-->
Главная » Статьи » Информатика

Бейнеадаптер

Бейнеадаптер

Монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады, оны бейнеадаптер деп атайды. Монитормен бірге бейнекарта персоналдық компьютердіңбейне бағыныңқы жүесін құрайды.

Бейнеадаптерда жеке тақшаның кеңейтілуі бар, оны аналық тақшасы­ның арнайы слотына орналастырады (қазіргі ДК-де бұл слот AGP). Бейне­адаптер бейнеконтраллер, бейнепроцессор және бейнежады функцияларын атқарады.

ДК пайда болғаннан бері бейнеадаптердің бірнеше стандарттары өзгерді:

·          MDA (Monochrom Display Adapter) – монохромды;

·          CGA(Color Graphics Adapter) – 4 түс;

·          EGA (Enchanced Graphics Adapter) – 16 түс;

·          VGA (Video Graphics Array) – 256 түс;

·          SVGA (Super VGA) – 16.7 млн. түске дейін.

Бұл стандартқа барлық программалар есептелінген, ІBM – біріктірілген.

Құрастырылған графикалық бейнелер бейнеадаптердің ішкі жадысында сақталады. Ол бейнежады деп аталады. Бейнежадының сыйымдылығы берілген шешуші қабілеттілікке және түстер палитрасына тәуелді, сондық­тан жоғары шешуші қабілеттілікпен толық түсті гамма режимінде жұмыс істеу үшін көбірек бейнежады қажет. Қазіргі кездегі көптеген бейне­карталар бейнежадының көлемін 512 Мбайтқа және бейнеакселерация қасиет­терін кеңейтуге мүмкіндігі бар.

Бұл қасиеттің мәні операцияның бір бөлігі бейнелі құруда математика­лық шығарылымсыз да жүре алады.

Бейнеакселераторлар бейнеадаптердің құрамына кіре алады және бейнекартаға жалғастырылып, және аналық тақшада орналастырылып жеке тақша кеңейтілуінде беріледі. Бейнеакселераторлардың 2 типін ажыратады: тегіс және үшдеңгейлі график үшін. Тегіс ол жалпы көр­сетілген қолданбалы программалар үшін тиімді және ол Wіndows ОЖ үшін оптимизацияланған, басқалары әр түрлі мультимедиялы және ойын-сауық программалармен жұмыс істеуге негізделген.

Пернетақта

Пернетақта басқару бұйрықтарымен және алфавитті-цифрлік мәлімет­терді енгізудің стандартты клавишті құрылымы. Монитор мен пернетақта комбинациясы қолданушының жеңіл интерфейсін қамтамасыз етеді: пернетақтаның көмегімен компьютерлік жүйені басқарады, ал монитордың көмегімен нәтижені алады.

Пернетақта ПК-ның стандартты құрылымына жатады, сондықтан оның негізгі функцияларының іске асуы үшін арнайы жүйелік программалар қажет етілмейді (драйвер). Пернетақта жұмыс істеуінің программалық қамтамасыз етілуі енгізу-шығару BІOS негізіндегі жүйесінің құрамындағы микроүрдінің тұрақты жадысында орналасқан.

Пернетақтаның QWERTY стандарты бойынша енгізілген 101-104 кла­виша­сы бар, (пернетақтаның алфавит бөлігінің жоғарғы сол жағындаQWERTY клавишалары орналасқан). Олар тек орналасу варианттарымен және қызмет клавишасының формасымен және тілде қолданатын шарттасылған ерекшеліктер ажыратады.

Пернетақтаның клавиша жиынтығы бірнеше функционалды группаға бөлінген: алфавитті-цифрлы, функционалды, курсорды басқару, қызметші, қосымша панельдер клавиші.

Манипулятор

Кішкентай екі (немесе үш) клавишасы бар пластмассалы коробка ретін­де болады. Манипуляторды бетімен жылжыту монитор экранындағы мани­пуля­тор курсоры деп аталатын графикалық объектіні жылжытумен син­хро­низацияланған. Пернетақтадан айырмашылығы манипулятор басқару­дың стандартты құрылымы бола алмайды, сондықтан онымен жұмыс жасау үшін, арнайы жүйемен программа – манипулятор драйвері қажет. Драйвердің көзқарасы бойынша драйвер оқиға болды ма, манипулятор курсоры қазір экранның қай жерде екеніне анализ жасай отырып манипуляторның барлық жылжуы және оның клавишаларының кликтері оқиғаға байланысты қарастырылады. Бұл мәліметтер қолданбалы програм­маға беріледі, онда қолданушы жұмыс жасайды және осы арқылы программа қандай команда екенін және оны орындауға бастауды анықтайды.

Сыртқы құрылымдар

Перифериялық немесе сыртқы құрылымдар деп блок жүйесінің сыртында орналасқан арнайы этапта әрекеттестірілген ақпаратты өңдеу. Ең алдымен – бұл шыққан нәтижелердің тұрақталған құрылымы: принтерлер, плоттер­лер, модемдер, сканерлер.

Принтерлер

Принтерлер ақпараттың қатты тасымалдауына шығаруға арналған, көп жағдайларда олар қағазға шығарылады. Принтердің үлгісінің көптеген түрі бар, оларды қызмет принципіне, интерфейсіне, өндіргіштігіне функцио­нал­ды мүмкіндіктеріне байланысты өзгертеді. Қызмет принципіне байла­нысты: матрицалық, бүріккіш, лазерлі принтер болып бөлінеді.

Матрицалық принтерлер

Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағаз валының көмегімен принтерге енеді. Қағазбен баспа торабының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лента­ны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады. баспа торабында орна­ласқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгі­ленуінің т.б. кодтары сақталады. Бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.

Сия бүріккіш принтер

Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қыз­мет принципі марицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы шашыратқыш және сия резервуары орналасқан. Орташа енгізілген саны 16-дан 64-ке дейін, бірақ шашыратқыш саны қара сия үшін 300-ге дейінгі үлгілер бар, ал түрлі-түсті де 416-ға дейін. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді (картридж), оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш прин­терлер картридждерді ақ-қара және түрлі-түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.

Лазерлі принтер

Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографикалыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппараттардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын порошоктың қабаты себіледі (тонер). Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүк­телерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады.

Түрлі-түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі-түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі-түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады.

Сканер

Сканер компьютерге бір түсті немесе түрлі-түсті бейнелерді, графи­калық және текстік ақпаратты есептеуге мүмкіндік беретін құрал. Сканерді тексті немесе графикалық бейнені ары қарай жасау үшін компьютерге енгізу қажеттілігі кезінде туады. Сканерленгеннен кейін ақпарат арнайы программалар қамтамасыз етілу арқылы өңделеді және текстік немесе графиктік файл ретінде сақталады.

Қызмет принципі

Сканердің негізгі қызметі – CCD-матрица (Charge Coupled Device –зарядталған байланысы бар құралғы) немесе РМТ (фотомножитель). CCDматрица – сыртқы шиеленіс қатысуымен жарыққа әсер ететін диод жиын­тығы. Матрицаның сапасы бейнелерді тану сапасына тәуелді. Арзан үлгілер түстің барын, жоқтығын таниды, күрделі үлгілер – сұрғылт түсті, ал өте күрделісіне – барлық түстер жатады. Сканерленетін объект ксенон­дық лампамен немесе светодиодтар жиынтығы арқылы жарықтанады. Жарықталған сәуле айна немесе линза жүйелерінің көмегімен CCD матрицасына проектіленеді. Жарықтық және сыртқы шиеленіс ықпалы бетінің ауыстырылуына және әр түрлі элементарлы фрагменттің бейне­сінің интенсивтігіне байланысты өзгеретін матрица аналогты сигналды тудырады. Сигнал цифрланып компьютердің есіне берілетін аналогты – цифрлі жаңғыртуға беріледі.

Сканер классификациясы

Сканерленетін әдісімен ажыратылатын оригинал санына және оптикалық жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің үлгілері бар. Ауыстырылу әдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды және қолды болып бөлінеді.

Негізгі техникалық сканерлердің сипатттамалары

Сканер кез-келген объектіні жеке нүктелер пикселдер жиынтығы деп қарастырады. Пикселдің тығыздығы (саны бірлік көлемге) сканердің ше­шу­ші қабілеттілігі деп аталады және dpі да өлшенеді (dpі – дюймдағы нүкте). Пикселдер бейнені құра отырып, қатар бойынша орналасады. Сканерлеу процесі қатар бойынша жүреді және барлық қатар бір уақытта сканерленеді. Жай сканерлеудің шешуші қабілеттігі 600-1200 dpі-ді құрай­ды. Бейне нүктелерінің жанында орналасқан математикалық құру пара­метр­лерінен қолдану программалық жолға жетудегі интерполяционды шешуші қабілеттікте үлкен мағына көрсетіледі.

Сканерленген материалдың сапасы оптикалық шешуші қабілетке байланысты: фотожиынтық машинасында басылатын көркем суреттерде шешуші қабілет 1200-1400 dpі-ді құру керек. Лазерлі немесе бүріккіш принтердегі суреттерді шығару үшін 300-600 dpі, суретті монитор экра­нында көру үшін 72-150 dpі, тексті тану үшін 200-400 dpі.

Түстердің көрсету тереңділігі оригиналды цифрлы формаға құру кезінде кез-келген суретін пикселі туралы мәлімет сақтайды. Жай сканер­лер түстің барын не жоғын анықтайды да нәтижелі сурет ақ-қара түсті болады. Пикселдерді көрсету үшін 1 разрядтың өзі жеткілікті қара түс пен ақ түс арасында сұрғылт түсті беру үшін ең аз, дегенде 4 разряд (16 түс) немесе 8 разряд (256 түс) қажет. Қазіргі көптеген түрлі-түсті сканерлер 48 разрядты түсті ұсынады және суретті сапалы түрде сканерлеуге болады.

Модемдер

Модем дегеніміз – компьютерлердің қарапайым телефон сымдарымен қосылуына арналған құрылғы. Модем деген мынадай 2 сөздің қысқарты­луынан пайда болған: Модуляция және Демодуляция.

Компьютер дискретті электр сигналдарын жібереді, ал телефон сымда­рымен ақпарат аналогтық түрде беріледі (яғни, сигналдар арқылы). Модемдер цифрлықты-аналогтыққа және аналогтықты-цифрлыққа алмас­тыру функцияларын атқарады. Деректер жіберілгенде, модемдер ком­пьютер­дің цифрлық сигналдарын телефон сымдарының үзіліссіз жиілігіне жібереді, ал қабылдаған кезде ақпаратты демодуляциялайды да ком­пьютер­ге цифрлық түрінде жібереді. Модемдер деректерді телефон арна­лары секундына 300-ден 56000 бит жылдамдықпен жібереді, ал арнайы арналар арқылы жылдамдық одан да жоғары болады.

Модемдер атқаратын жұмысына байланысты ішкі (компьютердің жүйе­лік блогына

қойылатын) және сыртқы (бір коммуникациялық порт арқылы қосылады немесе корпустан тұрады) болып бөлінеді. Бірақ, олар белгілі коммуникациялық программалармен қамтамасыз етілмесе, жұмыс істей алмайды. Үлгілерге ең қажетті құрылған болып протокол жатады. Протоколдың ең қарапайым кең тараған түрлері болып v.32 bіsv.34v.42 bіs және т.б. танылады. Қазіргі кездегі модемдер арқылы факстық хабар­ламаларды жіберуге жә­не қабылдауға болады. Мұндай құрылғыларды факс – модемдер деп атайды

Категория: Информатика | Добавил: admin_ (17.11.2013)
Просмотров: 4063 | Теги: Бейнеадаптер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: