Главная » Статьи » Медицина |
В категории материалов: 33 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 4 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Вегетативтік жүйке жүйесі Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды. |
Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары. Ұйқы безі (pancreas) қарынның астыңғы жағында ұйқы безінің салмағы 70 – 80г, ұзындығы – 20см, ол бас (caput) дене (corpus) және құйрық (cauda) бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен толаққа жетеді. 2.2 Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы |
Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері. |
І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. · Қант диабетіне түсініктеме. · Этиология. Патогенезі. · Клиникалық көріністері. Балалардағы ерекшеліктері. · Қауіпті асқынулар - гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. · Емдеу принципі. Диабетпен ауыратындардың диетасы. ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер. |
Сынықтар Барлық хирургиялық аурулардың арасында сынықтардың алар орны өте жоғары. Сондықтан да олар травматологиялық науқастардың 39-50% құрайды. Жарақаттың бұл түрінің алдын алу мен емдеу қазіргі заманғы травматологияның кезек күттірмес міндеттерінің бірі. Әрбір хирургтің травмотология негіздерін терең зеріттеп, игере білуін күнделікті тәжірибеде көз жеткізуге болады. Теориялық және практикалық білімсіз хирург бұл салада түрлі жарақаттарды толық емдей алмайды, сонымен қатар әскери және бейбітшілік уақытындағы сынақтарды да анықтап, алғашқы көмек көрсету оңай емес. Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші күштің ықпалынан болған сүйек тұтастығының бұзылуы мен жұмсақ тіндердің зақымдалуы жатады. Сынықтардың жіктелуі. Сынықтардың бірнеше жіктелулері белгілі. Сынықтар себептері мен пайда болу жолдарына байланысты іштен туа және жүре пайда болғандар болып екіге бөлінеді. |
Буын шығуы Буын шығуы – деп сүйек эпифиздерінің өз орнынан толық тайып кетуін айтамыз. Кейде буынның жартылай шығуын да (подвывих) байқауға болады. Буынның орнынан толық шығуы, - деп екі сүйектің буын басының орнынан шығуын айтады. Омыртқа сүйегінде жоғарғы омыртқаның орнынан таюын шығу, - деп атайды. Даму себептері бойынша шығу – туа біткен, жүре қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Соңғысы өз алдына: 1) жарақаттан соң дамыған шығу; уақытымен – 3 күнге дейін, кешеуілдегенде - 3 аптаға дейін, кешіккенде –3 аптадан жоғары немесе әдетке айналған шығу қалыптасады; 2) патологиялық үрдістерден кейін дамитын шығу; Буын шығуы сүйек сынығына қарағанда 18-20 есе сирек кездеседі. Жарақаттан алған шығу орналасуы бойынша әртүрлі болады. Иық шығуы - 40-50%, шынтақ шығуы - 8,5-27,2%, ұршық шығуы - 8-9%, саусақ шығуы - 7-8%; бақайлар шығуы - 5-6% кездеседі. Қолдың буындарында шығу 7-8 есе аяққа қарағанда жиі байқалады. Дене буындарының шығуы Ленинградтың жарақаттану және ортопедия ғылыми зеріттеу институтының (ЛИТО) мәліметі бойынша 5,8-8,7% кездеседі. Шығудың жиілігі мен шыққан сүйектің қозғалыс бағыты буынның анатомиялық құрылысына және әсер етуші күшке байланысты қалыптасады. Бұл жағдайларды - шыққан буынды орнына салып, түсіру кезінде естен шығармау керек. |
Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау
211. Жазатайым оқиға болған кезде зардап шегушіге дереу алғашқы көмек көрсетумен қатар, оны тез арада және дұрыс жақын орналасқан емдік мекемеге жеткізу қажет.Зардап шеккенді көтеріп апару мен тасымалдау ережелерін бұзу оның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін. 212. Зардап шегушіні көтеру, көтеріп апару және тасымалдау кезінде оның ыңғайлы қалыпта болуын және оны селкілдетпеуді бақылау қажет. Қолмен көтеріп апару кезінде көмек көрсетушілер адымдап жүрмейді. Зардап шегушіні зембілге көтеріп салуды келісе отырып, команда бойынша жүргізеді. Зардап шегушіні оның ауырмайтын жағынан көтеріп, көмек көрсетушілер бір тізелерінде тұрып, қолдарын басының, арқасының, аяғының және бөксесінің астына салу кезінде қолдары зардап шегушінің екінші жағынан көрінетіндей болады. Зардап шегушіні зембілге салу кезінде оны орнынан көтермей, оны жерден сәл көтеріп, екінші біреу зембілді астына салған дұрыс болады. Бұл әсіресе сынған жағдайда маңызды болып табылады. Мұндай жағдайларда біреу сынған жерді ұстап тұрады. |
Шағу кезіндегі алғашқы көмек
Жылан мен улы жәндіктердің шағулары
204. Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады. 205. Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі. 206. Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды – денеге, аяқты – екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады. |
Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек
186. Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі негізгі талап – ойланып, салмақты және абайлап әрекет ету. Біріншіден, батып бара жатқанды көрген кезде тез арада жағдайды саралау. 187. Барлық жағдайда батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді. 188. Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Құтқаратын затты лақтыру кезінде батып бара жатқанға тимейтіндей қылып лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады. |
Есінен талу, жылу мен күн өткен және улану кезіндегі алғашқы көмек
179. Есінен талу кезінде (бастың айналуына, жүректің айнуына, өкпесі қысылғанда, ауа жетпегенде, көзі қарауытқан кезде) есінен тану кезінде кенеттен мидан қан кететін болғандықтан зардап шегушінің басын денесіне қарағанда төмендеу қылып жатқызады. Зардап шегушінің киімін шешіп, оған суық су ішкізіп, мұсатыр спиртін иіскетеді. Басына суық және мұзды таңғыштар қойылмайды. Беті мен кеудесін суық сумен сулауға болады. Осы әрекеттерді зардап шегуші есінен танғаннан кейінде жасауға болады. |