-->
Главная » Статьи » Медицина

Қант диабеті реферат

Жоспар:

 

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

·        Қант диабетіне түсініктеме.

·        Этиология. Патогенезі.

·        Клиникалық көріністері. Балалардағы ерекшеліктері.

·        Қауіпті асқынулар - гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.

·        Емдеу принципі.  Диабетпен ауыратындардың диетасы.

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер.

Қант диабеті  — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

 

 БДҰ жіктеуі 1981ж бойынша қант диабетін 2 түрге бөлген:

 

1.     Инсулинге тәуелді І түрі – 25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды.  Ол сырқат адамның қатты арып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамып, адамның өлуіне әкеледі.

2.     Инсулинге тәуелсіз ІІ түрі  - ұлғайған адамдарда кездесетін және инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен  дамиды (70%). Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және кетоацидоз дамымайды.

 

        Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.

БДҰ-ның мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни  миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.

 

Этиологиясы

      Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Сонымен қатар қант диабетінің дамуы – акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы көрініс ретінде байқалады. Бұл кездерде инсулинге қарсы гормондардың артық өндірілуінен, ұйқы безінің бета-жасушаларының тұқым қуалайтын пайдаланылмаған мүмкіншіліктері шектелген адамдарда, инсулиннің жеткіліксіздігі тез дамуы ықтимал.

·        Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.

·        Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б.

·        Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.

·        Стресстік ситуациялар.

 

Патогенезі

     Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Гипергликемия дамиды. Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген. Қалыпты жағдайда гексокиназа және глюкокиназа глюкозаны фосфорлайды: глюкоза + АТФ = глюкоза -6- фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза тотығу тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген  ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны пайдалануы бұзылады.

    Инсулиннің жеткіліксіздігі гликогенсинтетаза ферментінің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан бауырда, бұлшықеттерде, қантты диабет кезінде глюкозадан гликогеннің түзілуі азаяды да, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Бұл кезде глюкозаның пентоздық – фосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды.  Сондықтан рибоза мен НАДФ.Н2 коферменті құрылуы азаяды. Ал бұлар нуклеин және май қышқылдары түзілуіне қажет.

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері

·        үнемі сусап тұру

·        кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.

·        үнемі шаршаулы сезіну,

·        қол-аяқтың үйып, жансыздануы

·        үнемі қарын аштығынан арылмау

·        салмақ азаюы

Өршіп бара жатқан диабет белгілері

·        терінің қышуы

·        көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)

·        жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы

·        аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.

·        естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:

·        Полидипсия-шөлдеу.

·        Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.

·        Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.

·        Науқас  тамақты жақсы ішкенімен азады.

·        Науқастың  терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:

·        Ауру қатты екпінді басталады.

·        Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.

·        Асқынуға бейімді.

 

Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.

 

Гипергликемиялық кома

Себептері:

1. Инсулин дозасының кем болуы.

2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.

Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.

      Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.

Жедел жәрдем:

·        Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.

·        Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.

·        4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.

·        Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

·        3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

·        Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

 

Гипогликемиялық кома.

 

Себептері:

1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.

2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.

    Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

Жедел жәрдем.

·        Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

·        Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

·        Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

·        Дымқылданған оттегі беріледі.

·        Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

 

       Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны.

         Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. Міндетті түрде эндокринолог маманның қарауы қажет.

40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор. 

Категория: Медицина | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 19973 | Теги: Қант диабеті сож, Қант диабеті реферат | Рейтинг: 3.8/12
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: