-->
Главная » Статьи » Медицина

Дәрігердің коммуникативті компетенттіліксізділігіне құқықты жауаптылығы (науқас шағымы)

Ж О С П А Р

      

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

    1. Дәрігердің коммуникативті компетенттіліксізділігіне құқықты жауаптылығы

  2. Науқас арыздары

  3. Науқастардың көрсетілетін медициналық көмекке қанағаттанбау мәселесі.

   4. Дәрігердің жауапкершілігі мен ем жүргізу ұйымдарын сақтандыру.

 

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Дәрігер – аса жоғарғы жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Дәрігердің сыпайылығы, шынайылығы, адалдығы, әділеттілігі, жанкештілігі, сонымен қатар коммуникативті компетенттілігінің жоғары дәрежеде болуы көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсерін тигізеді. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі  профессиональді маңызды қасиет. Дәрігер мамандығы әр түрлі дәрежеде, интенсивті және ұзақ қатынаста жүруімен сипатталады: науқастармен, олардың туысқандарымен, медициналық персоналмен, медициналық қызметкерлермен және санитардан бастап бас дәрігерге дейін, медициналық кеңселердің жетекшілерімен қарым-қатынасқа түседі. Дәрігер мінез-құлығы, адамгершілік дәрежесі түрлі деңгейдегі науқастармен жұмыс жасап, қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр бір дәрігердің жоғары коммуникативті компетентті болуы шарт. Ал керісінше жағдайда, дәрігер ем жүргізу процессінде, науқастармен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай жетістіктерге жете алмайды. Керісінше, науқастардың әртүрлі шағымдарына, арыз беру жағдайларына тап болуы мүмкін.

     

Дәрігердің коммуникативті компетенттіліксіздігіне  құқықты жауаптылығы

 

     Медициналық клиникалар арасындағы жоғары бәсекелестік, олардың жұмыс сапасын ғана арттырмай, олардың өздерінің науқастары алдында аса иілгіштік қызмет көрсетуіне мәжбүрлейді. Кейінгі кездері байқалып жүргендей науқас үшін күрес, жеке кәсіптік емес клиникалар арасында да кездеседі. Осыған орай медицинада білімнің жоғары болуы маңызды болды. Өзінің  денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты үрей туғызу әркімге де болады. Мүмкін сол себептен де болар кейбіреулердің өз денсаулығының әбден нашарлап, мүшкіл халге түскенше өзінің ауруының салдарын білмейді. Білікті дәрігер үшін адамзат денсаулығы, оның ішкі құрылысы бірегей бір космос әлемі секілді, оған неғұрлым тереңдеген сайын, ол шексіз ғылым болып кете береді. Кейбір жағдайда кездесіп жататындай науқастар медицина қызметкерлерін дауға ұрындырып жатады. Сол себепті де медицина қызметімен байланысатын істер үрейлі, даудамайдың ортасы болып саналады, мұндай қызметтік келіспеушіліктен шығатын жол, ол тек дұрыс мағлұмат беру және өзіңді сабырлы ұстау. Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, тура айтылған ақпарат – ол даусыз ақпарат болып саналады. Мұндай тура ақпараттар сандар, мерзімдер, атаулар, атақ-шендер, түсіндірілген процестер болуы мүмкін. Медицина қызметкері керекті ақпараттарды нақты және толық жеткізе білуі өте маңызды. Мысалы:  «Сіздің емханаңыз қандай жағдайларда кепілдік бере алады?» - «Зерттеулерге байланысты мұндай жауаптарғаипациенттердің 82% толық мағлұмат алғанын жеткізген».   «Біздегі дәрігерлер ең жоғары білімді дәрігерлер», «бізде ең жаңа ақпараттық жабдықтау» деген дәлелді сөздердің неге толық мағлұмат болмайтыны енді белгілі болғандай. Негізінен оның бәрі олай емес. Егер жанжал болған жағдайда мәнін өзгертсе, онда басқыншылық тек оның басталуы. Жарқын  көңіл күй бойыңа ерекше күш жігер дарытады, жұмысқа деген зейінің де арта түседі.  Ал қашанда мазасы қашқан, бірденеге ылғи ашулы кейіппен жүргендер, ондай жағдайда аяқ астынан жанжалға тап болуы мүмкін. Тек қана ашық, жайдарлы көңіл күймен кім кіммен де жайлы қарым қатынас тудыруға болады. Көтеріңкі көңіл күй болған жағдайда клиника қызметкерлері пациенттердің емделу жағдайына толықтай кепіл береді.

                      Науқас арыздары.

 

       Көптеген жағдайларда дәрігердің комуникативті компотенттіліксіздігіне байланысты науқастың арыздары болып жатады. Бұл жағдайларда науқастың денсаулығына зиян тиуі әсерінен дәрігерге сот арқылы арыз беруі мүмкін.Әрине, бұл дәрігердің беделдігін төмендетеді.

Науқас шағым айтпастан бұрын ода нақты дәлелдемелер болуы керек. Оларға науқас денсаулығына және өміріне тиген кері әсерлерін , кері әсерін тигізетін заттардың қарсы көрсеткіштерін дәлелдеуі керек. Науқас өзінің бұл жерде кінәсіздігін толығымен дәлелдеуі керек. Егер бұл жағдайлар толығымен орындалса, науқастың арызы қабылданып , іс сот арқылы шешіледі. Сот төресі экспертизаларды және зерттеулерді қолдана алады.

       Науқастардың арыздарына мысал болатын жағдайлар :

Жүкті әйел 6-8 аптасында ношпаны қабылдаған. Сол себепті, әйел босанғаннан кейін баласының денсаулығы біршама нашарлаған. Но-шпаны жүктіліктің 1/3 бөлігіндегі кезенінде қабылдауға тиым салынған. Но-шпаны бұл кезде қабылдау жүкті әйелдің денсаулығына және болашақ балаға көптеген зиян келтіреді. Бұл кезде поликлиниканың қызметкерлері мен науқас арасына сот араласқан. Медициналық орталыққа жала жабылып , медициналық қызметкерлерді сотқа берген. Бұндай жағдайларда науқасты  қорғайтын адам көптеген мәселелерді дәлелдеуі керек. Мысалы, науқастың қолында оның денсаулығына зиян келгені туралы медициналық қойылым болуы керек және науқастың  денсаулығының нашарлауы нақты но – шпаның әсерінен болғанын дәлелдеу керек.

Тағы бір мысал , науқас ішінің ауыратыны туралы емдеу мекемесіне арыз берген болатын . Бұл арызды емдеу орталығы қабылдамаған еді. Сол себепті кейін науқастың жағдайы нашарлап , жедел жәрдеммен аппендицит диагнозымен ауруханаға түскен болатын. Соның есебінен , науқастың денсаулығы операциядан кейін , дәл уақытта көмек көрсетілмегендіктен науқастың денсаулығы нашарлаған. 5 жыл бойы науқас пен дәрігердің арасында сот жүргізілген. Нәтижесінде жас науқасқа поликлиника 2 мың руб. медикаменттерге ,12 мың руб. ай сайын өмір бойы төлеуге мәжбүр болған .

      Дәрігерді науқастың арыз беруінен сақтандыру мүмкін бе?

 

      Әр бір дәрігердің негізгі мақсаты-«зиян келтірмеу».

Бірақ қателесуден ешкім сақтандырылмаған.Осы қателіктердің бір бөлігінен сақтандыру мүмкін,негізінен науқастың денсаулығына зиян  тигізу нәтижесінде науқасқа келтірілген зиянды  компенсациялайды.

 

   «Азаматтарды медициналық сақтандыру» заңына сәйкес азаматтар медициналық ұйымдар келтірген зиянды толтыртуға арыз беруге құқықты.

Заң бойынша бұл жағдайда төмендегілер компенсацияланады:

1.     Қайтыс болған адамның мұрагерінің шығындары.

2.     Дәрігерлік дұрыс емес емдеу процесі нәтижесінде науқастың денсаулығының төмендеуі арқылы еңбек қабілетінен түгел айрылуы немесе оны белгілі бір мөлшерде жоғалтуы салдарынан еңбек ақысынан айрылуы жағдайында ол науқасқа сол еңбек ақыны компенсациялау.

3.     Дәрігерлік іс-әрекет нәтижесінде келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруге қажет шығындар.

-амбулаториялық немесе стационарлық қосымша ем курсы.

-санаториялық-курорттық ем.

      Сақтандыру компаниясы сақтандырған медициналық мекемені немесе жеке үйренуші (практикующий) дәрігерге жәбірленушінің денсаулығына зиянды азайту үшін жұмсаған қажетті және мақсатты шығындарды өтейді.

 

Науқастардың көрсетілетін медициналық       көмекке қанағаттанбау мәселесі.

 

       Науқастың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттануын бағалау мақсатында мынадай критериялар есепке алынады: қоршаған ортаның табиғаты, қауіпсізділік, инфраструктураның дамуы, қоғамдық көмек.

« Қанағаттану» ұғымы – науқастың қанағаттанған жағдайының күткен нәтижесіне сәйкес немесе одан асып түсіп, науқасты қуанышқа бөлеуі. Медициналық көмекке науқастың қанағаттануы оның сапасына тікелей тәуелді.Әрбір мемлекетте көрсетілетін медициналық көмектің сапасына өзіндік талаптары болады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының штаб-бөлімінде қызмет атқаратын бір топ қызметкерлердің пікірінше, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, халықтың күтетін нәтижелеріне сәйкес денсаулық жағдайын жақсартуға қойылған мақсатқа жету болып табылады. Медициналық көмектің сапасын қозғайтын сұрақтар шексіз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек сапасын бағалау мақсатында үш аспектіні негізге алып отыр: құрылым сапасы ( құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі ), үрдіс сапасы (технологиялық ережелерді сақтау), күтетін нәтижелердің сапасы. Науқастардың қандай да бір жағдайда қандай көмек алу керек екені жөніндегі білімі- өмірлік тәжірибе нәтижесінде, медициналық теметикаға қызығушылық білдіргенде, медициналық қызметкерлермен сұқбаттасу барысында, басынан сырқаттарды өткізгенде, медициналық көмекті қабылдауға итермелеген себептерге сәйкес негізделеді. Медициналық қызметкерлерге қанағаттану дәрежесі мен науқастың білім деңгейі мен денсаулық жағдайының арасында байланыс бар екені анықталды. Медициналық көмекке қанағаттанатын науқастар тобына, жоғарғы және аяқталмаған жоғары білімі бар, денсаулық жағдайын төмен бағалайтын науқастар жатады. Медициналық қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болу, науқастың медициналық көмекпен қанағаттануына өте қатты әсер етеді. Қанағаттану деңгейін бағалау мақсатында түрлі әдістер қолданылады. Науқастарға анкета жүргізу арқылы, материалдық- техникалық құралдармен жабдықталуын, медициналық көмектің жеткіліктілігін, дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін, медициналық қызметкерлерінің сыпайылығын бағалауға болады.

      Науқастардың медициналық көмекке қанағаттанбауының себептерін екіге бөліп қарауға болады.

      Бірінші себебі тікелей денсаулық сақтау орталығына байланысты: ұйымдастыру жағдайына көңіл толмау, медициналық қызметкерлердің этика мен деонтологияны бұзуы, емдеу және зерттеу әдістерінің бұзылуы, тәжірибелік дағдылардың болмауы, қалыпқа сәйкес келмейтін материалды- техникалық база.

      Екінші себеп, науқастың ікелей өзіне байланысты: себепсіз, орынсыз медициналық қызметкерлерге талабы, дәрігер тағайындамаларын сақтамау.

 

Дәрігердің жауапкершілігі мен ем жүргізу ұйымдарын сақтандыру.

 

     Дәрігердің мамандық жауапкершілігін сақтандыру мына жағдайларда іске асырылады, егер ойламаған жерден науқас денсаулығына және өміріне зиян келтірген жағдайларда.Сақтандыру медициналық ұйым тарапынан келісілген және бекітілген болуы мүмкін,тағы да жеке дәрігер мен сақтандыру келісімі жасалған болуы мүмкін.

Келісім бойынша медициналық ұйымның барлық дәрігерлері сақтандырылуы немесе ұйымның бір бөлігі сақтандырылуы мүмкін(мысалы,барлық хирургтер).

Сақтандыру қорғайды.

-Сырқатқа қате диагноз қоюда.

-Дұрыс емес кеңес беру және ем жүргізуде.

-Рецепт тағайындаудағы қателіктер.

-Хирургиялық операциялардағы қателіктер.

 

      Сақтандыру жағдайында сақтандыру компаниясы төменде көрсетілгендерді қамтамасыз етуі мүмкін:

-Жәбірленуші денсаулығына зиян келуі еңбекке қабілетсіздігі арқасында айрылған еңбек ақысын қайтару.

-Денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды (құнарлы тамаққа,санаториялық курорттарға,емге,протездеуге,жолақылық шығындарға,ақылы медициналық қызметтерге) т.с.с.

            Болашақ дәрігер медициналық оқу орнына түскен алғашқы күннен бастап, олар жоғарыда келтірілгендей қолайсыз жағдайларға түсіп қалмауы үшін білім деңгейі өте күшті,коммуникативті компетентті болуға тырысулары керек. Ал науқасқа дұрыс емес диагноз қойып, дұрыс емес ем тағайындап,онымен жеке тұлға ретінде адамгершілік құндылықтарын есепке алмай,инабаттылық көрсетпеу жағдайларында әрине науқас ол дәрігер үстінен арыз беруі әбден мүмкін. Бұл жағдайлардың барлығы, ол дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің төмен болуының арқасында екені сөзсіз.

 

  

                                    Қорытынды.

Қорытындылай келе, әрбір дәрігер жауапкершілікті, әр бір науқасқа медиициналық қызмет көрсету процесінде оны жеке тұлға ретінде сыйлап, жоғары коммуникативті компетенттілігін жоғары дәрежеде пайдалана біліп, іс жүргіссе, ол дәрігердің атына еш уақытта арыз жазылмайды. Егер науқас өзінің ем жүргізетін дәрігеріне сенсе, ол дәрігер тағайындауларын бұлжытпай орындайды, қажетті диагностикалық және терапиялық  шаралардың бәрінен өтеді. Егер психологиялық байланыс болмаған жағдайда науқас дәрігер тағайындауларын орындамауы мүмкін және басқа дәрігерден немесе өзінің таныстарынан көмек сұрауы сондай-ақ өзін-өзі емдеумен айналысуы да әбден мүмкін. Дәрігер өзінің компетентілік деңгейін білуі шарт!

     

                 Қолданылынған әдебиеттер

 

  1. Рогов Е.И. «Психологиялық қарым - қатынас», Гуманитарлы  өндіріс орталығы «Валос», Москва, 2004 ж.

 2.   Источник  Юлдашев Р.Т. Введение в продажу страхования.1999 г.

3.  Разалия  Ілешева «Медициналық психология» Алматы «Санат»    1994ж.

4.  Фишер Р.Д. «Подготовка к переговорам» 1996 г.

5.   Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» Алматы – 1967ж.

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (15.11.2013)
Просмотров: 4339 | Теги: Дәрігердің коммуникативті компетент | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: