Главная » Статьи » Медицина

В категории материалов: 33
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Жат заттар түскен кездегі алғашқы көмек

 

 

Жат заттар терінің астына түскен кездегі

алғашқы көмек

 

175. Жат зат терінің (немесе тырнақтың) астына түскен кезде оны оңай және толық алып тастауға сенімді болған кезде ғана жасауға болады. Қандай да бір қиындық туған кезде дәрігерге көрінген жөн. Жат затты теріден алып тастағаннан кейін жарақаттанған орынға йод тұнбасын жағып, таңғыш тағылады.


Медицина | Просмотров: 1283 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

 

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.


Медицина | Просмотров: 36120 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (2)

Үсіген кездегі алғашқы көмек

 

147. Төмен температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.


Медицина | Просмотров: 4523 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Күйіп қалған кездегі алғашқы көмек

 

 

Жалпы мәліметтер

 

124. Оттың, будың, ыстық заттар мен бұйымдардың, химиялық қышқылдар мен сілтілердің және электр тоғының немесе электр доғасының электрлік әсерінен болатын термиялық күйіктер болады.

125. Терең болуы бойынша барлық күйіктер: бірінші – терінің қызаруы мен ісінуі; екінші – сулы күлдіреуі; үшінші – терінің үстіңгі және астыңғы қабаты жансыздануы; төртінші – терінің қабынуы, бұлшық еттердің, сіңірлер мен сүйектердің зақымдануы болып төрт деңгейге бөлінеді.


Медицина | Просмотров: 8901 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Қан кету кезіндегі алғашқы көмек

 

 

Қан кетулердің түрлері

 

103. Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады.Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:

капиллярлық – сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;

күре тамырлық – терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;

артериялық – терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;

аралас – жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.


Медицина | Просмотров: 32493 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (1)

Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

 

97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;


Медицина | Просмотров: 2324 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Жүрек сыртына массаж жасау

 

87. Зардап шегушінің тек тыныс алуы ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету кезінде бір ғана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.

88. Адамның жүрегі көкірек қуысы мен омыртқа жотасы арасында орналасқан. Төс сүйек – жылжымалы жалпақ сүйек. Адам арқасында (қатты заттың үстінде) жатқан кезде омыртқа қатты жылжымайтын негіз болып табылады. Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Егер төс сүйекті соққы түріндегі қимылдармен басса, қан жүрек қуысынан оның қалыпты жұмысы кезіндегідей шығады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.


Медицина | Просмотров: 9028 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Жасанды дем алдыру

 

73. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.

74. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тәсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылығы анықталған. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.


Медицина | Просмотров: 9286 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

 

 

Электр тогының әсерінен босату

 

40. Электр тогымен зақымданған жағдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.

41. Қысыммен жұмыс істейтін ток бөлу бөліктеріне жанасу көп жағдайда бұлшық еттердің еріксіз тартылуына және жалпы қозуына әкеледі, бұл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бұзылуына және тіпті толығымен тоқтауына әкелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты ұстап тұрған болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алғашқы көмек ретінде электр қондырғының зардап шегуші ұстаған бөлігін дереу сөндір. Сөндіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.


Медицина | Просмотров: 12697 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек

 

7. Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.

Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.

8. Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.


Медицина | Просмотров: 2490 | Добавил: admin_ | Дата: 13.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-33