-->
Главная » Статьи » Разные

Гидравликалық жетектi тежеуiш механизмi.
 Гидравликалық жетектi барабанды тежеуiш механизмi автомобильдерде (3.7-сурет) қолданылады. Ол тiрек дискiсiне (2) орнатылған екi колодкадан (13), доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнен (3), тiрек саусақтарынан және реттеуiш эксцентриктен тұрады. Колодканың сыртқы бетiне фрикциялық жапсырма тойтарылған. Алдыңғы жапсырма артындағысына қарағанда ұзындау, өйткенi тежеген кезде ол доңғалақтың тежеуiш барабанына үлкен күшпен қысылады. Бұл оның бiркелкi тозуын қамтамасыз етеледi. Колодкалар бiр-бiрiмен серiппе арқылы тартылған. Олардың төменгi шеттерi тiрек саусақтарына (11) кигiзiлген эксцентриктiң шайбасына, ал жоғарғысы – доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнiң поршень сухариктерiне терiледi. Колодка мен доңғалақтың тежеуiш барабаны арасындағы саңылау тiрек дискiсiндегi колодка астына орналасқан эксцентрик (1) көмегiмен ретке келтiрiледi. 3.8-сурет. Басты тежеуіш цилиндрі: 1-резервуар, 2-айдау клапаны, 3-кері қайтару клапаны, 4-тығын, 5-компенцациялық тесік, 6-тежеуіш педалы, 7-шток, 8-поршень, 9-қайта жіберу тесігі, 10-серіппе, 11-цилиндр, 12-резенке манжета, 13-пластинкалы клапан Д о ң ғ а л а қ т е ж е у i ш i ц и л и н д р i оның дискiсiне бекiтiлген корпустан (8), корпусқа орнатылған екi поршеньнен (6) және сухариктен (5) тұрады. Поршеньде нығыздауыш ретiнде серiппе көмегiмен резеңке манжета (19) пайдаланылады. Цилиндрге шаң, тозаң түспес үшiн, ол екi жағынан резеңке қалпақпен жабылған. Цилиндр корпусында екi канал бар. Төменгi канал арқылы басты тежеуiш цилiндрiнен тежеуiш сұйығы келiп түседi, ал жоғарғысы арқылы – тежеуiш жүйесiнен ауа шығарылады. Осы каналдың шығару тесiгi резеңке қалпақты қайта жiберу клапанымен (10) бiтелген. Тежеуiш сұйығы басты тежеуiш цилиндрiнен металл түтiгi және резеңкелеген матадан жасалған солқылдық шланга арқылы доңғалақтыға берiледi. Б а с т ы т е ж е у i ш ц и л и н д р i (3.8-сурет) тежеуiш сұйығына арналған резервуармен (1) бiрге құйылады. Оның корпусы автомобильдiң рамасына бекiтiлген. Цилиндрдiң қуысына (11) поршень (8), серiппе және керi қайтару клапаны (3) орналасқан. Поршеньге тесiк iстелген, ол құрастырылған күйiнде пластинкалы клапанның (13) жапрақшасымен жабылып тұрады. Керi қайтару клапаны ұяға серiппемен қысылған, ал клапан табақшасында босаң серiппелi айдау клапаны (2) монтаждалған. Цилиндр үлкен (9) қайта жiберу және кiшi тесiгi (5) бар (компенсациялы) резервуармен қосылған. Тежеуiш сұйығы резервуарға тығынмен (4) бiтелетiн қақпақтағы тесiк арқылы құйылады. Жұмыс кезiнде бүкiл жүйе үнемi тежеуiш сұйығына толып тұрады. Тежеуiш сұйығы ретiнде «Неваң сұйығы, БСК немесе кастор майының 50% мен, бутил спиртiнiң 50% қоспасы қолданылады. Автомобильдi тежегенде жүргiзушi шток арқылы поршеньдi (8) жылжыта аяғымен педальды (6) басады, ол тежеуiш сұйығына қысым түсiредi. Сұйық доңғалақ тежеуiшi цилиндрiне айдау клапаны арқылы бас цилиндрден поршеньмен ығыстырылып шығарылады, оларды поршень доңғалақ барабанына қысып, тежеуiш колодкасын ажыратады. Жүргiзушi аяғын педальдан алған кезде, колодканың кейiн қайту серiппесi оларды тежеуiш барабанына ығыстырып, тежеуiш цилиндрлерiнiң поршенiн жақындатады. Осы кезде тежеуiш сұйығы түтiк арқылы бас цилиндрге қысылады, оның поршенi өзiнiң бастапқы қалпына қайта оралады. Тежеуiш педалы толық босатылғанда, поршень алдындағы бас цилиндрдiң қуысы компенсациялық тесiк (5) арқылы резервуармен жалғасады, ал керi қайтару клапаны (3) әсерiнен гидравликалық жетек жүйесiнде цилиндр артық қысым сақтайды да жүйенiң iшiне ауа ене алмайды. Егер жүргiзушi тежеуiш педалын кiлт жiберiп қойса, цилиндрде поршень айналасындағы сиретiлу әсерiнен сұйықтық поршеньмен қабаттаса ондағы тесiк және қысылған манжета арқылы цилиндр қуысына енедi, мұның өзi жүйеге ауаның кiруiн болдырмайды. Гидравликалық жетек жүйесiнде басты тежеуiш цилиндрi мен доңғалақ цилиндрiнiң аралығында тежеуiштiң гидровакуумдық кщүшейткiшi қосылған. Двигательдiң түтiк өткiзгiшiнiң соруы нәтижесiнде пайда болатын сиретiлу (вакуум), автоиобильдi тежеуiшпен басқаруды жеңiлдетедi. Күшейткш тежеу кезiнде жүйедегi қысымды 4,5-5 МПа арттырады, мұның өзi тежеуiш педалына 650-700 Н күшпен әсер еткенге тең. Г и д ро в а к у у м д ы қ к ү ш е й т к i ш (3.9-сурет) күш камерасынан (4), гидравликалық күшейткiш цилиндрiнен (9) және басқару клапанынан тұрады. Камера корпусы дегенiмiз қамыттармен қосылған екi штампталған табақша. Табақшалар аралығына серiппе орнатылып, диафрагма жиектерi қысылған. Диафрагма табақша мен күшейткiш цилиндрiнде орналасқан поршеньдi (10) түрткiш (12) арқылы қосылған. Поршень iшiнде серiппелi шариктi клапан орналасқан. Басқару клапаны поршень (11), серiппелi диафрагма (7) және штокпен өзара қосылған ауа (5) және вакуумды (6) екi клапандардан тұрады. Гидровакуумдық күшейткiш мына тәртiппен жұмыс iстейдi. Тежеуiш педалы босатылғанда, басқарудың ауа клапаны жабылады, ал вакуумдық клапан ашылады, сол арқылы (А мен Б) күш камерасының қуыстары өзара бiр-бiрiмен қосылады. Демек А мен Б қуыстарында бiрыңғай қысым пайда болады. 3.9-сурет.Гидроваккумдық күшейткіштің схемасы: 1-тежеуіш педалы, 2-енгізгіш түтік өткізгіші, 3-жапқыш клапаны, 4-күш камерасы, 5-ауа клапаны, 6-ваккум клапаны, 7-басқару клапанының диафрагмасы, 8-ауа сүзгіші, 9-күшейткіш цилиндры, 10-поршень күшейткіші, 11-басқару клапанының поршені, 12-түрткіш,13-доңғалақты тежеуш цилиндры, 14-басты цилиндр тежеуіші, А,Б- күш камерасының қуысы Тежеуiш педалын (1) басқан кезде, басты тежеуiш цилиндрiнен күшейткiш поршеньнiң (10) ашық тұрған шариктi клапанымен сұйық доңғалақты тежеуiшке келiп түседi, сөйтiп оны жұмысқа қосады. Тежеуiш педалында қысымның артуына қарай поршень (11) мен басқару клапанының диафрагмасы (7) жоғары жылжиды. Осы кезде вакуумдық клапан (6) жабылады да, А мен Б қуыстары өзара бiр-бiрiнен ажыратылады, ал ауа (5) клапаны ашылады. Б қуысында сиретiлу пайда болады, өйткенi ол двигательдiң енгiзгiш түтiк өткiзгiшiмен ауа түтiк өткiзгiшi арқылы байланысты. Диафрагмадағы күш камерасының А мен Б қуыстарындағы қысымның айырмашылығы нәтижесiнде, түрткiш пен күшейткiш поршенi (10) оңға ығысады, шариктi клапан жабылады да, гидровакуумдық күшейткiштiң қосымша қысымы әсерiнен, поршень айналасындағы тежеуiш сұйығының қысымы артады. Жүргiзушi тежеуiш педалына неғұрлым көбiрек күш жұмсаса, соғұрлым гидровакуумдық күшейткiш диафрагмасында ауа қысымы артады, мұнымен қатар, доңғалақ тежеуiш цилиндрiндегi сұйық қысымы да күшейе түседi. Осының нәтижесiнде автомобильдiң тежеуiш жолының ұзындығы қысқарады. Басқару клапаны мен енгiзгiш түтiк өткiзгiшi аралығына жапқыш клапан (3) орнатылған, ол двигатель тоқтаған кезде оларды автоматты түрде ажыратады. Двигатель тоқтаған кезде Б қуысында вакуум запасы болғандықтан, двигатель жұмыс iстемей тұрғанның өзiнде күшейткiш арқылы бiр-екi тежеудi қамтамасыз ете алады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1848 | Теги: Гидравликалық жетектi тежеуiш механ | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: