-->
Главная » Статьи » Информатика

Деректер қоры негізінде ақпараттық жүйені құрудың техникалық-ұйымдастыру проблемалары

Деректер қоры негізінде ақпараттық жүйені құрудың техникалық-ұйымдастыру проблемалары.

Әрі қарай біз қазіргі заман талабына қарай файлдық жүйені ұйымдастыру жөнінде айтамыз. Біріншіден, практика жүзінде барлық қазіргі кездегі компьютерлерде сыртқы жадының негізгі құрылғысына жылжымалы басы бар магнитті дискілер жатады және олар файлды сақтау үшін қажет. Мұндай магнитті дискілер магнитті пластина пакетінен тұрады, олардың арасында бір рычагта магнитті бас пакеті жылжып жүреді. Бас пакетінің жылжу қадамы дискретті, және бас пакетінің әрбір күйіне логикалық түрде магниттік дискінің цилиндрі сәйкес келеді. Цилиндр әр жоғарғы қабатта жол "сызады", әр жоғарғы қабат цилиндр санына сәйкес жол санына тұрады. Магниттік дискіні белгілеу кезінде (дискіні қолданудағы арнайы әрекет) әр жол ұқсас блоктар санына  белгіленеді, әр блок максимум бойынша байттар санын жазады. Сонымен, аппаратура деңгейінде магниттік дискімен алмасу үшін цилиндр нөмірін, жоғарғы қабат нөмірін, тиісті жолдағы блок нөмірін және байт санын көрсету керек. Бірақ бұл мүмкіндік магнитті дискімен порциямен алмасады, қазіргі кезде блок көлеміне азы файлдық жүйеде қолданылмайды. Бұл екі себеппен байланысты. Біріншіден, аппаратура дискімен алмасуды орындауда үш негізгі әрекет жасайды: керекті цилиндрге басты орналастыру, керекті блокты жолдан іздеу және осы блокпен алмасу. Осы әрекеттердің ішінде көп уақыт алатыны біріншісі. Сондықтан алмасудың қорытынды уақытын санау немесе жазу есебінен тек блок бөлігінен жеңіп алу мүмкін емес. Екіншіден, файлдық жүйе блок бөліктерімен жұмыс істеу үшін оперативті жадыны үлестіруді күрделірендіретін оперативті жады буферін тиісті өлшеммен қамтамасыз ету керек. Сондықтан барлық файлдық жүйеде, файл блоктарының адрес кеңістігінде тікелей адрестеу жиынтығын ұсынатын, файл жұмысын қамтамасыз ететін кейбір файлдық деңгей бөлінеді.  Файлдың бұл логикалық блоктарының өлшемі дискінің физикалық блогының өлшеміне ұқсас болады және көбінесе операциялық жүйемен бірге компьютер аппартурасымен ұсталынатын виртуальды жады бетінің өлшеміне тең болып таңдалады. Кейбір файлдық жүйеде базалық деңгей пайдаланушының қатынауына рұқсат етілген,  бірақ пайдаланушыға стандартты жоғарғы деңгеймен бүркемеленеді. Екі негізгі жақындау таратылған. Бірінші жақындауда, қасиетті, мысалы,  DEC RSX және VMS фирмаларының операциялық жүйелерінің файлдық жүйесі, пайдаланушылар файлды жазба тізбегі ретінде көреді. Әр жазба – бұл тұрақты немес айнымалы өлшемдегі байттар тізбегі. Жазбаны тізбектей жазуға немесе оқуға, немесе көрсетілген нөмірмен жазбаға файлды позиционирлеуге болады. Кейбір файлдық жүйелер өрісте жазбаны құрылымдауға мүмкіндік береді және кейбір жолдарды өріс кілтті етіп жариялайды. Мұндай файлдық жүйеде оның берілген кілтті бойынша файлдан жазбаны таңдауды талап ету керек. Шындығында, бұл жағдайда файлдық жүйе сол (немесе басқа) базалық файлда қосымша, пайдаланушыға көрінбейтін деректер құрылымын ұстайды. Кілттік файлдарды ұйымдастырудың таратылған тәсілі хэштеу техникасына және B-ағашына негізделеді (біз бұл жөнінде келесі дәрісте айтамыз). Файлды ұйымдастырудың көпкілттік тәсілі бар. Екінші жақындау, UNIX операциялық жүйесімен бірге белгілі болған, кез келген файл байттар тізбегі сияқты көрсетіледі. Файлдан байттардың көрсетілген санның  бас жағынан оқуға болады, болмаса оны алдын-ала көрсетілген нөмірмен байтқа позиционирлеу жүргізу. Ұқсастық, байттардың көрсетілген санның файлдың соңына жазуға болады, болмаса файлды позиционирлеуді алдын-ала жүргізу. Ескеріп кетеміз, пайдаланушыдан жасырын болатын, ОЖ UNIX файлдық жүйесінің  барлық әртүрлігінде болатын файлдың базалық блоктік көрсетуі. Сонымен, екі жақындау үшін файлды көрсетуді басқа түрге келтіретін функцияны түрлендіру жиынтығымен қамтамасыз ету.          Осыған мысал болып DEC фирмасының операциялық жүйеге орталығындағы Си тілінде программалау жүйесінің стандартты файлдық ортаны ұстау болып табылады. 

Файлдарға ат беру.

Қысқа түрде файлға ат беру тәсіліне тоқталамыз. Барлық қазіргі файлдық жүйелер сыртқы жадының қосымша файлдардың  арнайы құрылым каталогы есебінде файлға көпдеңгейлі ат беруді ұстанады. Әр каталог берілген каталогта бар каталогтар және/немесе файлдар атынан тұрады. Сонымен, файлдың толық аты тізімдегі каталогтар атынан тұрады және осыған қоса каталогтағы файл атынан. Әртүрлі файлдық жүйелерде файлға ат беру тәсілдері арасындағы айырмашылығы, ат тізбегі қайдан басталады содан тұрады. Бұл қатынаста екі соңғы нұсқа бар. Көптеген файлды басқару жүйелерінде әрбір файл архиві (анықтаманың толық ағашы) толығымен бір дискілік пакетте (немесе логикалық дискіде, операциялық жүйе құралдарының көмегімен жеке дискі болып көрсетілетін физикалық дискі пакетінің бөлімінде) орналасу керек. Бұл жағдайда файлдың толық аты тиісті диск орналасқан диск құрылғысы атымен басталады. Ат берудің мұндай тәсілі DEC фирмасының файлдық жүйесінде қолданылады, бұған жақыны дербес компьютерлердің файлдық жүйесі. Мұндай ұйымдастыруды изоляцияланған файлдық жүйені ұстану деп атауға болады. Басқа соңғы вариант Multics операциялық жүйесінің файлдық жүйесінде құрылған.

Файл қорғанысы.

Соншалықты файлдық жүйелер басқа пайдаланушыларға жататын файлдардың жалпы қоймасы болып табылады, файлды басқару жүйелері файлға қатынау авторизациясын қамтамасыз етеді. Жалпы түрде жақындау мынадан тұрады, әрбір тіркелген пайдаланушысына қатынасы бойынша берілген есептеу жүйесінің әрбір файлына осы пайдаланушыға рұқсат немесе рұқсат етілмеген, әрекет көрсетіледі. Осы жақындауды толық көрсетуге әрекет жасалынды. Бірақ бұл көп артық ақпаратты сақтау, сонымен бірге осы ақпаратты қатынау мүмкіндігін бақылау сияқты көп шығынға әкелді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай көптеген файлды басқару жүйелерінде файлды қорғауға UNIX ОЖ таралған жақындау қолданылады. Бұл жүйеде әр тіркелген пайдаланушыға бүтін санды идентификаторлар жұбы сәйкес келеді: осы пайдаланушыға қатысты топ идентификаторы және топтағы оның жеке идентификаторы. Әр файлда осы файлды құрған тиісті пайдалнушының толық  идентификаторы сақталынады,  және ол өзі файлмен қандай әрекет жасай алады, сол топтағы басқа пайдаланушылар файлмен қандай қатынау әрекеттерін жасай алады және басқа топ пайдаланушылары файлмен не істей алады. Бұл ақпарат өте жинақы, тексеру кезінде аз ғана әрекеттер қажет, және қатынауды бақылаудың бұл тәсілі көп жағдадйда қанағаттанарлық.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 1920 | Теги: Деректер қоры негізінде ақпараттық | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: