-->
Главная » Статьи » Информатика

Деректер қоры, файлдық жүйелер, ақпараттық жүйелер.

Деректер қоры, файлдық жүйелер, ақпараттық жүйелер.

Ақпараттық жүйелер бастапқы күйде тұрақты бар ақпаратты сақтауға, таңдауға және модификациялауға бағытталған. Ақпарат құрылымы өте күрделі, бірақ деректер құрылымы әртүрлі ақпараттық жүйелерде түрлі болып келеді, олардың арасында көп ұқсастық болады. Бастапқы кезеңде қолданылатын есептеу техникасының ақпаратты басқару үшін деректер құрылымының мәселелері әр ақпараттық жүйеде жеке шешілді. Файлдық жүйелерге (программа кітапханасы) қажетті қалпына келтірулер жүргізілді, осыған ұқсас компиляторда, редакторда жасалынатын және т.б. Бірақ ақпараттық жүйелер күрделі деректер құрылымын талап етеді, бұл деректерді басқарудың жеке қосымша құралдары ақпараттық жүйенің маңызды бір бөлігі болып табылады және практика жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге қайталанады. Біздің көз қарасымызға қарай, күрделі құрылымды деректерді басқаруға жауапты ақпараттық жүйенің жалпы бөлігін ерекшелеп және жалпылай көрсетуге тырысқанымыз ДҚБЖ құруға себепкер болды. Жақын уақытта белгілі болды, базалық файлдық жүйе тарататын деректерді сақтаудың күрделі әдістеріне  жалпы программалардың кітапханасыз болмауға мүмкін емес.

Бұны мысалда көрсетейік. Мысалы, біз қандай да бір ұйымның қызметкерлерін есепке алатын қарапайым ақпараттық жүйе құруымыз керек. Жүйе келесі әрекеттерді орындауы керек: бөлімдер  бойынша қызметкерлер тізімін беру, бір бөлімнене екінші бөлімге қызметкерлерді ауыстыру мүмкіндігін ұстану, жұмысқа жаңа қызметкерлер қабылдау және жұмыс істеп жүргендерді жұмыстан  шығару керек. Әр бөлім үшін осы бөлім жетекшісінің атын, бөлімнің жалпы саны, соңғы рет төленген төлем ақының жалпы құны алу мүмкіндігін ұстану қажет және т.б.. Әр қызметкер үшін қызметкердің толық аты-жөні бойынша куәлік нөмірі берілуі, куәлік нөмірі бойынша толық аты-жөні  берілуі, сол кездегі қызметкердің қызметі мен алатын  еңбек ақысы жөніндегі ақпарат алу мүмкіндігі болу керек.

Мысалы, біз осы ақпараттық жүйені файлдық жүйеге негіздемекші болдық және арнайы кітапхана функциясы есебінен файлдық жүйенің базалық мүмкіндіктерін кеңейтіп бір файлды ғана қолданамыз.  Бірақ біздің жағдайда минимальды ақпараттық бірлік қызметкер болып табылады, шынында талап ету керек, осы файлда әр қызметкер үшін бір жазба болу қажет. Мұндай жазба қандай өрістерде болады? Қызметкердің толық аты (ҚЫЗМ_АТЫ), оны куәлік  нөмірі (ҚЫЗМ_НӨМІРІ), қызметкердің тиісті қызметі жөніндегі ақпарат (қарапайымдылық үшін  "иә" немесе "жоқ") (ҚЫЗМ_СТАТ), жалақы көлемі (ҚЫЗМ_ЖАЛАҚЫ), бөлім нөмірі (ҚЫЗМ_БӨЛІМ_НӨМІРІ). Бірақ біз бір файлмен шектелгіміз келеді, сол жазба бөлім жетекшісінің атынан тұруы керек (ҚЫЗМ_БӨЛІМ_ЖЕТЕК). Біздің ақпараттық жүйенің функциясы талап етеді, осы файлға уникальды кілт бойынша көпкілттік қатынау мүмкіндгін қамтамасыз ету (әртүрлі жазбада қайталанбайтындай) ҚЫЗМ_АТЫ және ҚЫЗМ_НӨМІРІ.  Сонымен қатар, барлық жазбаларды ҚЫЗМ_АТЫ_НӨМІРІ жалпы мәнімен таңдау мүмкіндігі, басқаша айтқанда уникальды емес кілтпен қатынау. Бөлімдегі қызметкерлер санның немесе жалпы жалақы көлемін алу үшін, мұндай функцияны ақпаратық жүйе қайта-қайта орындау кезінде, бөлімнің барлық қызметкерлері жөніндегі жазбаны таңдауы керек және тиісті жалпы мәнді санау керек.

Біздің көретініміз, мұндай қарапайым жүйені файлдық жүйе базасында тарату біріншіден, афйлдарға көпкілтті қатынау үшін күрделі қалпына келтіруд құру жеткілікті, және екіншіден бөлім жөніндегі қорытынды ақпаратты алу үшін толық  таңдау мен есептеулер орындау және сақтауды талап етеді (әр бөлімнің әрбір қызметкері үшін жетекші аты қайталанады). Сонымен қатар, егер жүйені эксплуатациялау кезінде бізге, мысалы, берілген жалақыны алатын қызметкерлер тізімін беру керек, онда файлды толық немесе құрылымын қарап шығып, кілттік өріс деп ҚЫЗМ_ЖАЛАҚЫ жариялау керек.  Бірінші ойға келетіні - екі көпкілтті файл ұстау: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР және БӨЛІМДЕР. Бірінші файлда мынадай өрістер болу керек ҚЫЗМ_АТЫ, ҚЫЗМ_НӨМІРІ, ҚЫЗМ_СТАТ, ҚЫЗМ_ЖАЛАҚЫ, ҚЫЗМ_БӨЛІМ_НӨМІРІ, ал екіншісі - БӨЛІМ_НӨМІРІ, БӨЛІМ_ЖЕТЕК, БӨЛІМ_ҚЫЗМ_ЖАЛАҚЫ (жалақының жалпы көлемі) және БӨЛІМ_ӨЛШЕМ (бөлімдегі қызметкерлердің жалпы саны). Алдыңғы  абзацта айтылған шаралар жақсылап меңгеріледі. Әр файл тек қайталанбайтын ақпараттан тұруы керек, қажетіне қарай динамикалық есептеулерде қорытынды ақпрат болмайды. Бірақ ескеру керек, мұндай өту кезінде біздің ақпараттық жүйе оны ДҚБЖ жақындататын кейбір жаңа ерекшеліктері болу керек.         

Біріншіден, жүйе білуі керек, екі байланысқан файлмен жұмыс жасайтындығын (бұл деректер қорының схемасы жағына қадам), әр өрістің мәні мен құрылымын білу керек (мысалы,  ҚЫЗМЕТКЕЛЕР файлында  ҚЫЗМ_БӨЛІМ_НӨМІР және БӨЛІМ файлында БӨЛІМ_НӨМІР бір нәрсені білдіреді), сол сияқты түсіну қажет, бір файлдағы ақпараттың өзгеруі автоматты түрде екінші файлда модификацияны шақырады, себебі олардың жалпы құрамы келісілген болу керек. Мысалы, егер жұмысқа жаңа қызметкер қабылданса, онда ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР файлына жаңа жазба қосу керек, сол сияқты тиісті түрде БӨЛ_ЖАЛАҚЫ және БӨЛ_ӨЛШЕМ өрістерін, БӨЛІМ файлындағы осы қызметкердің бөлімін сипаттайтын өрісті өзгерту керек.

Деректер келісімі түсінігі деректер қорының кілттік түсінігі болып табылады. Шындығында, егер ақпараттық жүйе  (тіпті қарапайым, біздің мысалдағы сияқты) бірнеше файлда келісілген ақпаратты сақтауды ұстайды, оны деректер қорын ұстайды деп те айтуға болады. Егер деректерді басқарудың кейбір көмекші жүйесі олардың келісімін қамтамасыз етіп, бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, онда оны деректер қорын басқару жүйесі деп атауға болады. Бірнеше файлдарда деректердің келісім талабы функцияның кітапханасынан тыс бола алмаса: мұндай жүйеде деректер тұтастығын анықтайтын жеке деректері мен  білімі болуы керек.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 4274 | Теги: файлдық жүйелер, Деректер қоры, ақпараттық жүйелер oracle қазақша | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: