-->
Главная » Статьи » Философия

Жаңа заман және ағартушылық философиясы

Жаңа заман және ағартушылық философиясы

 

      Дәрістің мақсаты: классикалық жаңаеуропалық философиялық ойының дамуының өзіндік сипатымен, негізгі гносеологиялық мәселелермен және оның шешілу жолдарымен, адам және қоғам туралы ойларымен таныстыру.

 

Негізгі сұрақтары:

1. Жаңа заманның рационалистік и эмпирикалық дәстүрлері(Ф. Бэкон, Р. Декарт).

2. Д. Локктың сенсуалистік гносеологиясы және Т. Гоббстың философиялық  концепциясы.

3. Б. Спинозаның субстанция мәселесі және Лейбництің монадологиясы.

4. XVIII ғ. Француз материализмі.

 

1. XVII ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан философияның ғылыми жаратылыстық алғышарттары қалыптасып, философия  схоластикалық ойлаудан діннен толығымен арылды, ақылыдың құдіретілігі мен ғылыми зертеулердің шексіз мүмкіндіктері туралы айтқан ілімдер қалыптасты.

    Жаңа заман философиясына жаратыластанудың тәжірбесінен туындаған материалистік тенданция тән.

    XVII ғасыр Еуропаның философиясының ірі өкілдері Ф. Бэкон, Т. Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).

    Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды.

      Философия практикалық сипатқа ие болып, адамзат тағдырына нақты ықпал етуіне байланысты өмірлік қолданыс тапты.

Жаңа заман философтарының қарастырған мәселелері мына төмендегілер:

  • танымның жаңа әдістерін жасау;
  • онтология мәселелері;
  • болмыс мәселесі субъстанцияны қарастыруда көрінді;
  • әлеуметтік өмір мәселелері. XVII ғасыр философиясы гуманистік идеалдар мен құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.

       Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің егізін қалаушы. «Жаңа Органон» трактатының авторы, онда ғылымның міндетіне жаңа түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді,   онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.

      Бэкон бойынша ғылыми білімнің міндеті, адамзат ұрпағына пайда алып келу. Барлық ғылымдардың ортақ мақсаты – адамның табиғатқа билігін одан әрі нығайта түсу. Бэкон өзінің «Білім - күш» атты афоризммен танымал, онда жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл құрал, өзіне өзі мақсат емес, оның мақсаты табиғи құбылыстардың себептілік байланысын ашу, өйткені бұл құбылыстарды адамзат игілігі үшін пайдалану мақсатында қажет.

       Табиғатқа үстемдік жүргізу үшін, адамға қызмет етуін қарастыру керек, сол үшін ғылыми танымның әдістерін өзгерту қажет. Барлық таным, барлық жаңалық тәжірбиеге сүйенуі қажет. Ол тәжірбиенің екі түрін көрсетті: 1) «жеміс берін» - тәжірибе, оның мақсаты – адамға қажетті пайданы көздеу, 2) «тек гүл беретін» - тәжірибе, ол тек заттар құрлысы мен құбылыстардың заңдылықтарын ғана танумен шектеледі. 

       Ғылыми дәстүрді қалпына келтірудің логикалық негіз ретінде индукция теориясын алды. Индукцияның алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан ұғыну құрайды.  Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға сиымсыз көзқарастардың пайда болуының басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестер» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестер»(түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) и «театр елестер» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғыидарға негізделген қағидалар болды.

         Сонымен, Бэконның философияны дамытудағы маңызды жақтары:

жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;

табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;

қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан;

жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды көрсетті. 

Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геметрияның негізін салған. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық катигория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде. 

         Декарт та Бэкон сияқты білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуінде, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауында, себеп пен салдарды танып білу, адам табиғатын жетілдіру деп білді. осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын, ойланамын яғни өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді. 

       Декарт таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің жалпыға бірдей, қажетті сипаты ақылдың өз табиғатынан туындайтын болғандықтан, ол таным процесінде мүмкіндігінше толық ұғыммен тануға болатын қағидаларға сүйенген дедукция роліне баса мән берді.   

Декарттың ақылдың дұрыстығы және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субъстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті. Оның әдіс туралы ілімі «Әдіст туралы пікір» (1637) шығармасында жазылды.

2. Материалистік философияның, танымның дамуына жол ашқан, әлеуметтік-философиялық ойларын тұжырымдаған  ағылшын философы Томас Гоббс (1588 – 1679) болды.

Оның негізгі шығармалары – «Азамат туралы ілімнің философиялық элементтері» (1642)  және «Левиафан» (1651).

Гоббс Бэкон бастаған ілімді ілгері қарай дамыты. өз заманында пайда болған әдістерді пайдалана отырып, оларды қоғам өмірімен, адам туралы іліммен байланыстыруға тырысты. Оның ойынша әлем – механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Денесіз ешбір нәрсе өмір сүрмейді. Ойды материядан ажыратуға болмайды, материя – барлық өзгерістердің субъектісі. Адамдардың рухани өмірін де қозғалыс пен күш-жігерге саяды. Олар сыртан жасалған әсерлермен тұтас айқындалатын күрделі механизм.

Таным теориясында табиғаттың сапалық алуан түрлігінің объективтік сипатын теріске шығарды, оны заттардың механикалық айырмашылықтарында жатқан адам сеім-түйсіктерінің қасиеті деп есептеді. Декарттың туа пайда болатын идеяларына қарсы шықты, бірақ идеяларды өңдеу туралы ілімді дамытты. Гоббс бойынша таным идеялар көмегімен жүзеге асады. Идеялардың түптамыры тек сыртқы дүниені сезімдік қабылдау болып табылады және біздің танымымыздың да түпкі негізі.

Т.Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын шығарма – «Левиафан». Бұл шығармада қоғамның пайда болуы мен даму ын жан-жақт ықарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:

1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа, соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.

2) екіншісі азаматтық деп аталды. Онда адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырды. Сонымен жеке меншік пайда болды. Ал жеке меншгікті қорғау үшін мемлекет пайда болды. Ендіге жерде қоғам екінші дәуірге аяқ басты. Гоббс қоғамның құдіреттің күшімен орнайтындығын теріске шығарып, қоғамдық келісім теориясын жасады. Бұл теориясы бойынша жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуы заңды процесс және ол қасиетті. Оған қарсы шығуға болмайды, оған қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз.

Англиядағы Ф. Бэконның және Т. Гоббстың ізін қуушы Джон Локк (1632 – 1704) болды. Ол материалистік сенсуализм принципін негіздеді, яғни барлық білімнің сыртқы дүниені сезімдік қабылдаудан пайда болады деп тұжырымдады. Оның негізгі шығармасы – «Адамның ақыл-парасаты туралы» (1690), бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін теріске шығарып, тәжірбиені барлық идеялардың бірден-бір көзі деп жариялады (Tabula rasa – таза тақта). Локк тәжірбиені екіге бөлді: сыртқы және ішкі тәжірбие. Алғашқысы – сезнуге негізделген, екіншісі – рефлекске негізделеді. Идеялар сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде, (сезіну идеялары), немесе жанның жай-күйіне және қызметіне бағыталған назарының нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялар).  Локк сезімдік қабылдау идеясында сапаны екіге бөлді: «бірінші ретегі» яғни объективті; «екінші ретегі» яғни субъективті. Объективті сапалар – заттар мен процестерге тән, ал субъективті сапа – заттардың өзіне тән сияқты, ал шындығында оларда болмайтын біздің сезім мүшелеріміз арқылы берілетін сапалар.

3.Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) – нидерлант философы-материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – «Діни-саяси трактат» (1670) и«Этика» (1675). Амстердамның еврей шіркеу қауымынан дінге еркін көзқарасы үшін аластатылды. Философиядағы геометириялық әдістің негізін салды. Білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. Бостандық туралы ілімін қалыптастырды. Ол қажетілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатындығын дәлелдеді. табиғат туралы ілімін жасап, Декарт дуализіміне қарсы болды. Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады. Табиғат – субъстанция, өзі атағандай ол – құдай. Субстанциядан шектелген жеке заттар дүниесін ажырататын – модустар. Субъстанция біртұтас, модустар шексіз көп. Шексіз ақыл ғана шексіз субъстанцияны тани алады.

Спиноза бойынша адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спеноза ілімі бойынша бастандықта халық бұхарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін.

Спиноза таным теориясында рационализм бағытын жалғастырды. Ол рационалды танымды жоғар қойып, сезімдік танымды екіншіге, ал тәжірбиенің рөлін төмендетті.айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп жариялады.

Спинозаның атеизм мен еркін ойшылдықты дамытудағы ролі зор. Діннің негізгі мақсаты – табиғаттың тану емес, адамдарды өнегілі өмір сүруге шақыру деді. Сондықтан дінде, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс.

Қоғам туралы ілімінде Гоббсті жалғастырушы. Одан айырмашылығы биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және мем. шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.  

Если Т. Гоббс, Б. Спиноза, Д. Локк материализмді негіздеп оны дамытса,  XVІІ ғ. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716) идеализмнің өкілі болды .

Г. Лейбництің ғылыми әрекетіне тән сипат – теорияны практикамен байланыстыруға тырысты. Оны әлеуметтік мәселелер де қызықтырды. Ол монадалар туралы ілімін жасады. Материя субъстанция бола алмайды, ол ұзаққа созылып жатыр, әрі ол қарапайым. Монадалар бөлінбейтін рухани субъстанциялар, бүкіл әлем монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсвсы қабылдау мен ұмтылу қасиеті бар. монадалар бір-бірімен физ. Жағынан әрекетеспейді, жоғары монадаға тәуелді.

Лейбениц таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі мен эмперизміне қарсы. Локк ақыл дегеніміз таза тақтай көзқарасын қолдамай, ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады.

4. XVIII ғ. философиясы сан қилы көзқарастарға толы кезең, онда: материалистік және идеалистік бағдардағы ойлар, атеистік және деистік көзқарастар да болды. Бұл дәуір философиясын ағартушылық кезең деп атауға болады.

    XVIII ғ. француз материализмі – материалистік философияның жаңа тарихи баспалдағы. Аталмыш философия табиғат, адам және қоғам туралы материалистік ілімдерге сүйенді.

 XVIII ғ. француз материализмінің негіздеушісі  Жюльен Офре де Ламетри (1709 – 1751) философ, дәрігер. Декарт философиясы мен Локктің сенсуализміне сүйене атырып, дүниені созылып жатқан, іштей белсенді, материалдық субъстанцияның көрінісі ретінде қарады. Негізгі еңбектері: «Жан туралы трактат», «Адам – машина», «Адам – өсімдік».

Ж. Ламетри кез-келген форма материядан бөлінбейді және кез-келген материя қозғалыспен байланысты. Оның ойынша, субъстанция соңында материямен түйіседі, материя қозғалыста болады, сезіну және түйсіну қабілетеріне ие.

Адам басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақылының даму деңгейінен ажыратуға болады. бірақ ол адамды машина ретінде қарастырып, механика заңдарына сүйенді, адам тәнінің механикасын зерттеу автоматты түрде оның сезімдік және ойлау әрекетерін ашуға жол ашады деген жансақ пікірде болды.

Материалистік философияны жүйелеп көрсеткен Поль Анри Гольбах (1723 – 1789) болды.

Оның ең ірі трактат «Табиғат жүйесі» (1770). Оның негізгі идеясы – материя біздің сезім түйсіктерімізге әлдеқандай жолмен әсер ететін нәрселердің бәрі. Ол өзгермейтін және бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың негізгі қасиеттері – ұзындық салмақ, пішін, бітеулік. Қозғалыс ол да материяның атрибуты, оны денелердің кеңістікте жай ғана орын ауыстыруы ретінде қарады. Адам – табиғат заңдарына бағынатын оның бөлігі. Детерменизмді қорғап, сонымен бірге себептілікті механистік тұрғыдан қарастырды. Ол кездейсоқтықты жоққа шығарды. Гольбах таным мәселесінде сенсуализмді ұстанды, агноститсизмге қарсы болды. Саясаттак – конституциялық манархияның, ал бірқатар жағдайда – білімдер абсолютизмнің жақтаушысы болды. Қоғамдық көзқарастарда идеялис «Пікір – дүниені билеп-төстейді» деді. Ол заң шығарушылардың қызметі тарихта шешуші роль атқарады деп ойлады. Адамдардың азаттық алу жолы оқу-ағартуда деп білді.

П. Гольбахтың табиғат туралы іліміні француз материалисті  Дени Дидро (1713 – 1784) еңбектерінен жалғасын тапты.

Басқа француз материалистері сияқты, Д. Дидро табиғатың мәңгілігі мен шексіздігі туралы тұжырымынан бастады. Табиғатты ешкім жаратпаған, одан басқа, одан  тыс ешнәрсе жоқ. Материалистік ілімінде кейбір диалектикалық элементтерін – материя мен қозғалыстың, табиғатта жүріп жатқан процестердің өзара байланыстарын, табиғи формалардың мәңгі өзгерісте болатындығы туралы идеяларын енгізді.

Материалдық бөлшектердің мех. Қозғалысы қалайша түйсіктерге тән мазмұн тудырады деген мәселені материяның жалпы сезімталдығы туралы ойға жүгіне отырып шешті. Осыған байланысты рефлекстер туралы ілімінің негізі болған психологиялық қызметтің материялистік теориясын айтты. Бұл теория бойынша адамдар жануарлар тәрізді – тек сезіну қабілеті мен есі бар құрал-саймандар. Бұл жөніндегі еңбегі  «Даламбердің Дидрмомен әңгімесінде»

Ол таным мәселесінде, Бэконның тәжірбиеден бастау алған білімінің алдына қойған бар мақсаты тек ақиқаты ғана ұғынып қоймай, адамның күш қуатын арттыру мен кемелдендіру жолын табу деген пікірін дамытты. Тәжірбие мен бақылау танымдағы жетекші әдіс болып табылады. Солардың негізінде ойлау толық ақиқат болмаса да, ықтималдығы жоғары білімге жете алады. Оның өмірінің мақсаты энсеклопедияны жарықа шығару болды. Қоғамдық ойларында феодалдық деспотизмге қарсы шықты, конституциялық монархияны жақтады.

Сонымен, француз ағартушылары тарихтың қозғаушы күші адамзат ақылы, ағартушылық процесс екендігін басты атап көрсетті. .

Бұл сұрақтарға дәл жауаптар  К. Гельвеций және П. Гольбах еңбектерінен табылды.

Клод Андриан Гельвеций (1715-1771) «Ақыл туралы» трактатының авторы. Гелвеций Бойынша, объективті өмір сүретін материя сезім – түйсік арқылы танылады. Гельвеций еске сақтауды танымның екінші құралы деп санады, оған ұзаққа созылатын бірақ әлсіз түйсік деп анықтама берді. Ойлауды қарапайым түрде түсіне келіп, түйсіктердің араласуы деп анықтады. Адам мінез-құлқын тәрбиелеудегі қоғамның атқаратын рөлін атап көрсетті, осымен феод. Қатынастарды капит. Қатынастармен ауыстыру қажет екнндігін түсіндірді. Қоғам дамуында адам санасы мен құштарлығының айқын рөлін көрсетті. Сонымен ол адам қалыптасуындағы ортаның шешуші рөлі, жеке және қоғамдық мүдделердің жарасымды қауышу идеясы, ақыл қабілеттің теңдігі марксизмдекгі утопиялық соцализмді қалыптастыруда негіз болды.

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 17627 | Теги: Жаңа заман және ағартушылық философ | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: