-->
Главная » Статьи » Медицина

Медициналық көмек беру сапасына науқастың көңілінің толғанын бағалау тәсілдері

 

                                Ж О С П А Р

 

І. Кіріспе.

 

    ІІ.Негізгі бөлімі.

 

 1. Ақылы медициналық көмек

                    2. Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдыр(1, 3 және 34 баптар)

3.   Науқастардың медициналық көмекпен қанағаттанбауының негізгі себептері.

 

ІІІ. Қорытынды.


Кіріспе

Медициналық қызметкерлерге қанағаттану дәрежесі мен науқастың білім деңгейі мен денсаулық жағдайының арасында байланыс жатыр. Медициналық қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болу, науқастың медициналық көмекпен қанағаттануына зор ықпалын тигізетіні рас. Қанағаттану деңгейін бағалау мақсатында түрлі әдістер қолданылады. Науқастарға анкета жүргізу арқылы медициналық көмектің жеткіліктілігін,  медициналық қызметкерлерінің сыпайылығын, білімін  бағалауға, науқастың мекемеге деген қанағаттылығының деңгейін растауға көмектеседі.     

 

5-бап. Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық бiрлестiктер

      Дәрiгерлер мен провизорлардың, орта медициналық қызметкерлердiң, медициналық және фармацевтикалық өнiм өндiрушiлердiң кәсiптiк одақтары, қауымдастықтары және басқа да қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге-  өздерiнiң жарғыларына сай , Қазақстан Республикасының заңнамасына сай  қатысады. 

Науқастардың медициналық көмекпен қанағаттанбауының негізгі себептері:

·        денсаулық сақтау орталығына байланысты

·        ұйымдастыру жағдайына көңіл толмау

·        медициналық қызметкерлердің этика мен деонтологияны бұзуынан туындайтын кикілжіңдер

·        емдеу және зерттеу әдістерінің бұзылуы

·        емдеу, зерттеу әдістерінің жеткіліксіздігі

·         медицина қызметкерлерінің тәжірибелік дағдыларының болмауы .

Сонымен қатар, науқастың тікелей өзіне қатысты, яғни, науқас тарапынан себепсіз медициналық қызметкерлерге қойған талабы,  дәрігер тағайындамаларын сақтамау салдарынан терапияның нәтижесіздігіне әкеп соқтырады.

Және де медициналық орталықтардың заңға сай жабдықталмауы.Мына суретте науқастардың палаталарда емес, дәлізде жатқандарын көріп тұрмыз.Бұл науқастың денсаулығына деген екі есе қауіптілікті тудырады. Қазіргі заманға сай, ақылы медицина жағдайында, науқас дәрігерге көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне орай, оның қоятын талаптары мен қанағаттанбаушылықтарымен сипатталынады.  Және де бұл кезде дәрігер мен науқас арасындағы психологиялық қатынас өте күрделі де маңызды болады. Себебі, науқас дәрігердің кәсіптік білгерлігімен қатар, оның білімділік деңгейіне, адамгершілігіне, тұлғалық қасиеттеріне көз салып, өзіне қарай ұқыптылықты, қайырымдылықты, ілтипаттылықты қажетсінеді. Осы жайында ҚР Заң кодексінде мемлекеттің әр азаматының медициналық көмекті соның ішінде ақылы түрдегі көмектің алу негіздері жайында қорғалынған. Мәселен, 34-бапта былай делінген:

34-бап. Ақылы медициналық көмек алудың негiздерi мен тәртiбi

1. Ақылы медициналық қызметтердi мемлекеттiк және жеке денсаулық сақтау ұйымдары аурудың түрi мен медициналық және дәрiгерлiк қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес келгенде жеке медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар көрсетедi.

2. Ақылы қызметтiң түрлерi мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке адамдардағы көрнекi ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткiзiледi.

3. Ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң бағалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.

4. Азаматтарға ақылы қызмет көрсеткен кездегi есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргiзу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады.

5. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтiнiш жасаған кезден бастап ақылы медициналық көмектi уақтылы және сапалы көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

Сонымен медициналық қызметкерлердің өз жұмысын жоғары деңгейде орындауы – науқастардың талаптарын қанағат ететіні рас. Және де осыған байланысты, дәрігерлердің жақсы қарым-қатынаста болуы, тәжірибелік жұмыстарды жоғары деңгейде орындауға эмоциональдық тұрғыдан оң әсерін тигізеді.

 

Медициналық қызмет көрсетудің сапасына қанағаттанбаған, көңілі толмаған жағдайда, немесе медицина қызметкерлеріне басқаша шағымдары болса, жоғары сапалы медициналық қызметті талап етіп, жоғары тұрған денсаулық сақтау ұйымдарына Заңға сәйкес, осы талаптарды қарап, шешім қабылдауды сұрауға құқы бар.
Бұл процессті жүргізу үшін арнайы өңделіп, қарастырылған нормативтік базалар болады.Үндеу жекелік немесе ұжымдық болуы мүмкін және ауызша немесе жазбаша формада енгізіледі. Азаматтар үндеуді беру де басқа тұлғамен өкілеттеуге құқы бар. Жасы жетпеген немесе қабілеттілігі жоқ тұлғалар заңды өкілдерімен үндеуді бере алады. Үндеу лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға жіберіледі.

Азаматтар өтініштерін, шағымдарын, пікірлерін, сұраныстарын мемлекеттік тілде, халықаралық тілде, өз ана тілінде немесе басқа тілде де өзі сөйлей алатын бере алады. Жауап мемлекеттік немесе халықаралық тілде қайтарылады.

Осыған бір мысал келтіріп өтейін...


 
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Бұл Ержан атты азаматтың  министрге  жазған хаты !

«Менің баяндағым келіп отырғаны 21 қараша 2007 жылы туылған қызым Сабитова Томирис Ержанқызы 2009 жылдың 1 қаңтар күні ойнап жүріп абайсызда басынан жарақат алып жедел көмек шақырттық, қызымды  аудандық ауруханаға алып кетті , ол жерде бізге ешқандай көмек көрсетілген жоқ, анестизиолог, травматолог, ренаниматолог дәрігерлері атымен жоқ.Сол жерде бала дәрігері келіп біздерді дәріханаға дәрі-дәрмек алып келуге жұмсап жіберді, дәрі-дәрмекті аурухана өздері беру керек,біз оны дәріханадан сатып алдық.Біраз уақыттан соң  хирург келіп қызымның қайтыс болғанын естіртті. Ол жерде қызымды алып келгенде ауруды жатқызатын кушетка болмады ,мейірбике деген жоқ олардың орнында кіші мейірбикелер қызмет көрсетіп жүр және онымен қоймай бәрі бір-бірін жаңа жылмен құттықтап мәз болуда. Денсаулық сақтау департаментіне  хат жолданған болатынмын бірақ олар маған берген жауабында аудандық бас дәрігерге қатаң сөгіс берілді және қалғандары  ескерту алды деп жазылған, бірақ мен ол жауапқа қанағаттанбай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне хат жолдадым. Жауабында ауруханасының дәрігерлері мезгілінде дұрыс және жедел көмек көрсетпеген деп жазылған.Қызыма дұрыс медициналық көмек көрсетпегеніне сенімдімін.Мен қызымның дәрігерлердің дұрыс көмек көрсетпегенінен қайтыс болғанын дәлелдеу үшін қызымның мүрдесіне эгзгумация жасатуға әзір екенімді қатеріңізге беремін. Дәрігерлердің  жіберілген қателіктері үшін қатаң түрде шара қолдануыңызды сұраймын»

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ 

·              Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын iске асыруға қатысуын регламенттейдi. 

ҚР Заңымен 1-бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) денсаулық сақтау - халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған саяси, экономикалық, медициналық, әлеуметтiк және басқа да iс-шаралардың кешенi;

 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы,  көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) пациенттердiң құқықтарын қорғау - пациенттердiң медициналық сипатта көрсетiлетiн қызметтердi уақтылы, сапалы әрi қолжетiмдi түрде алуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар кешенi;

4)  пациент - көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке адам;

 

5)  тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын медициналық қызметтердiң бiрыңғай тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi;

      3-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:

         1) медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасы;

         2) мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшiн ортақ жауапкершiлiгi;

          3) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетудi қамтамасыз ету;

          4) денсаулық сақтау жүйесi қызметiндегi медициналық көмектiң профилактикалық бағыттылығы;

          5) сектораралық өзара iс-қимыл жасау;

         6) пациенттердiң құқықтарын қорғау негiзiнде жүргiзiледi. 

7) дәрігерлік қызмет - жоғары медициналық білімді, тиісті сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;

8) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заң аяғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;

9) медициналық қызметтер көрсету - профилактикалық, диагностикалық емдеу немесе оңалту бағыттылығы бар адамға қатысты іс-қимылы;

 

Осы заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында қазақстан республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

Қазіргі заманда, тұрғындардың әлеуметтік деңгейінің, өмір құндылықтарының өсуіне байланысты, халық тарапынан медициналық жәрдемнің сапасына және дәрігердің біліктілік қабілетіне жоғары талап қойылады. Медициналық жәрдемнің тиімділігі, сапасы және қажеттілігі, дәрігер мен мейірбикенің коммуникативті дағдыларына, өз міндеттерін жоғары деңгейде ұстануына тікелей қатысты. Дәрігердің жауапкершілікті әрбір науқасқа медициналық қызмет көрсету процесінде оны жеке тұлға ретінде сыйлап, жоғары коммуникативті компетентті болып іс жүргізгені абзал. 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

 

Әріптестер арасындағы жақсы қарым-қатынас олардың жұмыс жасайтын ұжымының жақсы белестерге, соның ішінде тікелей науқас қанағатына зор ықпалын тигізеді. Кейбір кәсіби ұжымдар өзінің қиндықтарын қызметпен байланыстырса, дәрігерлер өз қиындықтарын науқастарға жүктейтіні көрініс тауып жатады.Нәтижесі науқастың тағайындаған диагностикалық зерттеулерге сенімсіздікпен қарап, ем үрдісіне уайымдай бастауымен сипатталынады.  Ал бұл болса, науқас тарапынан емге деген немқұрайлы көзқарастың орнауының не болмаса, дәрігерге деген сенімсіздік  туындауының алғы да басты себептері екені анық. Сондықтан да дәрігерге қойылатын талаптардың бірі ретінде науқастармен қатынасу ерекшеліктерін ескере білуі қарастырылады. Оның егде адамдармен, бүлдіршіндермен, әңгіме ұштасуы орын алады. Бұндай жағдайда, дәрігер кәсіптік этиканы сақтай отырып, өз білімділігін көрсетіп, орнаған жайды қалыпқа келтіру мақсатында оған дерттің болжамы жайлы, терапияның маңыздылығы жайында толықтай ақпараттандыру арқылы, жанашырлығын білдіріп, науқастың  сенімін оятуы қажет. 

 

       Қолданылынған әдебиеттер:

 

1)  Денсаулық    сақтау   жүйесі   туралы 2003  жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ Қазақстан  Республикасының    Заңы

2)  Купреев Е.     « Дәрігер парызы»   1998ж.

3)  Сәуле Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы»     Алматы 1995ж.

4)  Г.А.Оразбекова, А.Н.Сексенали «Дәрігердің коммуникативтік дағдылары», Алматы-2009

5)  http://ru.wikipedia.org

6)  www.prav.ru

7)  Разалия  Ілешева «Медициналық психология» Алматы «Санат»    1994ж.


Категория: Медицина | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 5220 | Теги: Медициналық көмек беру сапасына нау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: