-->
Главная » Статьи » Информатика

Деректер моделі. Негізгі концепциялары.

Деректер моделі. Негізгі концепциялары.


Ескертіліп кеткендей инфологиялық модель, өмірді адамға түсінікті деректерді сақтау ортасының параметрлеріне толығымен тәуелсіз концепциясымен  бейнелейді.  Осындай модель құрудың көптеген әдістері бар: графтік  модель, семантикалық желілер, "мән-байланыс" моделі және т.б.  Осылардың ішіндегі ең әйгілі болғаны, екінші бөлімде қарастырылатын "мән-байланыс" моделі Инфологиялық модель ДҚБЖ "түсінікті" компьютерлі-бағдарланған даталогиялық модельге бейнеленуі керек. Деректер қорының теориялық өркендеу және практикалық қолдану процесінде, сол сияқты есептеу техникасының құралдарында әртүрлі даталогиялық модельді ұстанатын  ДҚБЖ құрылды. Бастапқыда иерархиялық даталогиялық модельдер құрылды. Ұйымдастырудың қарапайымдылығы мынада,  мәндер арасындағы алдын-ала берілген байланыстың бар болуы және деректердің физикалық модельдерінің ұқсастығы,  шектелген жады көлем бар ақырын жұмыс істейтін ЭЕМ –дағы иерархиялық ДҚБЖ жеткілікті өнім шығаруына мүмкіндік берді. Бірақ, егер деректердің ағаш тәрізді құрылымы боллмаса, онда иерархиялық модель құрған кезде және қажетті өнімге жету үшін көптеген қиыншылықтар пайда болды. Желілік модельдер сол сияқты аз ресурсты ЭЕМ үшін құрылды. Бұл «жиыннан» тұратын өте күрделі құрылымдар – екі деңгейлі ағашқа аты ауыстырылған. "Жиындар" тізім құра отырып, "жазба-түйін" көмегімен бірігеді. Желілік модельдерді құру кезінде ДҚБЖ өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін, көптеген "аз ғана қулықтар" ойлап табылды.  Қолдаңбалы программалаушы терминдерді білуі керек, ДҚБЖ бірнеше ішкі тілдерін оқуы керек, әр түрлі экземпляр, жиын, жазба арасында навигация жүргізу үшін деректер қорын логикалық құрылымын көз алдына бөлшек түрінде елестетуі керек. UNIX  операциялық жүйесінің бір құрушысы былай деп айтқан  "Желілік қор – бұл деректерді жоғалтудың дұрыс тәсілі". Иерархиялық және желілік ДҚБЖ практикалық қолданудың күрделілігі деректерді көрсетудің басқа тәсілдерін іздеуді талап етті. 60 жылдардың аяғында  деректерді манипуляция жасайтын ыңғайлы тілдері бар және ұйымдастыру жағынан қарапайымдылығымен ерекшелінетін, инвертирленген файл негізіндегі ДҚБЖ пайда болды. Бірақ мұндай ДҚБЖ деректерді сақтау үшін файлдар санына, олардың арасындағы байланыс санына, жазба ұзындығына және өріс санына шектеу қояды. Бүгінгі күні көп тарағаны реляциялық модельдер, ол жөнінде үшінші бөлімде қарастырылады. Деректердің физикалық ұйымдастырылуы ДҚ эксплуатациялық сипаттамасына жалпы әсер етеді. ДҚБЖ құрушылары деректердің физикалық моделін құруға тырысады, пайдаланушыға нақты бір  ДҚ құралын ұсынады. Заман талабына сай өнімді ДҚБЖ физикалық моделдерін реттеудің әртүрлі тәсілдері осы бөлімде оны қарауға мүмкіндік бермейді.

Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің  агрегациясы және жалпыламасы.

Инфологиялық модельдеудің мақсаты - құрылатын деректер қорында сақтауға ұсынылатын, адамға керекті сол ақпаратты жинау және көрсету тәсілдерімен қамтамасыз ету. Сондықтан деректердің инфологиялық моделін нақты тіл аналогиясы бойынша тұрғызуға тырысады (соңғысы мәтінді компьютерлік өңдеу күрделігінен таза түрінде қолданылуы мүмкін емес). Инфологиялық модельдің негізгі жоба элементтері ол мән, оның қасиеттері және арасындағы байланыс болып  табылады (атрибуттары).

Мән - деректер қорында сақталу жөніндегі ақпаратты ерекшелейтін кез келген (бір бірінен айырмашылығы бар объект). Мән дегеніміз ол адам, орынар, тік ұшақтар, дәм, түс және т.б. Мынадай түсініктерді айыра білу керек, мән типі және мән экземпляры  сияқты. Мән типі түсінігіне тұтас болатын бір текті тұлға, зат, жағдай немесе идея жатады. Мән экземплярына  жиындағы нақты зат жатады. Мысалы, мән типі ҚАЛА болуы мүмкін, ал экземпляр – Москва, Киев және т.б.

Атрибут - мәннің аты өзгертілген сипаттамасы. Оның аталуы мәннің нақты типі үшін уникальды, бірақ мәннің әртүрлі типтері үшін бірдей болуы керек (мысалы, ТҮС көптеген мән үшін анықталады: ИТ,  АВТОМОБИЛЬ, ТҮТІН және т.б.). Атрибуттар мән жөнінде қандай ақпарат жинау керектігін анықтау үшін қолданылады. АВТОМОБИЛЬ мәні үшін мысалы атрибут ТИП, МАРКА, НӨМІР БЕЛГІСІ, ТҮС және т.б. болады. Мұнда тағы тип және экземпляр арасындағы ерекшелік бар:

Қызыл, Көк, Банан түсті, Ақ түн және т.б., бірақ мәннің әр экземплярына атрибуттың бір мәні меншіктеледі. Атрибут және мән типтері арасында ерекшелік жоқ. Атрибут тек мән типімен байланыста болады. Басқа контексте атрибут өз бетінше мән бола алады. Мысалы,  автомобиль заводы үшін түс – бұл тек өнім шығарушы атрибуты, ал бояу фабрикасындағы түс – мән типі.

Кілт - атрибуттың минимальды жиыны, олардың мәні бойынша керекті мән экземплярын табуға болады. Минимальдық білдіреді, кез келген атрибут жиынынан шектеу, қалғандары бойынша мәнді идентификациялауға мүмкіндік береді. Мән үшін Кесте кілті болып Рейс_нөмірі атрибуты немесе жиын: Шығу_пункті, Ұшу_уақыты және Бару_пункті (шарт бойынша, бір пункттен екінші пунктке әр уақыт сайын бір тік ұшақ ұшады).

Байланыс - екі немесе одан көп мәндерді ассоцияциялау. Егер деректер қорын міндеті өзара бір бірімен байланыспаған тек сақтау болса, онда оның құрылымы қарапайым болады. Бірақ деректер қорын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың негізгі біреуі – бұл бір мәнді басқаның мәнімен іздеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Сол сияқты нақты деректер қорында жүздеген немесе мыңдаған мәндер болуы мүмкін, онда олардың арасында теория жүзінде миллион байланыс орнатылуы мүмкін. Мұндай көптеген байланыстың бар болуы инфологиялық модель күрделігін анықтайды.

Байланыс сипаттамасы және модельдеу тілі. Инфологиялық модель құру кезінде ER-диаграмм (ағылшынша Entity-Relationship, т.с. мән-байланыс) тілін қолдануға болады. Мұнда мәндер белгіленген тікбұрышпен, ассоциациялар - белгіленген ромб немесе алты бұрышпен, атрибуттар - белгіленген овалмен, ал олардың арасындағы байланыс - байланыс деңгейі қойылатын бағытталмаған қабырғамен кескінделеді («көп» сөзін ауыстыратын, 1 немесе әріп қойылады") және қажетті түсініктеме келтіріледі.

Екі мән арасында, мысалы А және В арасында төрт түрлі байланыс болуы мүмкін.

Бірінші типі –  БІРГЕ-БІР (1:1) байланысы: әр уақыт сайын әр А мән экземплярына В мән экземплярының 1 немесе  0 тиісті болады.

Студент стипендия алады, соның ішінде жай немесе жоғары стипения алуы мүмкін.

 

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 3834 | Теги: Деректер моделі, Негізгі концепциялары oracle қазақш | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: