-->
Главная » Статьи » Информатика

"Мән-байланыс" (ER- әдісі) әдісімен жобалау.

"Мән-байланыс" (ER- әдісі) әдісімен жобалау.


Сыртқы кілт тұтастығы

Сыртқы кілттер басқа қатынастағы (немесе сондағы) кортежге сілтеме болады, онда бұл сілтемелер жоқ объектілерге көрсетпеу керек. Бұл келесісыртқы кілттер тұтастығы ережесін анықтайды: Сыртқы кілттер тұтастық  ережесі. Сыртқы кілттер келісілмеген болмау керек, одан әрі сыртқы кілттің әрбір мәні үшін аталық қатынастағы алғашқы кілттің тиісті мәні болу керек.

 

Жоғарыдағы бөлімде айтылған, қалпына келтіру алгоритмі көмегімен деректер қоры құрылымын модельдеуде көптеген кемшіліктер бар:

1.      Бір қатынаста барлық атрибуттардың алғашқы орналасуы шындық операциясына жатпайды. Құрушы интуитивті табылған мәнге сәйкес бірнеше қатынасты бірден жобалайды. Егер өзін-өзі күштеп, барлық атрибуттарды қолданып бір немесе бірнеше  қатынас құрған кезде, онда алынған қатынас мағынасы түсініксіз.

2.      Атрибуттардың толық тізімін бірден анықтау мүмкін емес. Пайдаланушылар бір затты әртүрлі атпен атай береді және керісінше әртүрлі затты бір атпен атайды.

3.      Қалпына келтіру процедурасын өткізу үшін, атриубттар тәуелділігін бөлі көрсету қажет, бұл жеңіл емес, барлық тәуелділіктерді жазып алуқажет.

Деректер қоры құрылымын жобалау кезінде семантикалық модельдеу әдісі қолданылады. Семантикалық модельдеу деректер мағынасына сүйенетін деректер құрылымын модельдеу болады. Семантикалық модельдеу құралы болып мән-байланыс диаграммасының (ER - Entity-Relationship) әртүрлі варианттары қолданылады. Мән-байланыс моделінің бірінші вариантты  1976 жылы Питер Пин-Шэн Ченмен ұсынылды [37]. Кейіннен көптеген авторлармен осыған ұқсас модельдердің өз варианттары құрылды (Мартина нотациясы, IDEF1X нотациясы, Баркер нотациясы және т.б.). Сонымен қатар, бір нотацияны тарататын  әртүрлі программалық құралда өзінің мүмкіндіктерімен ерекшелену керек. Мән-байланыс диаграммасының барлық варианттары бір идеядан  шығады – сурет ылғи мәтіндік сипатаманың көрнекті құралы. Мұндай барлық диаграммалар пәндік сала мәнінің, олардың қасиетінің және мән арасындағы өзара байланыстың  графикалық кескінің қолданады.  Біз ER-диаграмма жұмысын Баркер нотациясына жақындау сипаттаймыз,  негізгі идеяларды жеңіл түсіну үшін.

 ER-диаграмманың негізгі түсініктері:

1 АнықтамаМән - бұл біртипті объектілер класы, олар жөніндегі ақпарат модельде ескерілуі керек. Әрбір мән аталуы жекеше түрдегі зат есімнен тұруы керек. Мән мысалына мынадай объектілер класы жатады "Жеткізуші", "Қызметкер", "Накладной". Әрбір мән модельде аталуымен тікбұрыш түрінде бейнеленеді:

2 АнықтамаМән экземпляры - бұл берілген мәннің нақты мүшесі. Мысалы,  "Қызметкер" мәнінің мүшесіне "Қызметкер Иванов" жатады. Мән экземплярларының ерекшеліктері болу керек, мәнде осы мәннің әр экземплярына ерекше қасиеті болу керек.

3 АнықтамаМән атрибуты - мәннің қасиеті болатын аталған сипаттама. Атрибут аты  жекеше түрдегі зат есімнен тұруы керек. Мысалы, "Қызметкер" мәнінің атрибуттары, ол мынадай атрибуттар  "Табель нөмірі", "Фамилия", "Аты", "Әкесінің аты", "Қызметі", "Еңбек ақысы" және т.б. жатады.

4 Анықтама Мән кілті - бұл атрибуттар жиынының артықшылығы, олардың мәні топталған кезде мәннің әр экземпляры үшін ерекше. Артықшылық қорытындыланады, егер кез келген атрибутты кілттен жойса , онда оның ерекшелігі бұзылады. Мәннің бірнеше әртүрлі кілті болуы мүмкін.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 1802 | Комментарии: 1 | Теги: Мән-байланыс (ER- әдісі) әдісімен ж | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Айка   (07.10.2014 21:59)
*)


Имя *:
Email:
Код *: