-->
Главная » Статьи » Медицина

Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

 

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.

154. Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.

155. Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.

 

 

Басты зақымдау

 

156. Құлау, бірнәрсеге соғу кезінде бас сүйектің сынуы (оның белгілері: құлақтан және ауыздан қан кету, ессіз болу) немесе мидың шайқалуы (белгілері: бастың ауруы, жүрек айну, құсу, есін жоғалту) мүмкін.

157. Мұндай кезде көрсетілетін алғашқы көмектің түрлері болып: зардап шегушіні арқасына жатқызу, басына (жарақат алған кезде - стерилденген) қатты таңғыш тағу және «суық» басу, дәрігер келгенге дейін тыныштықты қамтамасыз ету табылады.

158. Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның басын сол жаққа бұру керек. Сондай-ақ, тілдің артқа кетуіне байланысты тұншығуы мүмкін. Бұл жағдайда зардап шегушінің астыңғы жағын алдыға қарай тарту қажет және оны осы қалыпта қолдан дем алдырған кездегідей ұстап тұрады.

 

 

Омыртқаның зақымдануы

 

159. Оның белгілері: омыртқаның қатты ауруы, еңкеюге және бұрылуға мүмкіндіктің болмауы. Көрсетілетін алғашқы көмек: абайлап, зардап шеккенді орнынан көтермей, оның арқасына жалпақ тақтайды, алынған есікті салып немесе зардап шегушінің денесін бетімен жерге қаратып, ауысу кезінде жұлынның зақымдануын болдырмау үшін оның денесінің иілмеуін қадағалайды. Сондай-ақ оны тақтай үстіне салып немесе бетімен жерге қаратып тасымалдайды.

 

 

3-параграф. Жамбас сүйектердің сынуы

 

160. Оның белгілері: жамбасты ұстаған кезде ауырғанды сезіну, шабының, құйымшақ сүйек жанының ауруы, аяқты түзу көтере алмау. Көрсетілетін көмектің түрлері мыналар: зардап шегушінің арқасына тақтай салып, оны «бақаша» қалыпта жатқызып, яғни оның тізесін бүгу және аяқтарын екі жаққа салу, ал табандарын бірге жылжытып, тізелерінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қою керек. Зардап шегушіні (ішкі органдардың зақымдануын болдырмау үшін) екі жағына бұруға, отырғызуға және аяғына тұрғызуға рұқсат етілмейді.

 

 

Бұғананың сынуы мен шығуы

 

161. Оның белгілері: Иық буынын қозғалту кезінде күшейетін бұғана жанындағы ауру, көзге көрінетін ісік. Көрсетілетін алғашқы көмек түрлері мыналар: зақымдалған жақтағы қолтық астының ойына азғантай мақта түйінін қойып, шынтағы тік бұрышта бүгілген қолды денеге қарай бинтпен орау, қолды мойынға орамалмен немесе бинтпен асып қою. Бинтпен орауды ауырған қолдан денеге қарай оралу қажет.

 

 

 

 

 

Аяқ-қол сүйектерінің сынуы мен шығуы

 

162. Оның белгілері: сүйектің ауруы, аяқ-қолдың рабайсыз түрі, буын жоқ жердің қозғалуы, қисаюы (сынған кездегі сүйек сынықтарының жылжуы) және ісуі.

163. Алғашқы көмек көрсету үшін зардап шегушінің сүйекті сындырғаны немесе шығарғаны маңызды емес, себебі барлық жағдайда зақымданған аяқ-қолдың қозғалмауын қамтамасыз ету керек. Шыққан жерді өз күшімен орнына салуға тырыспаңыз, мұны тек дәрігер істей алады. Зардап шегушіні емдік мекемеге жеткізу кезінде де оның зақымданған аяқ-қолына және дененің басқа да жерлеріне қалыпты жағдайды қамтамасыз етеді.

164. Таңғыш қалақты салу кезінде дененің қозғалмауын қамтамасыз ету керек, қалай болғанда да сүйектің екі буынның - сынған жерден бір буын жоғары және төмен, ал ірі сүйек сынған кезде – тіпті үш буынның қозғалмауы қамтамасыз етіледі. Таңғыш қалақтың ортасы сынған жерде болады. Таңғыш қалақ ірі буындарды, жүйке мен сүйектердің шығыңқы жерлерін қатты байланбайды. Таңғыш тақтайды жұмсақ матамен орап, бинтпен баулаған дұрыс. Таңғыш қалақты бинтпен, орамалмен, белдік белбеумен бекітеді және таңғыш қалақ салынбаған кезде зақымдалған қолды денеге, ал зақымдалған аяқты екінші сау аяққа бинтпен байлайды.

165. Иықтың сүйегі сынған және шыққан кезде таңғыш қалақты қолдың бүгілген шынтақтық буынына байлады. Иықтық сүйектің жоғарғы бөлігін зақымдаған кезде таңғыш қалақ екі – иықтық және шынтақтық буынды, ал төменгі бөлігі сынған кезде білектік буынды ұстап тұрады. Таңғыш қалақты қолға бинтпен байлап, қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.

166. Білек сынған және шыққан кезде таңғыш (алақан еніндей) қалақты шынтақ буынынан саусақтардың ұшына дейін зардап шеккеннің алақанына ұстап тұрғандай мақтадан, бинттен тығызданған түйін салынады. Таңғыш қалақ болмаған кезде қолды орамалмен мойынға немесе пиджактың шетіне асуға болады. Егер қол (шыққан кезде) денеден салбырап тұрса, қол мен дененің арасына жұмсақ (мысалы, киімнен түйілген) зат қойылады.

167. Қолдың буыны мен саусақтық сүйектері сынған және шыққан кезде (алақанның еніндей) білектің ортасынан бастап саусақтардың ұшына дейін жалпақ таңғыш қалақ салынады. Зардап шегушінің саусақтары бүгілгендей толып тұруы үшін зақымдалған қолының алақанына мақтадан, бинттен және тағы басқа түйілген түйін алдын ала салынады. Қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.

168. Жамбас сүйекті сындыру және шығару кезінде ауыратын аяқты сырт жағынан таңғыш қалақпен, таңғыш қалақтың бір ұшы қолтыққа дейін, ал екіншісі өкшеге дейін жететіндей болады. Екінші таңғыш қалақты зақымдалған аяқтың ішкі жағынан аяқтың арасынан өкшенің ішкі жағына дейін салады. Осылайша аяқ толығымен қозғалмайтын қалыпта болады. Таңғыш қалақтарды мүмкіндігінше аяқты көтермей, оларды орнында көтеріңкіреп сынған жерден басқа бірнеше жерден (денеге, жамбасқа, жіліншікке) бинтпен байлау арқылы салынады. Бинт белдің, тізенің және өкшенің астынан таяқша арқылы итеріп өткізіледі.

169. Жіліншік сүйегі сынған немесе шыққан кезде тізелік және жіліншік табанының буындары бекітіледі.

 

 

Қабырғалардың сынуы

 

170. Оның белгілері: дем алған, жөтелген және қозғалған кезде ауыру. Көмек көрсету кезінде кеудені мықтап немесе дем шығару кезінде сүлгімен тартады.

 

 

Жарақат алу

 

171. Оның белгілері: ісіну, жарақат алған жерді ұстаған кезде ауыру. Жарақаттанған жерге «суық» басып, содан кейін қатты таңғыш тағылады. Жарақаттанған жерге йод тұнбасын жағуға, қыздыратын компресс қоюға және мазь жағуға болмайды, себебі бұл тек ауыруды күшейтеді.

 

 

8-параграф. Ауырдың астында қалу

 

172. Зардап шеккенді ауырдың астынан шығарғаннан кейін зақымдалған аяқ-қолын көтеріңкіреп, астына киімнен жасалған жұмсақ жастықты қойып, бинтпен байланады. Бинттің үстінен зақымдалған ұлпалардың ыдырауы кезінде пайда болатын улағыш заттарды сорып алып, ауыруды азайту үшін «суық» басады.

173. Егер зардап шегуші дем алмаса және тамыры соқпаса, дереу қолмен дем алдыру және жүрек сыртынан массаж жасау басталады.

 

 

Сіңірлердің созылуы

 

174. Сіңір әдетте жіліншік табан және білек буындарында созылады. Оның белгілері: буынның қатты ауыруы, ісінуі. Көмек көрсету кезінде бинтпен байлап, зақымданған жердің қозғалмауын қамтамасыз етіп, «суықты» басады. Зақымданған аяқ көтерілген, ал зақымданған қол – орамалмен асылған болады.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 35649 | Комментарии: 2 | Теги: Сүйек сынған, соғып алған және буын аралығы созыл, шыққан | Рейтинг: 2.2/8
Всего комментариев: 2
2 Қайрат   (15.11.2016 10:38)
Құйымшақ сүйегі жарылғанда не істеуге болады?

1 дилнар   (04.10.2016 02:31)
Сәлеметсиз бе? аяк суйеги сынганда неге операция бирден жасалмайды? жане не истеу керек?


Имя *:
Email:
Код *: