-->
Главная » Статьи » Информатика

Дербес компьютерлердің сыртқы қүрылғыларына шолу.

Дербес компьютерлердің сыртқы қүрылғыларына шолу.

 

Монитор (дисплей) – текстік және графиктік мәліметтер, визуалды көр­се­туге арналған стандартты шығару құрылымы. Қызмет принципіне байланысты монитор – электронды-сәулелік трубкалы мониторға және сұйық криссталдағы дисплейға бөлінеді.

Электрлі-сәулелік трубкалы монитор

Электрлі-сәулелік трубка шыны колба ретіндегі электрлі-вакуумды құрылым, басжағында электронды трубкасы бар, ал түбінде люминофор қабығы бар экран. Жылыту кезінде электрондар ағымы электронды пуш­каны сәулелендіреді, ол жоғарғы жылдамдықпен экранға жылжиды.

Электрондардың әсерінен, қолданушыға көрінетін, люминофор жарық шығарады. Люминофор электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақыты­мен ерекшеленеді. Электронды сәуле экранды солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай қатарларға бөліп, өте тез қозғалады. Экранды жайған (раз­вертка); яғни қозғалтқан уақытында, бейненің пайда болу жерінде сәуле сол қарапайым люминофорды қапталған аймақтарға әсер етеді.

Сәуленің интенсивтілігі әр уақытта өзгеріп тұрады, сондықтан сәйкес экран аймақтарының да жарықтығы өзгереді. Жарық тез жойылатын­дықтан, электронды сәуле ардайым экран бетінде оны қалпына келтіруі керек.

Жарық уақыттылығы мен жиілігі бір-біріне сәйкес келу керек. Верти­калды жаю жиілігі 70-85 Гц тең, яғни экран жарығы 70-85 рет секун­дына жаңартылады.

Жиіліктің төмендеуі бейненің өшіп-жануына әкеліп соқтырады, ал ол көзді шаршатады. Мониторлар белгіленген жаю жиілігіне, сонымен қатар кейбір диапазонда әр түрлі жиіліктерге ие. Жаюдың екі режимы болады: Іnterlaced (жоларалық) және Non Іnterlaced (жолдық). Әдетте, Non Іnter­laced-ті жаюды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай қатар бойымен сканерлейді, бейнені бір өткен кезінде қалыптастырады. Іnter­lacedрежимінде сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай 2 рет өткен кезде сканерлейді: алдымен тақ қатарлар сонымен жұп қатарлар.

Жолдық режиміндегі толық кадрдың қалыптасу кезіндегі кеткен уақытқа қарағанда жоларалық жаю кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондық­тан 2 режимге де жаңару уақыты бірдей.

Электронды сәулелі трубкасы бар мониторлар үшін экрандар дөңес және тегіс болады. Кейбір үлгілерде Trіnіtron технологиясы қолданылады. Бұл технологияда экран горизонталь бойымен сәл қисықтау, вертикаль бойымен тегіс болады. Мұндай экранда әдетте бликтер аз және бейне сапасы жақсырақ болады.

Сұйық кристалдағы дисплейлер (Lіquіd Crystal Dіsplay – LCD)

Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5Вт, электронды-сәулелі трубкасы бар монитор 100 Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің 3 түрі болады:

·          Монохромды пассивті матрицамен;

·          Түрлі түсті пассивті матрицамен;

·          Түрлі түсті активті матрицамен.

Сұйық кристалл негізіндегі дисплейлерде поляризациялы фильтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшық­тан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар малекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсерінен малекулалар өз бағытын өзгертеді.

Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр заряды (қуаты) басқарады, ол экран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал.

Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады. бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді (пассивті матрицасы бар дисплейлерге қарағанда, себебі әр ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады). Сәйкесінше, активті матрица электр энергиясын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.

Монитордың негізгі параметрлері

Қолданушының көзқарасы бойынша монитордың негізгі мінездемесіне оның диагональ бойынша өлшемі, шешуші қабілеттіліктер, регенерация жиілігі (жаңарту) және қорғау класы жатады.

Монитор размері. Монитордың экраны диагональ бойынша дюймда өлшенеді. Оның размері 9 дюймнан (23 см42 дюйм (106 см) арасында өзгеріп отырады. Ең кең тараған размерлер 14, 15, 17, 19 және 21 дюйм.

Шешуші қабілеттілік. Графикалық режимде бейненің жұмысы мони­тор экранында нүктелерден (пикселдер) құралады. Горизонталды және вертикалды орналасқан нүктелер саны шешуші қабілеттілік деп аталады. "Шешуші қабілеттілік 800×600” сөзі монитордың әрқайсысынан 800 нүкте­сі бар 600 горизонталды қатарды шығара алады деген сөз.

Шешуші қабілеттіліктің стандартты режиміне: 800×600; 1024×768; 1152×864 және одан жоғары болады. Монитордың бұл қызметі экран нүк­тесінің (дән) размерімен анықталады. Экранның дән размері қазіргі мони­тор­да 0.28 мм-ден аспайды.

Регенерацияның жиілілігі. Бұл параметр басқаша кадрлы развертканың жиілілігі деп аталады. Ол монитордың секундына экранды неше рет жа­ңар­татынын көрсетеді. Регенерацияның жиілілігі герцпен (Гц) өлшене­ді. Жиілілігі көп болған сайын көз аз шаршайды және ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады. Бүгінгі күні ең азы болып 75 Гц жиілілігі болып саналады, орташасы – 85 Гц, комфорттысы – 100 Гц және одан көп. Бұл па­ра­метр бейнеадаптердің міндетіне байланысты.

Мониторды қоргау класы стандартпен анықталады және қауіпсіздік техникасын талап ету көзқарас бойынша монитор жауап береді. Қазіргі жалпы қолданатын ТСО-92ТСО-95 және ТСО-99 халықаралық стандарты болып табылады және адамның денсаулығына зиянсыз болатын электро­магнитті сәуле деңгейін эргометрикалық және экологиялық нормаларды шектейді.

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 1579 | Теги: Дербес компьютерлердің сыртқы қүрыл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: