-->
Главная » Статьи » Информатика

СИ++ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

СИ++ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

Алғашқы екі дәрістің мақсаты – алғашқы программаны жазу үшін Си тілінің элементтері мен негізін беру. Бұл тақырыпта айнымалылар мен тұрақтылар, арифметика, есептеу тізбектерін басқару, функциялар мен қарапайым енгізу-шығару жайында айтылады.

Кез-келген программаны жазу үшін: программаның мәтінін құру керек, оны сәтті құрастыра білу, жүктеу, есептеуге жіберу және нәтиже қайда жіберілетіні туралы білу қажет. Бұл негізгі болып табылады, ал қалғандары бұған қарағанда қарапайымдылау.  "Сәлем!” сөзін басып шығару үшін Си  программасы келесі түрде болады:

             #include <stdio.h>

             main ()

                  {       printf ("Сәлем!\n”);

                               }

Си тіліндегі программа функциялар мен айнымалылардан тұрады. Функция есептеулерді сипаттайтындай нұсқаулардантұрады, ал айнымалылар осы есептеу процесінде қолданылатын мәндерді сақтайды. Кез-келген программа өзінің есептеуінmain функциясынан бастайды.

Ереже бойынша, main() функциясы басқа функциялардың: библиотекалық және/немесе программистің қызметімен қолданылады. Библиотекалық жағдайда, программаның бірінші жолы сәйкес стандартты библиотека туралы ақпаратты қосуы керек. Мысалы, #include <stdio.h>  инструкциясы компиляторға, ол программаның мәтініне стандартты библиотеканың енгізу-шығаруы туралы ақпаратты қосу керек екендігін хабарлайды (printf функциясының прототипін шақыру).

Функциялардың арасындағы мәліметтерді беру сыртқы айнымалылар, аргументтер арқылы немесе қайтарылатын мәндер арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы айнымалылар функциядан тыс өзнешеліктерді анықтайды және көптеген функциялар үшін потенциалды мүмпкін болады. Си-де басқа функциялардың ішіндегі функцияларды анықтауға тиым салынатындықтан, функцияның өзі әрқашан сыртқы объектілер болып табылады. 

Айнымалылар және арифметикалық өрнектер.

Си тіліндегі қарапайым программа бір ғана жалғыз main функциясын анықтаудан тұрады, сол сияқты түсініктеме ретінде мынандай мүмкіндіктерді: сипаттама, айнымалылар, арифметикалық өрнектер, циклдер және форматты қорытындыны қарастырады.

Си-де кез-келген айнымалы, оны қолданудан бұрын, яғни алғашқы орындалатын нұсқауға дейін сипатталуы қажет. Мәліметтер үшін базалық типтер: char, short, long, double, int, float. Базалық типтерден: массивтердіқұрылымдар мен біріктірулердіосы типтердің мәндерінің нәтижесі ретінде қайтарылатын базалық типтер мен функциялардың көрсеткіштерін құруға болады.

Программаның мәтініндегі шегіністер (отступыпрограмманың логикалық құрылымын ерекшелейдіБұдан басқа әр жолдабір ғана нұсқау жазу және амалдарды бос орынды белгілерімен көркемдеу ұсынылады.

Фаренгейт және Цельсий бойынша температураны есептеу программасын қарастырайық:

                                # include <stdio.h>

 / *0,20, …, 300 мәндері үшін Фаренгейт және Цельсий бойынша температура кестесін басып шығару*/

             main ()

              {   float f, c;

                    int low, up, step;

                    low=0;       /* температура кестесінің төменгі шегі */

                    up=300;                            // жоғарғы шегі

                    step=20;                           // қадам

                      f=low;

                       while (f<=up)

                           {      c=(5.0 / 9.0)*(f-32.0);

                                                 printf("%3.0f %6.1 f\n”, f, c);

                                    f=f+step;

                                         }

                            }

Есептеудің біраз бөлігі while циклінің денесінде орындалады.

printf стандартты функциясы – форматты енгізу-шығарудың әмбебап функциясы. Оның бірінші аргументі, әрбір % таңбасы оның келесі аргуметтерінің біреуіне сәйкес келетін стринг болатынын, ал % таңбасынан кейін орналасқан ақпарат осы аргументтердің әрбірі шығарылу түрін көрсетеді.

Мысалы, %d бүтін типтегі аргументтің шығуын көрсетеді. Спецификация %3.0f  printf-тегі бөлшек бөлік пен ондық нүктесіз үш позициядан артық емес өлшемді аймақтағы, жылжымалы нүктелі float типті санды баспаға шығаруды анықтайды. Спецификация %6.1f ондық нүктеден кейінгі бір цифрлы алты позициядан тұратын, аймақтағы санды басуды сипаттайды. Спецификатор %.0f бөлшек бөлігінсіз және ондық нүктесіз басуды білдіреді. Келесі нәтижелер баспаға шығады:

0            -17.8

20          -6.7

40           4.4

       …

Ені мен дәлдігін бермей-ақ қоюға болады: %6f дегеніміз – сан алты позициядан артық орын алмайтындығын білдіреді, %.2f – сан ондық нүктеден кейін екі цифрға ие, бірақ ені шектелмеген, %f жылжымалы нүктелі санды басуды ғана көрсетеді, %6d – алты позициялы аймақтағы бүтін ондықты баспаға шығарады.

Бұдан басқа, printf келесі спецификаторларды қолданады: %0 – сегіздік сан үшін, %X – он алтылық сан үшін, %С – литерді басу үшін, %S – стрингті басу үшін, литер %% -  %-тің өзі үшін.

Температураны өзгертудің программасын жазудың басқа тәсілі:

# include <stdio.h>           // Фаренгейт және Цельсий бойынша температура кестесін басып шығару

             main ()

                {     int f;

                       for (f=0; f<=300; f=f+20)

                                             printf ("%3d %6.1f\n”, f, (5.0/9.0)*(f-32));

                }

Басты ерекшелік – айнымалылардың көпшілігінің болмауыШектер мен қадам for нұсқауында тұрақты түрінде болады, алЦельсий бойынша температураны есептейтін өрнек меншіктеудің жеке нұсқауында емес, енді printf  функциясының үшінші аргументімен беріледі.

Бұл соңғы өзгеріс жалпы ережені қолданудың мысалы болып табыладықандай-да бір типтегі айнымалының мәнін қолдану мүмкін болатын кез-келген контексте сол типтегі күрделірек өрнекті пайдалануға болады. Сонымен printfфункциясының үшінші аргументінің орынында %6.1f спецификаторына келісімді жылжымалы нүктелі мән болуы қажет,сәйкесінше мұнда осы типтің кез-келген өрнегі болуы мүмкін.



Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 2519 | Теги: СИ++ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ қазақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: