-->
Главная » Статьи » Разные

Көшет отырғызу технологиясы
Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер. Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3.10.-сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар. Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2.10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2-қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады. Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған. Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады . Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 10000/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы); b – қатар аралығы, м; l - өсімдіктер аралығы, м. Көшет отырғызғыш машинаның бір жұмысшы жүрісіне қажетті су мөлшерін мына формуламен есептеп шығарады: , л мұндағы: Q – машинаның бір жұмысшы жүрісі үшін қажетті су мөлшері, л; n – машинадағы отырғызғыш секция саны; l - бір жұмысшы жүріс ұзындығы, м; q1 – бір көшетке керекті су мөлшері (0,4-0,7) л; l1 - өсімдік аралығы, м. Машинаның бір жұмысшы жүрісіне керекті көшет санын мына формуламен есептейді: K1=l·n/l1, мұндағы: К1 – бір жұмысшы жүрісте отырғызылатын көшет саны; l1, n және l - жоғарыда көрсетілген шамаларды білдіреді.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 5234 | Комментарии: 1 | Теги: Көшет отырғызу технологиясы | Рейтинг: 2.5/4
Всего комментариев: 1
1 назерке   (16.05.2016 14:15)
тагы малиметтер барма осы такырып бойынша


Имя *:
Email:
Код *: