-->
Главная » Статьи » Медицина

Науқасқа, не оның жақындарына немесе отбасына қайғылы жаңалықтарды хабарлаудың жоспарын жазу

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.    Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу

2.    Науқастың баласына қайғылы ақпаратты жеткізу.

3.    Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу

                                          

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе

    Дәрігерге қуанышты жаңалықтарды айтумен қатар, қайғылы ақпаратты да жеткізу жүктеледі. Кімге болса да, бұндай жаңалықтарды есту оңайға тимейді. Науқастың отбасы мүшелері, туысқандары дәрігерге сенеді және науқастың өмірін дәрігерге тапсырады. Дәрігер науқасқа, оның отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына қайғылы ақпаратты жеткізу барысында қорқыныш сезімінен аулақ болуы тиіс. Өйткені дәрігердің іс-әрекеті қарым-қатынаста отырған адамға бірден әсер ететіні сөзсіз. Дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізбес бұрын науқастың отбасы мүшелерін алдын-ала дайындап алу керек. Дәрігер әрдайым  науқасқа және оның отбасы мүшелеріне эмоциональді қолдау көрсетіп, шындық қандай ауыр болғанымен де дәрігер науқастың отбасы мүшелеріне өтірік айтпау керек.

 

               Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу.

Қайғылы ақпаратты жеткізу барысы :

1.     Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек.

2.     Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына болады.

3.     Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас жатқан болса, оны отырып сөйлесуін сұрау керек.

4.     Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз қимыл-әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысу керек.

5.     Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.

6.     Қарым-қатынас кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн.  Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.

7.     Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоцианальды қолдау көрсету керек.                     

 

Науқасқа қай уақытта қайғылы ақпаратты жеткізу керек?

Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден  оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек. Науқасқа сырқатынан жазылу мүмкіндіктерін айтып, оның жазылатынына сендіріп, үмітін үздірмеу керек. Науқас өзінің ауруы жайлы нақты мәліметтерді сұраған кезде, дәрігер науқасты жұбату мақсатында шындықты жасыруға болмайды және науқасты бірден өліммен куресуге шақыру мүмкін емес, өйткені науқас әлі дайын емес. Уақыт өте келе науқас өз-өзін психикалық тұрғыдан дайындағаннан кейін ғана, оның шағымдарын тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап беруге тырысу керек.

 

Науқасқа қалған өмірінің ұзақтығын айтуға бола ма? Егер науқас оның қаншалықты өмір сүру уақыты қалғанын білетін болса, оның жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Науқастың өмір сүру уақытын толығымен анықтау мүмкін емес, дәрігер де қателесуі мүмкін. Сондықтан науқасқа нақты қалған өмір сүру уақытын айту керек емес, тек болжамын айтқан жөн. Науқасқа оның жағдайының нашар екендігін міндетті түрде айту керек. Кейбір науқастар нақты мәліметті талап етуі мүмкін. Ондай науқастар осы күнге дейін аяқталмаған жұмыстарын аяқтап бәріне үлгергілері келеді. Бұндай жағдайда да науқасқа дәрігер тек болжамдап айту керек.

   Өлім алдыңдағы науқастар көптеген кезеңдерден өтеді. Науқастар кейбір кезде өз өлімімен келіспей, оны жоққа шығаруға тырысады. Ештенені түсінбегендей, сырқатына назар аудармай, қалыпты жағдай кезіндегідей өз жұмыстарын атқара береді. Өзінің ашуы салдарынан бір

дәрігерден екінші дәрігерге барып қаралуы мүмкін. Диагнозы дұрыс қойылмай, дәрігер қателесті деген ойда болуы да ғажап емес. Дегенмен, науқас ерте ме, кеш пе өзінің жағдайымен келіседі. Бұндай кездерде  науқас психикалық көмекті қажет етеді. Сондықтан дәрігер науқасқа қолдау көрсету керек.

 

  Науқастың баласына қайғылы ақпаратты жеткізу.

 

Кішкентай балаға оның жақынының өлімі туралы жеткізу барысы:

1.     Ещкім кедергі жасамайтындай, ақпаратты жеткізетін орынды таңдап алу керек. Кішкентай баланы алдын ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты жеткізу барысында уақытты жеткілікті етіп пайдаланған жөн.

2.     Дәрігер баланың қандай эмоциясын болса да қабылдауға тырысу керек. Егер бұл қайғы болса, оны баламен бірге бөлісуге даяр болуға тиіс. Егер ол өзін кінәлі сезінсе, оған оның ешқандай кінәсі жоқ екендігін түсіндіру керек. Егер баланың жасы өте кішкене болса, ол өзінің эмоциясын жеткізе алмауы мүмкін, бұл кезде балаға сурет салу арқылы өз эмоциясын білдіруге мүмкіндік беруге болады.

3. Балаға өз эмоциясын шығаруға кедергі жасамау керек. Себебі, ол кейін ер жеткен кезде оның психикасына әсер етуі мүмкін.

 

4.Дәрігер баланың өзі жалғыз қалмағандығы туралы айтып, қолдау көрсету керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

 

Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу.

 

   Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.

   Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн. Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдннуға тырысу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек.

  Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адаммен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді  емес тактикасына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады. Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын болса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырысу керек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек.

   Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін. 

 

 

 

                                   Қорытынды

Қайғылы жаңалықты есту әркімге де оңайға тимейтіні анық. Дегенмен науқасқа бұл жағдай  өте қатты әсер етуі мүмкін. Науқасқа немесе оның туыстарына қайғылы оқиғаны  жеткізу дәрігерге жүктеледі. Хабарды барынша жұмсартып  жеңіл түрде жеткізе білген дәрігерлік,  адамгершілік қасиеті мол, жұмсақ  та мықты дәрігердің ғана қолынан келеді. Қорыта келгенде, науқастың отбасына, оның жақындарына қайғылы ақпаратты жеткізу барысында дәрігер аса жоғары дайындықта болу керек. Өйткені қайғылы ақпаратты науқастың отбасы әртүрлі эмоциямен қабылдауы мүмкін. Дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізу барысында науқастың отбасына қолдау көрсету керек. Қайғылы ақпаратты жеткізу кезінде дәрігердің адамгершілігі маңызды рөл атқарады. 

 

 

                     Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Алимгазиев Т.«Дәрігер құқы» Алматы-1995(12-16бет)

2.Дарханбаев С. «Науқас адам» Алматы-1963(21-63бет)

3. «Мейірбике ісі», Әбижанов Р.А., Шомиров С.С. Алматы, 2006ж.

4. «Мейірбике ісінің негіздері», Мұратбеков С.Қ. Астана,

      2007 ж.

 5.«Жантану негіздері», Сәбет Бап-баба   Алматы, 2007ж.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 7454 | Теги: не оның жақындарына немесе отбасына, Науқасқа | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: