-->
Главная » Статьи » Медицина

Дәнекер тіні туралы тест сұрақтары

Мүшелердің стромасы, тері дермасы мен қаңқасы қайдан түзіледі?

          а) дәнекер тіні

          ә) меншікті дәнекер тіні

          б) цитоплазма

          в) гиалинді, шеміршек

          г) қан плазмасы

2. Мезенхимадан дамыған, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын тін:

          а) эпителий тіні

          ә) дәнекер тіні

          б) борпылдақ дәнекер тіні

          в) меншікті тін

          г) ретикулярлы тін

3. Адам денесі массасының қанша бөлігі дәнекер тінінен тұрады?

         а) үштен бірі

         ә) 25 пайызы

         б) 50 пайыздан астамы

         в) төрттен бір бөлігі

         г) барлық бөлігі

4. Дәнекер тінінің трофикалық қызметін атқарудағы ең маңызды құрылымы қандай?

         а) жасушалары

         ә) ядросы

         б) фибробласттары

         в) жасуша аралық заты

         г) базофильдері

5. Бұл қызметі тіршілік ету жағдайларға байланысты, адаптация процесіне қатысып, мүшелердің дефектісін жояды.  Қай қызметі?

         а) биомеханикалық қызмет

         ә) морфологиялық қызметі

         б) трофикалық қызметі

         в) қорғаныс қызметі

         г) пластикалық қызметі

6. Дәнекер тіндерінің гистогенезі қандай топтарға бөлінеді?

         а) эмбриональды және постэмбриональды

         ә) меншікті және борпылдақ

         б) базофильді және адвентициальды

         в) эмбриональды және меншікті

         г) гиалинді және эластинді

7. Дәнекер тінінің қай жасушасы жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды, пртеогликандарды, гликопротеиндерді синтездейді?

         а) фиброциттер

         ә) фибробласттар

         б) фиброкласттар

         в) макрофагтар

         г) тін базофильдері

8. Пісіп жетілген фибробласттардың диаметрі қаншаға тең?

          а) d = 20-25 мкм

          ә) d = 5-6 нм

          б) d = 40-50 мкм

          в) d = 0.3-1мкм

          г) d = 7-10 мкм

9. Дәнекер тінінің қай жасушасы ағзада трофикалық энергия қоры болып табылады?

          а) плазмоциттер

          ә) макрофагтар

          б) фиброкласттар

          в) адипоциттер

          г) фиброциттер

10. Дәнекер тінінің ең негізгі жасушалары:

          а) фиброциттер

          ә) фибробласттар

          б) макрофагтар

          в) плазмоциттер

          г) берілгендердің барлығы

11. Дәнекер тінінің аралық заты неден құралған?

          а) коллаген, эластин талшықтары және негізгі заттан

          ә) проколлаген, негізгі зат, ядродан

          б) микрофибрилла, эластин талшықтарынан

          в) қан плазмасы және негізгі заттан

     г) ретикулярлы және преколлаген талшықтарынан

1 a 2 ә 3 б 4 в 5 г 6 а 7 ә 8б 9 в 10 г 11 а 

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 1880 | Комментарии: 2 | Теги: тері дермасы, Дәнекер тінінің ең негізгі жасушала | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 zhazira   (10.03.2016 21:58)
test

1 zhazira   (10.03.2016 21:57)
test


Имя *:
Email:
Код *: