-->
Главная » Статьи » Информатика

ЭЕМ-ді үйымдастыру негіздері. Компьютерлік жүйелердің әлементтерінің құрамы мен белгіленуі. ЭЕМ жіктелуі. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен он

ЭЕМ-ді үйымдастыру негіздері. Компьютерлік жүйелердің әлементтерінің құрамы мен белгіленуі. ЭЕМ жіктелуі. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен оның белгіленуі.

Қарапайым компьютерлер процессорлар, жады және енгізу-шығару құрылғыларынан құралады (3.1-сурет). Процессор мәліметтерді өңдеуге арналады. Енгізу құрылғылары ақпараттарды тасушылардан мәліметтерді оқу және оларды жадыға немесе процессорларға тасымалдау үшін арнал­ған. Шығару құрылғылары өңделген мәліметтерді қайтарумен тығыз бай­ланысты болып келеді. Ал жады мәліметтер мен командалардың сақта­луын қамтамасыз етеді.

3.1-сурет. Компьютердің компоненттері

Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы болады. Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған эле­мент­тері болу керек және олар міндетті түрде компьютерлік жүйе­лердің функцияларының негізгі қағидаттарын қолданады. Ол қағидаттарға келе­сілерді жатқызуға болады: модульдік принципі, магистралдік, микро­прог­рам­малық.

Модульдік – модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі. Модуль дегеніміз стандартты түрде жасалған конструктивті және функ­цио­­нал­ды түрде аяқталған электронды блок.

Магистральдік дегеніміз – бұл әр түрлі компьютерлік модульдердің біріктірілуі. Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір сыммен қосылады, осылардың жиынтығы шина деп аталады. Компьютерлер ма­гистралі бірнеше шина топтарынан құралады және олар функционалдық белгі бойынша ажыратылады – шина адресі, мәліметтер шинасы, басқару шина­сы.

Микропрограммалау дегеніміз – жүйені программалық басқару прин­ципін жүзеге асыру тәсілі.

Осы қарастырылған қағидаттар мен электрондық технология жетістік­тері 3.2-суретте көрсетілген жүйе құрылымына алып келеді.

3.2-сурет. Компьютерлік жүйенің құрылымы

Дербес компьютерлердің негізгі аппараты және конструктивті модулі ретінде аналық немесе жүйелік тақша қарастырылады.

Компьютерлік жүйе құрылымы келесідей құрылғылармен толықты­рылуы мүмкін: сопроцессор, кэш-жады, ҮИҮ перифериялық жинақ (chip­set).

Сопроцессор – орталық процессормен келісіп жұмыс істейтін және оған қосымша мүмкіндіктер беретін көмекші процессор. Сопроцессор програм­малық түрде жүзеге асыратын аппараттық функцияларды жүзеге асырады. Сопроцессор негізгі процессордың командаларының жүйесін кеңейтеді (графикалық, математикалық сопроцессорлар).

Кэш-жады – негізгі жадыдан толтырылатын процессорларға жақын арада керек болады деген мәліметтерді сақтау үшін арналған тез әрекет ететін буферлік жады.

Чипсет (chipset) – бұл бір функционалдық жиынтығы бар ҮИҮ. Ал біздің жағдайымызда бұл перифериялық құрылғылармен қамтамасыз етіл­ген ӨҮИҮ (жинағы). Осы құрылғылардың кейбіреулері контроллер деп те атайды.

Жүйелік тақшада орналастырылған жалпыланған құрылғылардың құ­ры­­лымын келесідей үрдіден көруге болады (3.3-сурет).

3.3-сурет. Компьютердің жалпыланған құрылымы

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 3442 | Комментарии: 1 | Теги: ЭЕМ-ді үйымдастыру негіздері. Компь | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 khabiyeva   (11.12.2013 00:19)
супер


Имя *:
Email:
Код *: