-->
Главная » Статьи » Информатика

Өңдеу тәртібі. Құжат және мазмұн талаптары. ПӘҚС даму тарихы.

Өңдеу тәртібі. Құжат және мазмұн талаптары. ПӘҚС даму тарихы.

 

Түсініктемелерді анықтау: программа, деңгейлері және категориялары (бағыттары) программалау, программаны өңдеу және аспаптары. Аспаптар, ол жұмысты орындау үшін арналған құралдар, яғни программаны өңдеу және тарату екі топқа бөлінеді аппараттық және программалық.   Аппараттық – микропроцессорлар және қосылатын (сыртқы) құрылғылар. Программалық – олар жобалау методологиясымен анықталған, барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін программалар. Беріліп отырған пән негізінен, компьютерге программаларды орнату және өңдеу үшін қолданылатын программалық аспаптық құралдарды оқып үйренуге арналған. Программалық өнімді (ПӨ) өңдеу көптеген бір-бірімен байланысқан әрекеттерден тұрады, олар:

деректер моделін құру және есептеу әдістемесі;

есептеуді қамтамасыздандыратын, функциональдық сипаттамасы;

деректер құрылымын анықтау – компьютерде және алгоритмде көрсетілу моделі;

есепті тарату әдістерін сипаттау және анықтау  (тестер және шешу алгоритмі);

пайдаланушы интерфейсін сипаттау және анықтау;

ПӨ қолдау құралдарын анықтау;

есеп спецификациясы;

тестілеу программасын қоса отырып, программа текстін жазу;

программаның тестіленуі, трансляциясы және жөнделуі;

қолдау кітапханаларын қосу және байланыстыру;

орындау ортасын құруорындамалық модулді орналастыру және жүктеу;

орнатылған көмекті құру және өңдеуді құжаттау;

орнатылатын (инсталляциялық) ПӨ пакетін құру.

Rational Unified Process (RUP) аймағында программаларды өңдеуге арналған әрекеттер жиыны келесі этаптардан тұрады: - талаптарды анықтау; - жобалау; - программалау; - тестілеу; -ендіру.

Көрсетілген жұмыстарды орындау үшін көптеген программалар жиынтығы үнемі өңделіп және толықтырылып отырады – ол аспаптар, программаның өңделу процессін автоматтандыру және қалыптастыру үшін мүмкіндік береді. Бұл құралдарды қолдану өңдеу және программалық өнімді енгізу уақытын азайтады.

Компьютер үшін программа – бұл программалау тілінде құрылған немесе жазылған, тәртіптер тізімі. Программалау тілі берілген есепті шешу үшін және тиімді, жылдам, сапалы, экономды жобалау мақсатында таңдалады.

Тіл деңгейі – программалау деңгейі. Тіл деңгейі – программалау деңгейі. Төменгідеңгейлі программалау – бұл микропроцессор деректер форматын және командаларын кодтық немесе мнемоникалық формада (ассемблер) қолданатын программалау. Проблемалы – бағытталған программалау(текстуальды) – бұл деректер форматын және командаларын проблемалы – бағытталған тілдерде программалауВизуальды программалау – бұл деректер форматын және командаларын программаларды өңдеудің визуальды құралдары арқылы программалау.Обьектілік немесе компоненттік программалау әртүрлі конструктивтерді бірлік элемент ретінде қолдануға  мүмкіндік береді.

 Командалық (атомарлы), құрылымдық, модульдік программалау – категориялары, программаларды өңдеу кезінде қолданылатын тілдің типтік конструкциясымен анықталады. Құрылатын программа үшін, проблемалы аймақ, программалаудың бағытын анықтайды – ғылыми түрде, бизнес есептерін шешу үшін, обьектілер мен процесстерді басқару үшін, ақпараттарды көрсету және басқару үшін,  Интернет пен қарым – қатынас жасау үшін, деректер қорымен қарым – қатынас жасау үшін және т.б. қолданылады.

Құрылымдық программалау концепциясы.

 «Құрылымдық программалау – программалау методологиясы, жүйелік түрдегі талдауға негізделген, ПҚ тарату және жобалау. 70 – жылдардың басында пайда болды және соншалықты өміршең,  сондықтан да осы күнге дейін пайдаланылады. Бұл технологияның негізі келесі тәртіптерден тұрады:

·        Қиын есептер кішірек бөліктерге бөлінедіфункциональды түрде негізінен басқарылатын есептер дұрысӘрбір есептің бір кірісі және бір шығысы боладыБұл жағдайда программа ағымы көптеген есептер тобынан және түсінікті функционалдық тағайындамасынан құралады.

·        Есепте қолданылатын, басқарылатын құрылымның қарапайымдылығы және атомарлығы. Бұллогикалық есеп минималды, функционалды толық қалыптасқан қарапайым басқарылатын құрылымнан тұруы керек екендігін көрсетеді.

·        Программаның өңделуі этап бойынша орындаладыӘрбір этапта шектелген есеп саны, нақты қойылған тапсырмасымен және есеп барысындағы оның атқаратын мәнімен, түсінікті қойылымы шешілуі керек. Егер ондай шамаға жетпесе, онда ол бұл этап өте үлкен және оны тағы басқа қадамдарға бөлу керек екендігін білдіреді.

Модулдік программалау концепциясы.

Құрылымдық технология сияқты мұнда да, модулдік программалау концепциясын бірнеше түсініктемелер және тәртіптер түрінде қалыптастыруға болады:

·        Есептің функциональдық декомпозициясы – үлкен есепті кіші есептерге бөлу, олар функциональды өзбектінше орындалатын ішкіесептер - модулдер. Модулдер өзара кіріс және шығыс деректерімен байланысқан.

·        Модуль - модулдік программалау концепциясының негізіӘрбір модульдің функциональдық декомпозициясы бір кірісі және бір шығысы бар "қара жәшікретінде қаралады. Модульдік көзқарас программаның модернизациясын процесстің эксплуатациясы кезінде ешбір қатерсіз орындауға мүмкіндік береді және оны қолдап отырады. Қосымша модулдік программалау бір жобаның программасының әртүрлі бөліктерін әртүрлі программалау тілдерінде орындауға мүмкіндік береді, одан кейін компоновкалау құралдары арқылы оларды бір жүктемелеу модуліне біріктіреді.

·        Таратылатын шешімдер қарапйым және түсінікті болуы керек. Егер модульдің атқаратын қызметі түсініксіз болса, онда бастапқы немесе аралық декомпозиция есептері дұрыс, керек еткен дейгейде, сапалы жүрмегендігін білдіреді. Бұл жағдайда есепті қайта талдау керек, мүмкін, қайта бөлулер жасау, яғни ішкіесептерге бөлу жұмыстарын орындау керек болады. Жобада қиын орындалатын орындар кездессе, онда оларды жүйемен ойластырылған комментарилер арқылы құжаттау керек. Бұл процесс модулдердің жұмысының толық түсінікті, қызметтері анықталған және байланыстырылғанға дейін қайталана береді.

·        Модулдің барлық айнымалыларның қызметі комментерилердің көмегімен анықталуы және жазылуы керек.

Объектілі-бағыттылған парадигма.

ОБП идеясы негізінен осы деректерді өңдейтін процедураларды бір бүтін - обьектіге байланыстыру үшін жасалған. ОБП маңызды үш принцип негізінде құрылған, олар обьектілерге жаңа қасиеттер береді. Бұл принциптар ретінде инкапсуляция, мұрагерлену және  полиморфизм алынады.

·                    Инкапсуляция – Осы деректерді өңдеу алгоритмдері мен деректерді бір бүтінге біріктіруОБП деректері көлемінде – объект полесі, алгоритмдері – объектілік әдістер алынады. Полелер мен алгоритмдер іштен қолданылады, - жалпысырттан немесе тек обьект ішінде – соған тәуелді,ішкілер немесе байланысқан обьектілер – қорғалған.

·                    Мұрагерлену – обьектілер қасиеті өздерінің мұрагерлерін туындайды және оларға өздерінің қасиеттерін үнсіздікпен ұсынады. Объект -мұрагерленушіол қасиеттерді толықтыра алады немесе басқамен оны ауыстыра (орынбастыра алады.

·                     Полиморфизм – туыстық обьектілердің қасиеттері (яғни бір объектіден тараған бір түбірі бар обьектілернегізінен бір – біріне ұқсас, мәні жағынан бірдей проблемаларды әртүрлі әдістермен, оның уақытына және орналасу ретіне байланысты шешу.

Программаны өңдеу үшін алынған аспап таңдалған деңгей негізімен, бағытымен, өңдеу категориясымен анықталады және текстуальды немесе визуальды түрде беріледі. Қазіргі заманғы  программалау – компоненттік (объектілік), уақиғалық және визуальды болып алынады. Түсініктемені анықтайтын болсақ.

Программаны өңдеу мемлекеттік және шетелдік стандартқа сәйкес, өңдеуші ұсынған технологиялар мен әдістемелер немесе типтік программалар арқылы орындалады.

Аспаптық құралдардың классификациясы. Өңдеу процессі және таратылуының орны бойынша, уақытша принципі бойынша, қолданылатын технологиялары мен әдістемесі бойынша, продукт сапасы бойынша және т.б.

Пән мақсаты мен міндеттері. Силлабуста берілген.

Программаны өңдеу процедурасындағы аспаптық құралдардың орны мен атқаратын қызметі. Әрбір программаны өңдеу этабының өз аспаптар жиыны бар. Силлабуста барлық өңдеу қадамдары көрсетілген. Әрбір қадам өңдеу нәтижесімен анықталады – негізгі құжат болып, және қосымша құжат болып, этапты жабу алынады. Аспап, сәйкесінше, негізгі немесе қосымша болады.

Сапа мінездемесі және аспапты қолдану. Жазықтықтағы, уақытша, тұрақты, берік, қазіргі заманғы, интуитивті түсініктер, визуальды, статикалық және динамикалық, өңдеуді түзету және өзгертуді қамтамасыздандыру, нәтижеге байланысты, сәйкес стандарттар мен технологиялар, мақсатың орындалуымен және т.б.

Аспаптық құралдардың дамуына қысқаша түсініктеме. Этаптар 1960 – 1975 – 1985 – 2000 жылдар. Тілдер, компиляторлар, компоновщиктер, құрастырушылар, жүктемелегіштер,  операциялық жүйелер, өңдеу құралдары және тестілеу, енгізу құралдары және программаны қолдау. Соңғы 20 жыл ішіндегі программалау тілдерінің даму схемасы.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.   Программа дегеніміз не?

2.   Аспап дегеніміз не?

3.   Программалаудың деңгейлері мен категорияларын атаңыз?

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 2224 | Теги: Өңдеу тәртібі. Құжат және мазмұн та | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: