-->
Главная » Статьи » Философия

Орыс философиясы

Орыс философиясы

 

мақсаты: Орыс филоософиясының тарихи кезеңдерімен таныстыру, өзіндік ерекшелігін көрсету.

 

Негізгі сұрақтар:

  1. Орыс философиясның қалыптасуының ерекшеліктері мен дамуынң тарихи кезеңдері
  2. Ортағасырлық (10-17 ғғ.) орыс философиясы
  3. Ағартушылық дәуірдегі (18 ғ.) орыс философиясы
  4. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы орыс философиясы

 

Орыс философиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері орыс мемлекетілігі мен мәдениетінің кезеңдерімен сәкес келеді. Орыс филлософиясы қалыптасуының алғашқы кезеңінен –ақ әлемдік философиямен байланыста болды, сондай-ақ оған өзіндік ерекшелік тән болды. Сонымен, орыс философиясының қалыптасуындағы мынандай кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

    • орыс философиясының қалыптасуының алғашқы кезеңі – ІX – XІII ғғ. (Киевтік Русь) бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесеорыстың ортағасырлық философиясы  деген атауларға ие болады.
    • монғол-татар шапқыншылығы тұсындағы философия ХІІІ-ХVІІ ғғ.
    • Орыс философиясының үшінші кезеңі XVIII ғасырдан басталады, ағартушылық дәуір философиясы деп аталды.
    • Келесі кезеңі XIXғ. философиясы
    • XX ғ. филоософиялық жүйелердің пайда болуымен байланысты.

Орыс философиясының жалпы сипаты:

- діни ықпалдың (провославияның) әсеріне бейімділік;

- халыққа жақындығы және кең таралуы;

- нақтылық;

- адмгершілік, моарль мәселелерін кеңінен қарастыру;

- философиялық зерттеу аясының кеңдігі;

Орыс философиясының қарастырған мәселелері:

- адам мәселесі;

- космизм (космосты біртұтас организм ретінде қарастыру;

- адамгершілік, мораль мәселесі;

- Ресейдің даму жолын таңдау;

- билік мәселесі;

- Мемлекет, әлеуметтік әділетілік мәселе;

- Идеалды қоғам мәселесі;

- Болашақ мәселесі.

 

2.    Орыс халқының тарихында ортағасырда орыс ұлтының мемлекетілігінің қалыптасуы туралы қоғамдық ойлар кең тарала бастады. 

  • Ортағасырдағы алғашқы орыс философы, митрополит Илларион орыс халқының жеке мемлекеттілігі мен халықаралық маңызын негіздеуге ұмтылған. Ол христиандықты ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалаған («Ізгілік пен заң туралы сөз»).
  • Владимир Мономах („Поучение") моральдық-адамгершілік кодексін жасаған.
  • Климент Смолятич шығармасы „Пресвитер Фомаға жолдама" философиясының тақырыбы – ақыл, таным мәселесі

 

  Монғол-татар шапқыншылығы тұсындағы философия ХІІІ-ХVІІ ғғ.

·        Ортағасырда монах Филофейдің (ХVІ) «Москва-үшінші Рим» атты доктринасы кең тарала бастады.  Бұл концепция Орыс империясының қалыптасуына әсер етті. «Құдайлық Үштік образды жерге орнату – орыс идеясының негізі». Рим-Константинополь-Москва бағытындағы орыс православиялық шіркеудің сабақтастық идеясын ұсынды.Филофей концепциясының үш басты белгісі мынадай:

-         христиан дініне, соның ішінде православиялық сенімнің ақиқаттығын бұзбау;

-         осы сенімді бүкіл жарыққа тарату;

-         миссиандық сендіру.

 

·        Сергий Радонежский (ХІV) – кү-қуат, христиандық универсалдық, әділет, орыс халқының консолидациясы, монғол-татар шамқыншылығынан азаттық идеясын насихаттаған.

·        Максимилиан Грек (1475-1556) моральдық-адамгершілік құндылықтарды, аскетизмді насихаттанды,халыққа қамқорлық пен әділетті монархия мен патшалық биліктің идеолгы болды.

·        Андрей Курбский (1528-1583) – патшалық биліктің диспотизмін шектеуді жақтады, бостандық пен құқықты көздеді. Ивыан грозныймен полемика (пікірталас) жүргізді.

 

 

3. XVIII ғасыр орыс философиясының екі басты бағыты қалыптасты:

1. Петрлік реформалар дәуіріндегі философия Петр біріншінің ағарту саясаты орыс қоғамының дамуына үлкен ықпал етті. Алғашқыда өндіріс, ғылым, білім дамыды. Мемлекеттік аппарат түбегейлі өзгерді. Шіркеу мемлекеттің қол астында қалды; оның идеологиялық монополиясы жоғалды. Осы уақытта философия өз пәнін, өз зерттеу обьектісін таба бастады. Діннен босап, деистік көзқарасқы сүйене отырып, «екі ақиқат» теориясын негіздеді. өкілдер. Феофан Прокоповия, В.Н. Татищев, А.Д. Кантемир –Петр І саяси кеңесшісі, Берлин академиясының мүшесі, Молдованың билеушісі.

2. XVIII ғасыр ортасы мен екінші жартысындағы материалистік философия. Философиялық мәселелерді шешуде үлкен еңбек жасаған Ломоносов пен Радищев болды.

Орыс философиясындағы материализмнің негізін салған М.В.Ломоносов (1711-1765).  Шығармалары: „Жер қабаттары туралы", „Жылу мен суықтың себебі туралы толғаныстар" Ол эксперимент жүзінде матрия атомдық-молекулалық құрылымнан тұратынын және молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. „Корпускулярлық" теорияны ұсынды. Оның пікірінше, материя дегеніміз, денелерден тұрады. «Бір орында қаншалықты жоғалса, екінші орынды соншалықты толтырады» деп материяның сақталу заңын ашты.

Александр Николаевич Радищевтің (1749-1802) дүниекөзқарасына әсер еткен француз ағартушы философтары. Шығармалары: „Тобылдағы досқа хат", „Еркіндік ордасы", „Петербургтен Москваға сяхат" (еңбегі үшін айдауға жіберілді), „Адам, оның өлімі мен мәңгілігі" Өзінің материалистік идеяларын дамыта отырып, табиғатты заттар баспалдағымен теңестіреді. Оның шыңында ойлаушы адам тұруы керек. Ми мен жүйке жүйесі сананың негізін құрайды. Ол сондай-ақ қоғамдық пікірлерінде, «еріктілік» және «құлдық» айналым идеясын үгіттеген. Кредосы – самодержавияға қарсы күрес, халық билігі, құқық және рухани бостандық . қудалаудан көп азап шегіп „Келер ұрпақ мен үшін кек алады!" – деп хат жазып, у ішіп өлген.

 

4. 19 ғ. басты бағыттары:

- декабристер философиясы П.Пестель, Н.Муравьев, И.Якушкин, М.Лунин, И.Киреевскйй.

Сипаты:

1. табиғи құқық;

2. Рексей үшін құқықтық құрлыстың аса қажетілігі;

3. Крепостнойллық құрлысты жою;

4. адамның жек бас құқығы;

5. самодержавияны шектеу, республикалық билікпен алмастыру

 

 батысшылар мен славянофильдер философиясы бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт. Олардың арасында Ресейдің болашақ  даму жолын анықтау жайында талас-тартыстар жүргізілді.

  • Славянофильдер (А.С.Хомяков, К.С. және И.С.Аксаковтар, Ю.В.Самарин, И.В.Киреевский, А.Н.Островский) Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді. Ресей ешқашан Батысқа бет бұрмай, ондағы индивидуализм, рационализм, екіге бөлінушілік сияқты идеяларды ескермеуі қажет дегенді ұсынды. Олардың пікірінше, қоғамдық дамудың принципі православия, халықтық самодержавиясы болуы керек. 
  • Батысшылдар (А.Г.Герцен, Н.П. огарев, К.Д.Кавелин. В.Г. Белинский, Чаадаев, Грановский, ) Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды. Батыстық даму жол-бұл жалпы адамзат өркениетінің жолы. Рухани идеал-католиктік сенім. Ол орыс тарихы мен православиені тірілтеді.

 

- революцияшыл-демократиялық философия

Жалпы сипаты - әлеуметтік-саяси бағытылығы. Олар сол кездегі саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды.

революцияшыл-демократиялық философия өкілдері: Н.Г.Чернышевский, Добролюбов, Писарев, т.б.).  Ресейде 19ғ. аяғы мен 20ғ. басында екі материализм болды: антропологиялық және утилитарлы. Антропологиялықты ұстанған Чернышевский. Оның пікірінше, табиғат төменнен жоғары қарай дамиды. Адам-табиғаттың бір бөлшегі, биологиялық тіршілік. Бұл жайында негізгі еңбегінде («Философиядағы антропологиялық принцип») адам мен халықтың рухани әрі физиологиялық дамуына барлық жағдайды жасау керек деп жазған. Капитализм дағдарысынан шығу жолы – „жерге оралу" (аграрлы идеясы), жеке бас бостандығы және қауымдастық өмір салты.

 

халықшылдар Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин,П.Л.Лавров; орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясында болды.

 

- анархис П.Куропоткин; мемлекет қысым жасау тетігі болғандықтан оны жою қажет деп санады.

 

- Чаадаевтың тарих философиясы. Чаадаев Петр Яковлевич (1794-1856)  шығармалары: „Философиялық хаттар" „Жындының апологиясы". Ақсүйек отбасынан шыққан, орыс-француз соғысына қатысқан. Хаттарында Ресей „адам баласынының дүниежүзілік тәртібінен" қол үзген деп, „Телескоп" журналына жариялайды. Сол үшін журнал редакторы қудаланады, Чаадаевті жынданған деп жариялайды, содан ол екінші еңбегін жазады, батысшыл болады. Оның ойынша тарихи процесс негізінде Құдайлық ерік жатыр. Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тарихына әсер ететін алғышарт – география деп санады. Ресейдегі крепоснойлықтың, орталық биліктің диспотиялдығының тереңінен енуі Ресей терреториясының кеңдігінен деп есептеді.

 

- Ф.М. Достоевский (1821-1881) діни бағыттың өкілі, орыстың келешегі капитализмде де, социализмде де емес ұлттық дәстүрде деп түсінді. Дін –мемлеет тарихмен қатар, адам та,дарында да маңызды рөл атқарады. Адам мәселесінде адас өмірлік жолын екіге бөлді:

1. адамқұдай жолы – адамның абсолютті бостандығы, Құдайды теріске шығаруы, бұл жолда адам сәтсіздікке ұшырайды;

2. құдайадам жолы – Құдай жолын ұстаныып, барлық әрекеттері мен әдеттері қадағаланып, сенімді, ақиқат жол деп есептеді.

 

- Л.Н. Толстой (1828-1910) діни философ.

  • Салтанатты діни жораларды, культтерді, діни догмаларды қайта қарап артығын, керексізін тастауды ұсынды,
  • Дін – халыққа түсінікті және қарапайым болу керек деді;
  • Құдай, дін – қайырымдылық, мейірімділік, ұждан бастамасы;
  • өмір мәні - өзіндік жетілдіру;
  • кезкелген міселені шешуде зорлықтан бас тарту;
  • тәртіптің негізі „қарсыласпау" қағидасын ұстану;
  • мемлекет – күш көрсету құралы болғандықтан, оны мойындамау.

Көзқарастары үшін Толстойды шіркеу 1901 ж. анафемаға (қарғысқа) ұшыратты, шіркеуден аластатылды.

-         Либералды философия

Діни философия (Соловьев, Федоров, Булгаков, Бердяев, Флоренский және т.б.). Орыс діни-философиясының бұл кезеңдегі негізгі идеясы соборлық, біртұтастану және адамның абсолютті құндылығы. Соборлық дегеніміз-адамдардың бір-біріне және құдайға деген сүйіспеншілігі негізінде бірігуі. Славянофильдердің соборлық идясын қолдаған В.С. Соловьев болған. Оның негізгі идеясы-бірлік идеясы.

Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900)- философ, ақын, публицист. Неміс классикалық философиясын, ғылыми эмпиризм мен христиандық дүниекөзқарастарды біріктіріп, жаңа философиялық жүйе құрған.

-         Оның ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы.  Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық-София кейпімен түсіндірген.

-          Біртұтастық идеясын ұсынды. Өз ілімдерінде бүкіл әлемдік теократия мен христиандық шіркеулердің бірігуін, ұлттық өзіндік сананың дамуын, ұлтшылдыққа қарсы идеяларды үгіттеді.

-          Негізгі шығармалары: "Өмірдің рухани негізі”, "Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, "Табиғаттағы сұлулық”, "Сүйіспеншіліктің мәні”

-          Соловьев бірлікті үш аспектімен түсіндіреді:

1.        гносеологиялық-яғни үш білімнің бірлігі ретінде: эмпирикалық (ғылымдар), рационалды (философиялық), мистикалық (діни), гносеологияда білім таным әрекетімен емес интуиция, сенім арқылы танылады;

2.        әлеуметтік-практикалық-мемлекет, қоғам, шіркеудің католиктік, протестанттық, православиялық діндермен араласып барып бірігуі;

3.        аксиологиялық-үш абсолютті құндылықтың бірлігі:жақсылық, ақиқат және сұлулық.

Барлық орыс діни-философиясы гуманизм рухымен қамтылған. Онда адам құндылығы ғана мойындалады. Адам мәселесі, оның бостандығын қарастырған орыс діни философиясының, экзистенциализм өкілі  Н.А. Бердяев.

Николай Александрович Бердяев (1874-1948)- орыс діни философы.Ол өзінің көптеген шығармаларында христиан философиясын ортағасырлық мистикамен, нигилизммен, оккультизммен байланыстыруға ұмтылған.Бердяевтің күнделікті философиялық тақырыбы-бостандық. Бостандықты болмыстың онтологиялық субстанциясы ретінде есептеп, оны адам мәнімен теңестіреді. Негізгі шығармалары: "Бостандық философиясы”, "Шығармашылықтың мәні”, "Өзіндік таным”.

ХХ ғ. Бірінші жартысындағы философия:

    Марксизм философиясы (Плеханов, Ленин, т.б.).  Бұл философия Ресейдің екі ғасырлық  даму процесінің күрделі, көпжоспарлы құбылысын көрсетеді. Оның бір ерекшелігі-қоғамдық саяси құрылымды өзгертуге байланысты практикалық бағыт. Алғашқы Ресейлік марксист –Плеханов. Ол ең алғаш болып Ресейде диалектикалық материализмді үгіттеген. Өз еңбектерінде тарихтың материалистік түсінігіне көп көңіл бөлген. Таным теориясында ол әлемнің танылатындығы мен объективті шындықтың тіршілік принциптерін ұстанады.

Діни бағытт өкілдері С.Н.Булгаков, П.А. Флоренский, С.Л.Франк

Орыс касмизмі – космосты, қоршаған дүниені адамды өзара байланысты тұтастық ретінде қарастырған бағыт. өкілдері: Н.В.Бугаев, В.И.Вернадский, К.Э.Циолклвский, А.Л.Чижевский.

 

Әдебиеттер:

1Зеньковский В.В. История русской философии.В 2 т. Л.,1991

2. Лосев А.Ф. Русская философия // Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. М.,1991

3. Лосский Н.О. История русской философии. М.,1991

4. Хрестоматия по истории философии. Ч.3. От Нестора до Лосева. М.,1997

 

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 10360 | Теги: Орыс философиясы | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: