-->
Главная » Статьи » Медицина

Қан тақырыбы туралы тест сұрақтары(жауабымен)

Қан тамырларының ішінде болатын ағзадағы сұйық тін қалай аталады?

          а) қан

          ә) эритроцит

          б) цитоплазма

          в) гормон

          г) қан плазмасы

2. Қанның формальды элементтеріне не жатады?

          а) альбумин, глобулин, фибриноген

          ә) эритроцит, лейкоцит, тромбоцит

          б) қан плазмасы, қан пластинкасы

          в) гемоглобин, белок

          г) микросфероциттер, ретикулоциттер, нормоциттер

3. Оттегін өкпеден мүшелерге, ал көмірқышқыл газын мөшелерден өкпеге тасымалдау қанның қай қызметі?

         а) тасымалдау қызметі

         ә) экссекреторлы

         б) тынысалуға қатысу қызметі

         в) қорғаныштық қызметі

         г) реттеушілік қызметі

4. Қан құрамындағы қан плазмасының  рН-ы қанша?

         а) 7,56

         ә) 7,46

         б) 7,26

         в) 7,36

         г) 7,06

5. Құрамында күрделі белок және гемоглобин болатын қан түйіршіктері?

         а) лейкоциттер

         ә) қан плазмасы

         б) тромбоциттер

         в) қан пластинкасы

         г) эритроциттер

6. Эритроциттердің пішінінің өзгеруін қалай атаймыз?

         а) пойкилоцит

         ә) нормоцит

         б) дискоцит

         в) эритропения

         г) ретикулоцит

7. «Донор» деп аталатын, құрамында α мен β агглютининдері болатын қанның қай тобы?

         а) ІІ-тобы

         ә) І-тобы

         б) ІІІ-тобы

         в) ІV-тобы

8. Қанның ең ірі жасушасы – мегакариоциттерінен дамыған, ядросыз фрагменттер:

          а) эритроциттер

          ә) лейкоциттер

          б) тромбоциттер

          в) лимфоциттер

          г) моноциттер

9. Қан пластинкасының (тромбоциттердің) қандағы қызметі:

          а) секрет бөледі

          ә) лимфоцит қызметін реттейді

          б) жылулықты ұстап тұрады

          в) қанды ұйытуға қатысады

          г) тасымалдау

10. Тромбоциттердің өмір тіршілігі қанша тәулікке созылады?

          а) 120 тәулік

          ә) бірнеше аптадан бірнеше жылға созылады

          б) 5-9 тәулік

          в) 10-15 тәулік

          г) 9-10 тәулік

11. «Тромбоцитопения» дегеніміз не?

          а) қанда тромбоцит санының азаюы

          ә) тромбоцит санының қалыпты жағдайда болуы

          б) тромбоцит санының көбеюі

          в) қан тамырларының жарылуы

     г) тромбоциттердің агрегатциялануы

12. Лейкоциттердің адам қанындағы орташа саны:

          а) 3,9-5,5 х 10  л

          ә) 4-9 * 10  л

          б) 3,7-4,9 х 10  л

          в) 2-3 * 10  л

          г) 4,5-9,5 * 10  л

13. Морфологиялық ерекшеліктеріне және биологиялық маңызына қарай лейкоциттер қандай топтарға жіктеледі?

          а) моноциттер және лимфациттер

     ә) нормоциттер және ретикулоциттер

     б) гранулоциттер және агранулоциттер

     в) эозинофильді және нейтрофильді

     г) арнайы және азурофильді

14. «Ұзақ тіршілік ететін» жасушалар тобына лимфоциттердің қай түрі жатады?

          а) В-лимфоциттер

     ә) кіші лимфоциттер

     б) А-лимфоциттер

     в) Т-лимфоциттер

     г) орташа лимфоциттер

15. Қанның гемограммасы деген не?

          а) лейкоцитарлық формула

     ә) қан жасушаларының түзілуі

     б) қанның тобын білдіреді

     в) түйіршіктердің саны

     г) қан жасушаларының тұрақты саны

  1 a 2 ә 3 б 4 в 5 г 6 а 7 ә 8б 9 в 10 г 11 а 12ә 13 б 14 в 15 г



Источник: http://Қанның гемограммасы деген не?, ұрамында күрделі белок және гемоглобин болатын қан түйіршіктері?
Категория: Медицина | Добавил: admin_ (09.11.2013)
Просмотров: 7405 | Теги: Қан тақырыбы туралы тест сұрақтары( | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: