-->
Главная » Статьи » Медицина

Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды бағалау тәсілдері

                                            КІРІСПЕ

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі

 

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағндықтан, олар бір өздері  қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Және диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануыға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмы бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады.

Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады.  Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

 

 

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.

Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субьект ретінде саналады. Коммуникатор – ақпарат жіберуші адам. Коммуникант – ақпарат қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден, қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың әрекеттеріне тікелей байланысты.  Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.

 

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау

Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты.  Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін оның қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттігіне қарап бағалауға болады.

Ø    Қатынас кезінде дәрігер қолданатын вербальды және вербальды емес сұқпаттасу құралдарын қаншалықты жоғары дәрежеде қолдана алды?

Ø    Науқас адаммен қатынаста өзіне деген сенімділікті тудыра алдыма?

Ø    Жедел жағдайдағы науқастарды қабылдау кезінде, оларға жедел жағдайынан шығуға қанщалықты көмектесе алды.

Ø    Дәрігер созылмалы сырқаттармен дұрыс жұмыс жүргізе ала  ма?

Ø    Науқасқа, оның жақындарына қайғылы ақапартты жеткізуді жоғар деңгейде жүргізе алады ма және отбасына қаншалықты қолдау көрсете алады.

Ø    Өз әріптестерімен сыйластықпен қарап, жақсы қарым-қатынас орната алады ам?

Ø    Орат және кіші буынды медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болады ма?

Ø    Т.б.

Аталған сұрақтарға жауап дәрігердің бойындағы оболып табылса, дәрігеркоммуникативті дағдыларды өте жоғары деңгейде жүргізе алады деген сөз.

 

                          Қорытынды

Қорыта келгенде, дәрігердің коммуникативтік дағдыларды жоғары деңгейде жүргізе алуы, оның жұмысының нәтижелі болуына оң әсерін тигізеді және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатуына ықпалын  тигізеді. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін дәргердің қарым-қатынасқа түсе алу деңгейін бақылау арқылы бағалауға болады.

 

                            Қолданылған әдебиеттер

 

1.   http://ru.wikipedia.org

2.   www.med.ru

3.    www.prav.ru

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 14842 | Комментарии: 2 | Теги: Дәрігердің әріптестерімен коммуника | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Казына   (30.10.2014 13:06)
Как можно скачать эту тему?

1 Казына   (30.10.2014 13:04)
Как можно скачать эту работу???


Имя *:
Email:
Код *: