-->
Главная » Статьи » Информатика

Компьютерлік жүйелердің сәулетін дамытудың қысқаша тарихи очеркі

Компьютерлік жүйелердің сәулетін дамытудың қысқаша тарихи очеркі

Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есеп­­теу құрылғылыры құрылды.

Көпшілік қолданатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқа­руы­мен жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін прог­рамма­лау электрлі қосқыштарды және кабельдерді колдан қосу арқылы жасалды.

Белгілі математик Дж. фон Нейманның есімімен компьютердің жедел жадында деректермен қатар программалардың сақталуына негізделгенсақталынған программа концепциясы байланысты. Бұл идея туралы алғаш рет 1945 жылы фон Нейманның жұмысы жарияланған кезде белгілі болды. Шамамен дәл сол кезде ұқсас идеяны ағылшын Тьюринг те айтқан бола­тын. 1946 жылы фон Нейман мен Пристондағы (Prіnston Іnstіtute for Ad­vanc­ed Studіes – ІAS) қазіргі заманғы зертеулер институтының мамандары программалардың сақталуына негізделген жаңа компьютерді жобалау жұмысын бастады. ІAS деп аталған бұл компьютерді жобалау мен жасау жұмысы 1952 жылы аяқталды. Құрылған жүйе одан кейінгі пайда болған программалардың сақталуына негізделген барлық компьютерлерлің бала­ма­сына айналды. Фон Нейманның принципіне сәйкес компьютердің құрамына кіретін­дер:

·          программалардың бұйрықтары мен берілгендер сақталған жедел жады құрылымы

·          берілгендерді өңдейтін және оларды екілік жүйеге келтіретін ариф­метикалық-логикалық құрылым (АЛҚ)

·          программаларды жадыдан шығарып олардың бұйрықтарын талдайтын және орындауға жіберетін программалардың орындалуын басқаратын құрылым (БҚ)

·          басқаратын құрылымнан түскен сигналдар негізінде жұмыс істейтін енгізу-қорытындылау құрылымы(ЕҚҚ)

Екінші кезең – транзисторлар (1955-1965)

Вакуумды шамдардың орнын жартылайөткізгіш құралдар басты. Олар жоғары жылдамдықты, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік берді.

Жартылайөткізгіш құралдың өзі – транзистор 1947 жылы Bell Labs мамандарының күшімен ойлап табылған, ал 1950 – жылдары электронды құралдардың көбі транзисторлармен шықты.

1957- жылы әлемдегі миникомпьютерлердің ішіндегі алғашқы орында тұрған Dіgіtal Equіpment Corporatіon – DEC корпорациясы құрылды. 1961- жылы алғашқы DECPDP-1 компьютерлері пайда болды. Бірнеше жылдан кейін DEC PDP-8 үлгісін ұсынды. Бұл үлгінің негізгі жаңалығы PDP-8 компоненттерін өзара қосатын параллель жалғанған сымдар тобы – шина болатын. 1964 жылы CDC (Control Data Corporatіon) компаниясы орталық про­цес­сорының ішінде жоғары дәрежелі параллелизмді қолдайтын машина орналасқан 6600 есептеу жүйесін шығарды. Бұл компьютерді құрушы Сей­мур Крей болатын. Ол қазіргі кезде суперкомпьютер деп аталатын өте жоғарғы қуатты компьютерлерді құрумен айналысқан. Мысалы, CDC-6600,CDC-7600 және Cray-1.

Екінші кезеңнің компьютерлері математикалық және программалық жабдықтаудың интенсивті түрде дамуымен ерекшеленді, Fortran, Algolсияқты алгоритмдік тілдер және компиляторлар мен интерпретаторлар құрылды.

Үшінші кезең – интегралдық микроүрділер (1965-1980) 1958 жылы кремнийден жасалған интегралдық үрдінің табылуы (Ро­берт Нойс) компьютерлер әлеміндегі жаңа құбылыс болды. Ондаған тран­зис­торларды бір микроүрдінің ішінде орналастыру мүмкіндігі туды.

1964 жылы ІBM компаниясы System/360 транзисторлардың негізінде құрылған, ғылыми және коммерциялық есептеулерге арналған компьютер­лер сериясын шығарды. System/360 көптеген жаңалықтардың жиынтығы еді. Компьютерлік жүйелерде мультипрограммалау қолданыла бастады. Компьютердің жадында бірдей уақытта жұмыс істей алатын бірнеше прог­рамма орналаса алатын. Ассемблер тілін қолданатын компьютерлердің үл­кен тобы шығарылды. ІBM компаниясынан кейін көптеген компаниялар құны мен функциясы жағынан ғана айырмашылығы бар компьютерлердің тобын шығара бастады.

Математикалық және программалық жабдықтаудың одан әрі дамуы типтік есептерді шығаратын программалар пакеттерінің, проблемалық ба­ғытталған программалық тілдердің дамуына, операциялық жүйелер деп аталатын айрықша программалық комплекстердің құрылуына әкелді.

1950-жылдардың аяғында 1960-жылдардың басында жартылайөткізгіш технологиялар негізінде кіші (КИҮ) және орташа (ОИҮ) интегралды үрділер құрылды. Микроүрдідегі дискретті компоненттердің санының өсуі Мур заңы деп аталып кеткен болжау бағамына сай келді. Бұл заңды 1965 жылы Іntel фирмасының негізін қалаушылардың бірі Гордон Мур тұжы­рымда­ған. Ол заң бойынша, әрбір чиптегі транзисторлар саны жыл өткен сайын екі есеге көбейіп отырады және бұл тенденция жақын арада өзгере қой­майды.

Келесі кезеңдер – (1980- ) Төртінші кезең компоненттерді өндіруге қолданылатын интегралды технологиялардың жоғарғы деңгейлілігімен байланысты жүйелерден тұра­ды. Үлкен интегралды үрділер (ҮИҮ) чиптерде орналасқан мыңдай, ал өте үлкен интегралды үрділер (ӨҮИҮ) мыңнан астам электронды компонент­терден тұрады.

80-жылдары дербес компьютерлердің заманының басталған кезі. Дер­бес компьютерлердің қолданушылардың әртүрлі программалары үшін пай­да­ланылды. ІBM PC алғашқыда Mіcrosoft корпорациясы шығарған MS DOS операциялық жүйесін қолданған. ІBM мен Mіcrosoft корпорациялары бірі­гіпMS DOS-тан кейін OS-2 операциялық жүйесін құрды. Mіcrosoft кор­порациясы бұдан кейін көп ұзамай MS DOS жүйесі негізінде өзінің Wіn­dowsоперациялық жүйесін құрады. Төртінші кезеңнің машиналарына тән қасиеттер мультипроцессорлық параллель-тізбектей өңдеу, жоғарғы дең­гей­лік тілдер, программалық құралдардың модульділігі.

 

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 1708 | Теги: Компьютерлік жүйелердің сәулетін да | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: