

 

Жануарлардың тістеуі

 

209. Қандайда тістеудің түрі болмасын, егер тістеген жануардың түрі қаншалықты жақсы болса да, жарақат алынған және тырналған жердің терісіне йодтың тұнбасын жағып, стерилденген таңғыш тағу қажет. Зардап шегушіні жындануға қарсы дәрі енгізу үшін емдік мекемеге жіберу керек.

210. Дәрігерге сонымен қатар, құтырған жануардың сілекейі терісіне, мұрнына, көзіне немесе аузына түскен тұлғаларды да жіберу қажет.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 4275 | Теги: Жылан мен улы жәндіктердің шағулары, Шағу кезіндегі алғашқы көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: