-->
Главная » Статьи » Информатика

Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жадының сыйымдылығын көтеру тәсілдері.

Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жадының сыйымдылығын көтеру тәсілдері.

Кез келген компьютердің ең негізгі құрамдас бөлігі ол – жады. 3.5-суретте жады жүйесінің қалай құрастырылғандығы көрсетілген.

3.5-сурет. Жадының кәдімгіленген тармақтық түрі

Жоғарғы қабат орталық процессордың ішкі регистрлерінен құралады. Олар процессор жасалған материалдардан жасалады және олар процессор сияқты өте жылдам жұмыс істейді. Ішкі регистрлер 32-разрядтық процес­сорда 23×23 битті сақтауға, ал 64-разрядты процессорда 64×64 битті сақ­тауға мүмкіндік бар. Программалар аппаратураның қатысуынсыз ре­гистр­лерді басқаруға алады.

Келесі қабатта құрал-жабдықтармен байланысатын кэш-жады орналас­қан. Оперативті жады кэш-жолдарға бөлінген, әдетте ол 64 байт болады, ал адресация мен нөлдік жолда 0-ден 63-ке дейін, ал бірінші жолда 64-тен 127-ге дейін және т.б. Кэштің көп қолданылатын жолдары орталық процес­сорлардың ішінде немесе оған өте жақын орналасқан жоғары жылдам­дықты кэш-жадыда сақталады. Программаға жадыдан бір сөзді оқу керек болатын болса, онда кэш-микроүрді, кэшта осындай жол бар ма, әлде ондай жол жоқ па екендігін тексереді. Егер осындай болатын болса, онда кэш-жадыға тиімді хабарласу болады, берілген сұранысымыз кэштан түгелімен қанағаттандырылады. Кэшке тиімді хабарласу 2 такт уақытты алады, ал тиімді емес хабарласу кезінде уақыт көп жұмсалады. Кэш- жадының көлемі өте шектеулі, сол себептен оның бағасы өте жоғары болады. Кейбір машиналарда кэштің 2 немесе 3 деңгейі бар, әдетте олар­дың кейінгілері алдыңғылардан баяу және үлкендеу болып келеді.

Негізгі жады

Негізгі жады – бұл ақпараттарды сақтау құрылғысы. Ол оперативті және тұрақты еске сақтап отыратын құрылғылардан құралады. Оперативті еске сақтайтын құрылғы (орысша баламасы ОЗУ), белгілі бір уақытта орындалатын программаларды дискіден көшіріп отырады.Оны көбінесеоперативті жады деп те атайды.

Тұрақты еске сақтайтын құрылғы (ТЕСҚ) – ол компьютерді құрас­тырған кезде жазылатын тұрақты ақпараттар сақталуының жері. Тұрақты жады (ROM, Read Only Memory – тек оқуға ғана арналған жады) – энер­гияға тәуелсіз жады, бұл өзгертулерді қажет етпейтін мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. ТЕСҚ-ны тек оқуға ғана болады.

Қайта программаланатын тұрақты жады (ҚПТЖ, Flash Memory). Өзінің мазмұнын қайта жазуға болатын энергияға тәуелсіз жады. Тұрақты жадыға процессордың жұмысының басқару программасы жазылады. ҚПТЖ-да дисплейды, пернетақтаны, принтерді, сыртқы жадыны басқару, компьютерді іске қосу және тоқтату, құрылғыларды тестілеу программа­лары орналасқан.

BIOS (Basic Input/Output System – енгізу және шығару базалық жүйесі) –компьютер іске қосылғаннан кейін құрылғыларды автоматты түрде тесті­леу; операциялық жүйені жадыға қосу үшін арналған программалар жиын­тығы. BIOS-тың ролі екі түрлі: бір жағынан бұл аппаратураның (Hard­ware) ажырамас элементі, ал екінші жағынан бұл кез-келген операциялық жүйенің (Software) негізгі модулі.

Тұрақты еске сақтау құрылғыларының түрлері – CMOSRAM.

CMOSRAM – бұл жоғары жылдамдықты әрекет ететін және батарейка­дан аз энергияны қамтамасыз ететін жады. Бұл компьютерлер конфигура­ция­сы туралы ақпараттарды және компьютерлер құрамындағы құрылғы­ларды, сонымен қатар оның жұмыс істеу режимдері туралы мәліметтерді сақтау үшін қолданылады.

CMOS-та ағымдағы күн мен уақыт сақталынады. Уақыт үшін жауап беретін CMOS-жады және уақыт микроүрдісі кішкентай аккумулятордан қорек алады. CMOS-тың мазмұнын өзгерту BIOS-та орналасқан арнайы Setup программасымен өзгертіледі.

Графикалық ақпартарды сақтау үшін бейне жадысы қолданылады.

Бейне жадысы (VRAM) – кодталған бейнелер сақтайтын оперативті еске сақтаудың (ЕС) бір түрі. Осы ЕС-тің құрылуы 2 құрылғыға да бір уақытта қызмет көрсетеді – процессор және дисплей. Сол себептен экран­дағы бейне жадыда видео мәліметттердің жаңартылуымен сәйкес өзгер­тіліп отырыды.

Оперативті жады модульдері

Жадының ең алғашқы модульдерінің бірі SIMM (Single In-line Me­mory Module – бір тізбекті контактілі жады) болып табылады.

Кезінде 32 контактілі 8 битті модульдер шығарылған. Кейіннен 72 контактілі 23-битті модульдер шығарыла бастады. 486 машинелерде мұн­дай модульдер бір-біріне орналастырылған, ал Pentium-ді 2 топпен орна­ласқан модульдер бар. Осындай орналасудың басты себебі Pentium-дағы жады шинасы 64-разрядты.

Келесі даму барысында 64-разрядты 168-контактілі модуль DIMM (Dual In-line Memory Module – 2 тізбекті контактілі жады). Rambus жады­сы­на арнайы RIMM модулі жасалды. Модульге қойылған талаптар өте қатал. Ол модуль үшін 3.6 суретінде көрсетілген жеке жылу өткізгіші қа­рас­тырылған.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 5530 | Теги: Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жадын | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: