-->
Главная » Статьи » Информатика

Деректер қорын жобалау

Деректер қорын жобалау.


Тек үлкен ұйымдар деректерді бір толық интегралданған деректер қорында ғана қоғамдастырады. Көбінесе деректер қоры әкімшілігі (егер бұл тіпті тұлғалар тобы болса да) ұйымның барлық қызметкерінің (болашақ жүйе пайдаланушыларының) барлық ақпараттық талаптарын қамтуға шамалары келмейді. Сондықтан үлкен ұйымдардың ақпараттық жүйелері, әртүрлі бөлімшелердегі бірнеше өзара байланысқан ЭЕМ арасында үлестірілген он шақты деректер қорынан тұрады.  (Мәселен, үлкен қалаларда әртүрлі аудандарда орналасқан бір емес бірнеше  жеміс қоймалары құрылады.) Жеке ДҚ қандай да бір салаға қатысты, бір немесе бірнеше қолданбалы тапсырмаларды шешу үшін қажетті барлық деректерді  біріктіруі мүмкін (мысалы, қаржылық, студенттерге, оқытушыларға, аспаздық және т.б.). Біріншісін көбінесе қолдаңбалы ДҚ, ал екіншісін пәндік ДҚ деп атайды. (ақпараттық қосымшаға емес, ұйымның пәніне қатысты). (Біріншілерді материалды-техникалық демалыс немесе қамсыздандыру қорымен, екіншісін – жеміс және аяқ киім қорымен салыстыруға болады.) Пәндік деректер қоры кез келген ағымдық және болашақтағы қосымшаларды ұстануды қамтамасыз етеді.  Бірақ деректер элементтінің жиынтығына қолдаңбалы деректер қорының элементтер жиынтығы жатады. Осыған қатысты пәндік ДҚ өзгеретін, белгісіз, қалыптасатын сұраныс пен қосымшалардың негізін құрайды (қосымшаларда, деректерге қойылатын талаптарды алдын-ала анықтау мүмкін емес. Мұндай иілгіштік пен мүмкіндік пәндік ДҚ негізінде жеткілікті тұрақты ақпараттық жүйелер құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде бұрынғы қосымшаны қолданбай-ақ көптеген өзгеріс жасауға болады. Ағымдағы және алдағы қосымшаларда ДҚ жобасын негізге алып, жоғары қуатты ақпараттық жүйе құруды тездетуге болады. Сондықтан қолданбалы жобалау осы күнге дейін кейбір өңдеушілерді өзіне қаратады. Бірақ мұндай ақпараттық жүйенің қосымшалар санының өсуінен қолданбалы ДҚ саны өседі, деректердің көшірмесінің деңгейіөседі және олардың бағасы көтеріледі. Сонымен, жобалауға қатысты әр қарастырылған әдіс, әр түрлі бағыттағы жоба нәтижесіне әрекет етеді. Иілгіштік пен эффектілікке жету, пәндік және қолданбалы болып жақындау қолданылатын жобалау методологиясын қалыптастыруға әкеліп соқты. Жалпы жағдайда пәндік жақындау алғашқы ақпараттық құрылым тұрғызу үшін, ал қолданбалы – деректерді өңдеу эффектілігін жоғарлату мақсаты үшін қолданылады. Ақпараттық жүйені жобалау кезінде осы жүйенің мақсаттарына талдау жүргізу қажет және жеке пайдаланушыларына талап қою (ұйым қызметкерлеріне). Деректерді жинау осы мәнді қолданатын, процесс және ұйым мәннің оқудан басталады (дәлірек Б қосымшасында). Мәндер   "ұқсастығына" қарай (сол немесе басқа әрекетттерді орындау үшін қолданылатын жиілік) және араларындағы ассоциативтік байланыс жиілік санымен топталады. (тік ұшақ - жолаушы, оқытушы – пән, студент – сессия және т.б.). Аз ғана ұқсастығы және (немесе) ассоциативтік байланыс    жиілігі бар мәндер немесе мән  пәндік деректер қорына бірігеді. (Формальды әдісті қолданбай-ақ мәндер пәндік ДҚ бірігеді.) Әр пәндік ДҚ  (бірнеше ДҚ) жобалау және енгізу үшін, қор жобалауымен айналысатын ДҚӘ белгіленеді. Әрі қарай жеке реляциялық пәндік ДҚ жобалаумен байланысты сұрақтар қарастырылады. ДҚ жобалаудың негізгі мақсаты –  бұл сақталатын деректерді қысқарту, сонымен қатар, қолданылатын жады көлемін үнемдеу, көшірмелерді қайта жаңартатын операцияларға кететін шығынды азайту және жалғыз бір объект жөнінде мәлімет әрбір жерде сақталғандықтан қайшылықтардың пайда болу мүмкіндігін жою. "Таза" деп аталатын ДҚ жобасын ("Әр тұжырым бір орында") қатынасты қалпына келтіру методологиясын қолданып құруға болады.. Бірақ қалпына келтіру ДҚ жобалау кезеңнің аяқталуда қолданылады, біз жоба жөніндегі сұрақтарды талқылауды, Кодда талап еткендей қалпына келтіру теориясын негізін құру себебін қарастырудан бастаймыз.

                   Деректер қорын жобалау кезеңдері.

Кез келген деректер қорын құрудың мақсаты қандай да бір пәндік саладағы ақпаратты сақтау және қолдану болып табылады. Бұл мақсатты тарату үшін келесі құралдар қажет:

1.      Деректердің реляциялық моделі  -пәндік саладағы деректерді көрсетудің ыңғайлы әдісі.

2.      SQL тілі- осындай деректерді манипуляциялаудың әмбебап тәсілі.

Бірақ расында, сол бірдей пәндік саладағы реляциялық қатынастарды көптеген әртүрлі тәсілдермен жобалауға болады. Мысалы, көп санды атрибуттармен бірнеше қатынастарды жобалауға болады, немесе керісінше, барлық атрибуттарды үлкен санмен ұсақ қатынастарға тарату. Қалай анықтауға болады, қандай белгімен атрибуттарды сол немесе басқа қатынастарға орналастыруды?

Осы бөлімде реляциялық қатынасты жобалаудың "жақсы" немесе "дұрыс" тәсілдері қарастырылады. Алғашқыда біз, деректер  моделінің "жақсысы" немесе "дұрысын" талқылаймыз. Содан кейін бірінші, екінші, үшінші қалыпты форма қатынас түсінігі енгізіледі (1ҚНФ, 2ҚФ, 3ҚФ) және көрсетілген "жақсысы" үшінші қалыпты форма болып табылады.

Деректер қорын құру кезінде көбінесе бірнеше моделдеу деңгейлері ерекшеленеді, олардың көмегімен пәндік саладан нақты ДҚБЖ құралдарының деректер қорына өту жүргізіледі. Келесі деңгейлерді ерекше айтуға болады:

·       Сол пәндік сала

·       Пәндік сала моделі

·       Деректердің логикалық моделі

·       Деректердің физикалық моделі

·       Негізінен деректер қоры және қосымша

Пәндік сала – деректер қорында біз көрсететін, бұл қоршаған ортаның бір бөлігіМысалыпәндік сала ретінде кәсіпорынның, кадр бөлімінің, банктің, дүкеннің және т.б. бухгалтериясын  таңдауға боладыПәндік сала шексіз және қажетті түсініктер мен деректерден, сол сияқты аз ғана қажетті немесе тіпті қажет емес деректерден тұрады.

 

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 3845 | Комментарии: 1 | Теги: Деректер қорын жобалау oracle қазақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 nauriz_11   (11.03.2015 22:32)
Privet


Имя *:
Email:
Код *: