-->
Главная » Статьи » Информатика

Деректердің желілік моделі.

Деректердің желілік моделі.


 DBTG деректер моделі. Негізгі түсініктер және анықтамалар. Деректерді ңқұрылым диаграммасы. Навигациялық амалдар.

Бұл стандартты құруға көп әсер еткен американ ғалымы  Ч.Бахман. Деректердің желілік моделінің негізгі принциптері 60-жылдардың ортасында құрылған, деректердің желілік моделнің эталонды варианты деректер қорының тілі (COnference on DAta SYstem Languages) CODASYL (1971 ж.) бойынша жұмыс топтарының есебінде сипатталды. Деректердің желілік моделі иерархиялық  сияқты терминдерде анықталынады. Ол көптеген жазбалардан тұрады, олар топтық қатынастың иесі немесе мүшесі бола алады. Жазба-иесі және жазба-мүшесі  арасындағы байланыс 1:N түрінде.

Бұл модельдердің жалпы ерекшелігі желілік модельде жазба бір топтық қатынастың мүшесі бола алады. Осы модельге сәйкес әр топтық қатынасқа ат беріледі және оның типі мен экземпляры арасында айырмашылық жүргізіледі. Топтық қатынас типі оның атымен аталады және осы типтің барлық экземпляры үшін жалпы қасиеті анықталынады. Топтық қатынас экземпляры жазба-иесі және бағыңынқы жазба көпмүшесімен (бос болуы мүмкін) ұсынылады. Осы кезде келесі шектеулер болады: жазба экземпляры топтық қатынастың екі экземплярының мүшесі бола алмайды.

Иерархиялық құрылым желелік құрылымға келесі түрде түрленеді:

·         Суретте көрсетілген (a) және (b) ағаштары бір желілік құрылымға ауыстырылады, онда ҚЫЗМЕТКЕР жазбасы екі топтық қатынасқа кіреді;

·          M:N типін кескіндеу үшін ҚЫЗМЕТКЕР_КЕЛІСІМ жазбасы енгізіледі, онда өрістер бар және ол тек  КЕЛІСІМ және ҚЫЗМЕТКЕР жазбаларының байланысы үшін керек (Ескеріп кетеміз, осы жазбада қажетті ақпарат сақталынады.)

Топтық қатынастың әрбір моделі келесі белгілермен сипатталады:

·         бағыныңқы жазбаның реттелу тәсілі:

o        еркін;

o        хронологиялық  /кезек/;

o        кері хронологиялық /стек/;

o        реттелген.

Егер жазба бірнеше топтық қатынаста бағыңынқы болып жариялансаонда олардың әрқайсысында реттелудің өз тәсілі бекітіледі. 

·         Бағыңынқы жазбаларды қосу режимі:

o        автоматты түрде – бірден иесіне бекітілетін жазбаны ДҚ енгізу мүмкін емес;

o        қолмен – бағыңынқы жазбаны ДҚ сақтауға мүмкіндік береді және оны топтық қатынас экземплярына қоспауБұл операция пайдалнушыменинициализацияланады.  

·         сыртқа шығару режимінде топтық қатынастарда бағыңынқы жазбалардың үш класс мүшесін ерекшелеу  қабылданған:

1.                            Жылжымалы.. Бағыңынқы жазба жазба - иесімен байланысты және оны топтық қатынастан тек жою арқылы шығаруға болады. Жазба-иесін жою кезінде барлық бағыңынқы жазбалар автоматты түрде жойылады. Жоғарыда қарастырылған мысалда жылжымалы мүшесі "КЕЛІСІМ" және "СҰРАНЫС БЕРУШІ" жазбалары арасында "ҚОРЫТЫНДЫЛАЙДЫ" топтық қатынасын ұсынады, бірақ келісім сұраныс берушісіз бола алмайды.

2.                            Міндетті. Бағыңынқы жазбаны басқа иесі бар жазбаға ауыстыруға болады, бірақ оны иессіз қалдыруға болмйды. Жазба-иесін жою үшін міндетті мүшесі бар бағыңынқы жазбасы болу керек. Мұндай қатынаспен "ҚЫЗМЕТКЕР" және "БӨЛІМ" жазбалары байланысты. Егер бөліп таратылып жатса, онда оның барлық қызметкерлері басқа бөлімге ауыстырылуы, болмаса жұмыстан шығарылуы керек.

3.                            Міндетті емес. Жазбаны топтық қатынастан шығаруға болады, бірақ оны басқаға тіркемей деректер қорында сақтауға болады. Жазба-иесін жою кезінде оның бағыңынқы жазбалары - міндетті емес мүшелері топтық қатынасқа қатыспай-ақ деректер қорында сақталынады. Мұндай топтық қатынастың мысалы "ҚЫЗМЕТКЕР" және "КЕЛІСІМ" арасындағы "ОРЫНДАЙДЫ" қатынасы болады, соншалықты ұйымда сұраушы алдында келісім міндетін орындаумен байланысты  қызметтегі жұмысшылар болады.

Деректердегі операциялар

·         ҮСТЕМЕЛЕУ (ДОБАВИТЬ) - қосылу режиміне сәйкес ДҚ жазбаны енгізу, оны бағыңынқы болып жарияланған топтық қатынасқа қосу, болмаса ешқандай топтық қатынасқа қоспау.

·         ТОПТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ҚОСУ (ВКЛЮЧИТЬ В ГРУППОВОЕ ОТНОШЕНИЕ) - бар бағыңынқы жазбаны жазба-иесімен байланыстыру.

·         АУЫСТЫРЫП ҚОСУ (ПЕРЕКЛЮЧИТЬ) - сол бір топтық қатынаста  бар бағыңынқы жазбаны басқа жазба иесімен байланыстыру.

·         ЖАҢАРТУ (ОБНОВИТЬ) – жазбадан алдын-ала алынған элементтер мәнін өзгерту.

·         АЛЫП ТАСТАУ -  кілт мәні бойынша жазбаларды тізбектей алып тастаусол сияқты топтық қатынасты қолданып - иесінен жазба мүшесінеал жиын иесіне бағыңынқы жазбаны өтуге болады.

·         ЖОЮ - жазбаны ДҚ алып тастау. Егер бұл жазба топтық қатынас иесі болып табылады, бағыңынқы жазбаның мүше класы талданады.Міндетті мүшелер алдын-ала топтық қатынастан шығарылуы керекжылжымасы иесімен бірге жойылады, міндетті еместері ДҚ қалады. 
ТОПТЫҚ ҚАТЫНАСТАН ШЫҒАРЫП ТАСТАУ (ИСКЛЮЧИТЬ ИЗ ГРУППОВОГО ОТНОШЕНИЯ) - жазба-иесі және жазба-мүшесі арасындағы байланысты бұзу.

 

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 2401 | Теги: Деректердің желілік моделі oracle қ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: