-->
Главная » Статьи » Информатика

Linux-тың пайда болуы

ОЖ  Linux-тың пайда болуы. ОЖ  Linux-тың дистрибутивтары. Linux-пен танысу. Linux-тiң негiзгi концепциилары. Негiзгi командаларына қысқа ақпарат. Файлдық жүйенi зерттеу. қабық үлгiлерi.

          UNIX операциялық жүйесінің тарихы американдық AT&T Bell Laboratories компаниясы және осы компанияның атақты жұмысшылары Кэн Томпсон, Деннис Ричи және Брайан Керниган есімдерімен тығыз байланысты. 1965жылдан 1969жылға дейін Bell Labs фирмасы General Electric компаниясымен, Массачусетс технологиялық институтымен қосылып Multics ОЖ проектісінде қатысты. Бұл операциялық жүйе коммерциялық  өнім деңгейіне дейін жетілдірілмесе де әлемнің жүйелік программистер қауымдастығын құнды –құнды идеялармен байытты. Олардың көбі осы күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтпады және тек қана операциялық жүйелерге ғана қатысты қолданылмайды. Multics ОЖнің басты кемшілігі - оның күрделілігі жүйенің программалық деңгейге дейін жетілуіне кедергі болды. Multics проектісін қойып, Bell Labs тың кішігірім ұйымы өз қажеттіліктеріне арнап қарапайым операциялық жүйе өндіре бастады. Осыдан UNIX ОЖ-сі басталды. UNIX сөзін Брайан Керниган PDP 7 (1970 г.)та  жұмыс істеген қарапайым  операциялық жүйенің атынан алған. Бұл жүйе ассемблер тілінде жазылған және қазіргі UNIX-ке аз ұқсайды: файлдық жүйені логикалық организациялау және процестерді басқару сияқты жалпы бастамалары және файлдармен жұмыс істеудің кейбір утилиттері сақталған. 1971 жылы жүйе одан да мықты ЭВМ PDP 11/20 үшін қайта ассемблерде жазылды. PDP 11 үшін алғашқы UNIX ОЖ –тің версиясында қазір UNIX–тің негізі болып саналатын  қажетті  идеялар жүзеге асырылған болатын. Тек қана  процесстердің программалық каналдар арқылы (pipe) процесстердің әсерлесуі жүзеге асырылмайтын, бірақ бұл механизм екінші версиясында пайда болды. Сонымен қатар операциялық жүйені жазуға программалық тілді  жазу жұмыстары жүргізілді. Сол кездегі BCPL тілі негізінде Си тілі туды. Сонымен 1973 ж. UNIX ОЖ Си тілінде жазылып шықты. Жүйенің бұл нұсқасының негізгі өңдеушілері Томпсон және  Ритчи болды.  UNIX–тің ең танымал версиясы алтыншысы болды(1975 ж.), алайда жетінші версияның пайда болуы шынайы революция тудырды, ол жүйенің шынайы мобильді версиясы болды. Жүйенің 16- разрядты PDP 11–дан   32-разрядты ЭВМ Interdata 8/32–ға көшуін  оны өңдеушілер (1977 ж.) көпшілікке көрсетті. 1979 ж. –дан бері UNIX Version 7 көптеген ЭЕМ–ға көшірілді. ЭВМ VAX 11/780 (UNIX 32V) үшін

жүйе версиясының пайда болуы UNIX ОЖнің дамуында маңызды оқиға болды. Бұл жұмыс Bell Labs жұмысшылары Джон Рейзер және Том Лондонмен жасалды, және келесіде Калифорния университетінде ( Беркли қ.) ары қарай BSD UNIX сериясында  дамытылды.

 

Қолданушы интерфейсі

Қолданушының UNIX ОЖ -мен қарым-қатынасы командалық тілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады (қазіргі кезде графикалық интерфейс кең өріс алған). Қолданушы жүйеге кірген кезде оған командалық интерпретаторлардың бірі қосылады,

 ( /etc/passwd  файлында сақталатын параметрлерге байланысты). Әдетте жүйеде командалық тілдерінің мүмкіндіктерімен ғана ерекшеленетін бірдей командалық интерпретаторлар қолданылады. UNIX ОЖ-нің кез-келген интерпретаторларының жалпы аты - shell (қабықша), кез - келген интерпретатор жүйе ядросының қоршаған ортасы болып табылады.  Шақырылған командалық интерпретатор қолданушыны қарапайым  командаларды, командалар конвейері немесе командалар тізбегін қамтитын командалық жолды енгізуге шақырады.  Кезектегі командалық жолды орындаған соң және экранға немесе сәйкес нәтижелері бар файлға терминалды шығарғаннан соң, shell тағы командалық жолды енгізуге шақырады. Бұл logout командасын енгізген соң немесе Ctrl-d батырмалар комбинациясын басқанда ғана аяқталады. UNIX ОЖ –де қолданылатын командалық тілдер жаңа қолданушылар тез жұмыс істей бастау үшін  өте қарапайым   және күрделі программаларды жазу үшін өте қуатты болып келеді. Ақырғы мүмкіндігі командалық жолдардың еркін тізбегін қамтитын командалық файлдар (shell scripts) механизміне негізделеді. Командалық файлдың атын көрсеткен кезде кезектегі команданың орнына интерпретатор жолдан кейін жол файлды оқиды және командаларды рет – ретімен интерпретациялайды.

 

Құқылы қолданушы

UNIX ОЖ – нің ядросы әрбір қолданушысын жүйеге  алғаш кіргенде берілетін  идентификаторы (UID - User Identifier) – уникалды бүтін мән арқылы идентификациялайды. Сонымен қатар әрбір қолданушы белгілі бір  бүтін мәнмен GID - Group IDentifier) идентификацияланатын қолданушылар тобына жатады.  Әр қолданушы үшін UID және GID мәндері жүйенің есептік файлдарында (учетные файлы) сақталады және қолданушы жүйеге кіргенде жіберген командалық интерпретаторда орындалып жатқан процеске жазылады.  Бұл мәндерді жүйедегі қолданушы жіберген  әр жаңа процесс мұраға алады және жүйе ядросы файлдарға қатынас жасауды тең қуатты қылып жасау үшін, программаларды орындау үшін, т.б. Жүйе администраторы,  ол да регистрацияланған қолданушы, жай қолданушыларға қарағанда зор мүмкіндіктерге ие.

UNIX ОЖ – де бұл мәселе UID (нөлдік) –ң бір мәнін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Сондай UID  – і бар қолданушы суперқолданушы(superuser)  немесе root деп аталады.  Ол шектелмеген құқыға ие, кез– келген файлға қатынау жасай алады және кез–келген  программаны орындай алады.  Ондай қолданушы жүйеге толық басқару жүргізе алады.  Жүйені тоқтатып, оны жоя алады. UNIX әлемінде суперқолданушы не істеп отырғанын білуі керек. UNIX ОЖ– ін администрациялаудың негізгі процедураларын жетік меңгерген болуы қажет. Жүйенің қауіпсіздігі, дұрыс конфигурациясы, қолданушыларды қосу, өшіру, файлдардың регулярлы көшірілуі, т.б. Суперқолданушың жай қолданушыдан тағы бір айырмашылығы ресурстарды пайдалануға шектеудің болмауында.

 

Программалар

UNIX ОЖ-сі қолданбалы программаларды пайдаланудың операционды ортасы және жаңа қолданбаларды құру ортасы болып табылады. Жаңа программалар әртүрлі тілдерде жазылады (Фортран, Паскаль, Модула, Ада және т.б.). Алайда негізгі стандартты программалау тілі болып С тілі алынған (қазіргі кезде С++).  Бұл, біріншіден, UNIX ОЖ-сінің өзі С тілінде жазылғандығымен түсіндіріледі. Екінші себебі, С тілі сапалы стандартталған тіл болып табылады.

         

"Процесс" және "файл"

          Процестер жүйенің динамикалық жағын көрсетеді, бұл субъектер; файлдар статикалық, бұл процестер әрекеттерінің объектілері. Процесстердің өзара әрекеттері және ядромен әрекеттері файлға жазу/оқу сияқты көрсетіледі.  Процесстерді программалармен шатастыруға болмайды. Бір программа бірнеше процесте орындалып жатуы мүмкін.  Процесстердің екі типін бөліп қарастыруға болады: есептер (задачи) және демондар. Есеп – жұмысын тезірек аяқтауға тырысатын процесс. Демон– орындау керек жұмысты күтеді, орындайды, қайта күтеді. Басқа процесс нұсқауынан соң бірақ тоқтайды, көп жағдайда қолданушы "kill процесс_нөмірі" командасын бергенде аяқталады.

 

Командалық интерпретатор

UNIX ОЖ-де екі командалық интерпретатор бар: sh (shell) және csh (C-дағыдай shell). Олардан басқа тағы bash (Bourne), ksh (Korn) бар. Ағымдағы директорияны өзгерту, орта (environment) айнымалыларын орнату, структуралық операторларды программалау командаларынан басқа командалар  -  сыртқы программалар болып табылады.  Бұл программалар /bin и /usr/bin каталогында орналасқан. Жүйелік администрациялау программалары /sbin и /usr/sbin каталогтарында. Команда жіберілетін программа атынан және аргументтерден тұрады. Аргументтер команда атынан және бір-бірінен пробел және табуляциямен ажыратылады. Кейбір арнайы символдар shell -дің өзімен интерпретацияланады. Арнайы символдарға " ' ` ! $ ^ * ? < > & ; жатады.

Бір командалық жолда бірнеше команда беруге болады. Командалар ; ( командалардың тізбектеліп орындалуы)бөлінеді,  & ( командалардың ассихронды орындалуы). man-басқарулары: егер бір командаға байланысты ақпарат алу керек болса, "man команда_аты" командасын жіберіңіз. Экранға ол "more" программасы арқылы шығады.

 

Функциялары

UNIX ОЖ –сі  –  компьютерді басқаратын, компьютер және қолданушымен байланыс орнататын, аппараттық құралдармен қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.  Программалық жабдықтаудың оңайлылығын, эффективтілігін қамтамасыз ету үшін өңделген бұл ОЖ –ң бірнеше пайдалы  функциялары бар. Жүйенің негізгі мақсаты: есептер мен программаларды орындау,  компьютермен байланыс орнатып, қойылған сұрақтарға лезде жауап беретін  интерактивті орта, көпқолданушылық –орта ресурстарды басқа қолданушылармен өнімділікті төмендетпей бөлу. Бұл әдіс уақытты бөлісу деп аталады. UNIX жүйесі қолданушыларымен әсерлесуі кезекпен жүреді және  сондай тез, қолданушылар бір уақытта әсерлескендей күйде болады.  Көпесептік орта – бір уақытта бірнеше есепті орындауға болады.

 

Компоненттері

UNIX жүйесі төрт негізгі компоненттен тұрады: ядро – операционды жүйенің ядросын құрайтын программа, компьютердің ішкі функцияларын координациялайды (жүйелік ресурстарды топтастыру).  Ядро бізге көрінбейтіндей жұмыс істейді.

shell – қолданушы және ядро арасында байланыс орнататын программа, командаларыңызды орындап, интерпритациялай отырып. Сіз енгізгенді оқып, сізге хабарламалар жібергендіктен интерактивті болып саналады.

commands – компьютер орындауы керек программалар. Программалар пакеті   инструменталды құралдар деп аталады. UNIX жүйесі  тексті құру және өзгерту, программаларды жазу, ақпаратты жабдықтау инструментарийларын дамыту, ақпарат алмасу сияқты тапсырмаларды инструменталды құралдармен қамтамасыз етеді.

          file system – файлдық жүйе, компьютеріңізге мүмкін болатын барлық файлдар жиыны. Ақпаратты оңай сақтап, іздеуге көмектеседі.

 

Shell

Shell – операциялық жүйемен байланысуға мүмкіндік беретін программа. Сіз енгізген командаларды оқып алып, басқа программалардың орындалуына, файлдарға қатынау жасауға, шығаруды қамтамасыз етуге қажетті сұраулар сияқты интерпретациялап

отырады. Shell қуатты программалау тілі. Ол шартты орындалуды қамтамасыз ететін

және мәліметтер ағымын басқаратын С тіліне мүлдем ұқсамайды.

 

Commands

UNIX ОЖ-нің сыртқы шеңберінде функционалды түрде категорияларға бөлінген программалар және жүйенің инструменталды құралдары орналасқан. Бұл функцияларға жатады:

программалық орта -  достық программалық орта туғызатын, жүйе және программалау тілдерінің арасында интерфейс құратын , қызмет программаларын жасайтын UNIX-тің бірнеше программалар жүйесі.

Мәтінді өңдеу – мәтінді құру және өзгерту үшін жолдық және экрандық редактолар , орфографиялық қателерді  табатын орфографиялық тексеру программасы, және онша қажетті емес публикациялауға керек жоғарғы сапалы көшірмелерді жасау үшін арналған форматтаушы.

Ақпаратты ұйымдастыру – файлдарды, каталогтарды құруға, ұйымдастыруға, жоюға мүмкіндік беретін жүйенің программалары.

Қызметші программалар – графиканы құратын, есептеулерді жүргізетін инструменталды құралдар.

Электронды байланыс – ақпаратты басқа қолданушыларға немесе басқа UNIX ОЖ-не жіберуге мүмкіндік беретін программалар жиыны(мыс., mail).

 

File    system

Ақпаратты ұйымдастырудың, қайта құрудың және басқарудың  логикалық әдісін береді. Файлдық жүйе иерархиялық құрылымды болып келеді. UNIX жүйесінің негізгі бірлігі – файл, қарапайым файл, анықтамалық , арнайы файл немесе байланыстың символдық каналы болуы мүмкін.

 

Анықтамалықтар

Анықтамалықтар файлдарды немесе басқа анықтамалықтарды қамтитын суперфайлдар болып табылады. Әдетте, ондағы файлдар өзара бір әдіс арқылы байланысуы мүмкін. Мысалы,

Sales атты анықтамалық  әрбір ай сайынғы сатылымдар санын сақтайды. Олар jan, feb, mar, т.б. деп аталсын. Сіз каталогтарды құрып, онда файлдарды құрып не жоюыңызға болады. Сіз құрған барлық анықтамалықтар сіздің жеке анықтамалығыңызда сақталады. Ол анықтамалық ты сізге жүйеге кірген кезде тағайындалады. Құқылы қолданушыдан басқа ешкім файлдарды сіздің келісіміңізсіз оқи немесе өзгерте алмайды.    Және бұл анықтамалықтың құрылымын із анықтайсыз.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 4641 | Теги: Linux-тың пайда болуы, linux қазақша | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: