-->
Главная » Статьи » Философия

Неміс классикалық философиясы

Неміс классикалық философиясы

 

мақсаты: XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы неміс классикалық философиясының негізгі мәселелерімен таныстыру: «сыни философия»; трансцендентальды идеализм, сәйкестік және логика философиясы; философияның антропологиялық бағытылығы және т.б.

Негізгі сұрақтар:

 

1. Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары

2. И. Канта –  неміс классикалық философиясының негізін қалаушы

3. Фихте философиялық жүйесіндегі

4. Шеллингтің натурфилософиясы.

5. Гегельдің философиялық жүйесі мен методы

6. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі

    

      Неміс классикалық философия – Жаңа заман батыс философиясының жоғарғы жетістігі. 

       XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды.

       Неміс классикалық философиясының әрбір өкілі ерекше бай идеялар мен концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін көрсете білді. Неміс классикалық философиясына мынандай жалпы сипаттар тән болды:

1. философияның рөлін өзіндік ерекшеліктермен түсіндіру, олар философияның рөлін мәдениетке сыни көзқарастармен түсіндіріп, философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасы екендігін анықтады;

2. Неміс классикалық философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды терең талдады;

3. Неміс классикалық философиясы жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды.

4. Неміс классикалық философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады.

5. Неміс классикалық философиясы таным теориясындағы субъект пен объектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теоретикалық ойлау формасын жаңа сатыға көтерді.

6. Философияға нақты катигориялар мен идеялардан тұратын ерекше философиялық пән ретінде қарады, сөйтіп философиялық катигориялардың атқаратын рөлін көрсетті.

7. Неміс классикалық философиясы гуманизм мәселесінің философиялық рөхлін айқындай отырып, адамзат өмірінің әрекетін талдауға тырысты. ХVІІІ ғ. Француз ағартушыларынан кейін адамның табиғат пен рухқа қожайын екенін айтты, ақылдың жасампаздығын, тарихи процесстің заңдылыққа сүйенетіндігін тұжырымдады.

        Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.

Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:

1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болу ының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.

     2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).

     «Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаң замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).

     Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.

     Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды яғни басқа дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.

       Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий.

       Адам ақылы өзінің таным құралдарымен өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді.

     И.Кант  «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.

     Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларының императиві деп атады және ол былай анықталды: адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.

        Кант әруақытта «Аспандағы жұлдыздар мен бздегі адамгершілік заңдарынан керемет ешнәрсе жоқ» дегенді қайталап отырды.

          Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) философияны геометрияға ұқсас ретінде, әлдебір ғылымибілім деп қарастырды. Ғылымибілімнің негізгі мәселесі-сана немесе Мен. Мен мәні жағынан қарапайым адам санасы. Ал барлық сыртқы әлем-Мен-нен туындаған Мен-емес. Мен әрекетшіл, белсенді. Мен өзінің қарсыласы ретінде Мен-еместі тудырып өз белсенділігін қолдануға ұмтылады. Осы екі қарама-қарсылықтардан адамның өзіндік санасы дамиды. Фихтенің философиядағы маңызды жетістіктерінің бірі-ойлаудың диалектикалық әдісін өңдеу. Ол барлық тіршіліктің қайшылығы, қайшылықтардың бірлігі туралы жазып қайшылықты дамудың қайнар көзі деп қарастырады.  Фихте үшін категориялар парасаттың априорлы түрінің жиынтығы емес, керісінше білімді таңдаған ұғымдардың жүйесі. Фихте таным процесіндегі субъект пен объектінің нақты өзара әсерін түсінуге ұмтылды. Оның пікірінше, Мен-ді "абсолютті” және "эмпирикалық” деп бөлу, сондай-ақ оның Мен-емес-пен өзара әрекеті "ғылымибілімді” қалыптастырады. "Ғылымибілім” ғана индивидуалдықтың, жоғары адамның, әлемдік рухтың үстінен қарап ішіне ене алады.

    Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг (1775-1854) философиясы табиғат мәселелеріне арналған. Табиғат ол үшін индивидуалды Мен емес, абсолютті. Ол мәңгі ақыл, субъективтілік пен объективтіліктің абсолютті теңдігі. Шеллинг идеалдық пен материалдықтың теңдік идеясын шығарды. Материя бұл-абсолютті рухтың еркін күйі. Материя мен рух тең. Шеллингтің натурфилософиясы 18 ғасырдың аяғында қоғамдық қызығушылықтан туындаған жаңа ғылыми-жаратылыстанудың нәтижесінен пайда болды. Осы ғасырдың ғылымдарындағы ұлы ашылыстарға сүйене отырып, Шеллинг табиғаттың идеалды мәнін, оның белсенділігінің материалды емес сипатын ашты. Шеллинг натурфилософиясының құндылығы оның диалектикасында жатыр. Кез-келген заттың мәні қарама-қарсы күштердің бірлігімен сипатталады және ол "полярлық” деп аталады. Мысал ретінде ол магнитті, электрліктің оң және теріс зарядтарын, химиялық заттардағы қышқылдар мен сұйықтарды, санадағы объективтілік пен субъективтілікті мысалға келтірді. "Полярлық” денелер бесенділігінің бастауы деп "нағыз әлемдік жан” деп анықтады.

         Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831).

     Негізгі шығармалары«Рух феноменологиясы», «Логика ғылымы», "Құқық философиясы” «Философия тарихы бойынша дәрістер» және т.б..

     Гегельдің пайымдауынша, әлемнің негізінде жек-даралық емес, жалпылық-бүтіндік жатыр. Әлем жеке-даралықтардан, атомдардан немесе жандардан тұрмайды, жекелердің мұндай бірлігі бұл иллюзия. Әлемде бүтіндіктен басқа ешбір шындық жоқ. Парменид пен Спиозаның болмысындағы қарапайым субъстанция сияқты емес, Гегельде ол күрделі жүйе, кеңістік пен уақыт (жеке дара заттар жөнінден нақты емес, бұл тұтастықтың жақтары.

       Гегельдің атақты формуласы «Барлық шынайылықтар ақылға сиымды, барлық ақылға сиымды нәрселер шынайлық».

Гегельдің философиялфқ ілімі – объективный идеализм, ол оны абсолютті идеализм деп атады.

       Гегель философиясының құпясы мен идеялары жатыр. Гегель үшін осы әлемнің мәні бар, бәрі әлемдік Тұтастыққа кіреді. Оның абсолютті идеясы өз дамуында үш стадиядан өтеді. Тұтастай ол триаданы құрады: бұл 1) тезис (әлденені ұстанушы); 2) антитезис (терістеуші); 3) синтез (біріктіруші). Триаданың жалпы құрылысы мынадай:

1 стадия: рухтың дамуы өзімен-өзі, рух өзінде. Логикада белгілерден басқа ештеме жоқ, бірақ біз логиканың әмбебап тіршілік ететінін білеміз. Бұл категорияның принципті ерекшелігі.

2 стадия: рух өзіне бұрыла отырып табиғаттан жаттанады. Шеллинг бойынша руханилық пен идеалдық табиғаттың өзінде, ол тірі әрі күшке толы. Ал Гегельде табиғат-өлі рух. Рухтың жаттануы табиғатты білімдендіреді.

3 стадия: Философия мен тарих бірігеді. Осы арқылы рух өзін-өзі адам мәдениеті арқылы танылған шындықта қалыптастырады.

Гегель үшін білім обьектісі ештеме емес. Білім:

а) сезімдік, алғашқы

б) ақыл-парасатты. Білім ғылым деңгейінде

с) ақыл білімі-философиялық білім, яки руханилық индивидтік деңгейден ақыл-парасаттың сферасынан шығуы. "Ақыл ақыл-парасатсыз ештеме, ал ақыл-парасат ақылсыз әлдене”

Гегель жүйесінде логика негізгі орынды алады. Логика төңірегінде ол болмыс туралы, мән туралы, түсінік туралы ілімдерді дамытты. Логиканың конструктивті принциптері - абстрактіден нақтылыққа өту. Логика мен ойдың ең жоғары бастамасы-болмыс пен ақылдың теңдігі. Дамудың үш принципі бар: санның сапаға өтуі, қарама-қарсылық даму бастауы, терістеуді терістеу.

       Людвиг Фейербах (1804-1872) басқа неміс классикалық философтардан ерекшелігі, ол материалист философ болған. Оның негізгі шығармасы "Христианшылдықтың мәні”, мұнда ол идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи күресті көрсетуге ұмтылды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана  ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы   үш білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:

Табиғаттар. Құдай-Әке-физика

Логикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағы

Рухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух

Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған.

 

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 13009 | Теги: Неміс классикалық философиясы | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: