-->
Главная » Статьи » Философия

ХХ ғасыр Батыс Еуропа философиясы

ХХ ғасыр Батыс Еуропа философиясы

мақсаты20 ғасыр Батыс философиясының негізгі бағыттарына сипатама беру.

 

Негізгі ұғымдары: сцентизмантисциентизм, экзистенция, прагматизм, әлеуметтік реканструкция, психоанализ және т.б.

 

Негізгі сұрақтар:

  1. ХХ ғ. философиясының жалпы сипаты және бағыттары.
  2. Прагматизм
  3. Психоанализ
  4. Теологиялық философия
  5. Герменевтика
  6. Экзистенцианализм
  7. Модернизм
  8. Посмодернизм

 

1. ХХ ғ. философиясының жалпы сипаты:

        ХХ ғ.  Батыс Еуропа философиясы көптеген ағымдар, мектептер, ілімдер түрінде қарастырылады және олардың барлығына тән ортақтық жоқ. Дегенменде бұл дәуірге мына төмендегі сипаттар тән:

  1. сцентистік – ғылым мен техниканың жетістіктерін жоғары бағалайтын, философияны арнайы ғылымға айналдыру және ондағы дүниетанымдық сұрақтардан тазартумен байланысты позитивизмнің ағымдарына тән тенденция.
  2. антисциентистік – негізінен иррационалистік тенденция – ғылым мен танымның негативті тұстарын алға тартатын ілімдер: өмір философиясы, экзистенцианализ, герменевтика және т.б. жатады.

 

        2. Прагматизм  философиясының басты мақсаты – абстрактілі ақиқатты іздеу емес, адамдардың нақты өмірлік мақсаттарын іске асыруда көмекші болатын нақты тәсіл-құралдардың арсеналын жасау деп санайтын философиядағы идеалистік бағыт.

        Прагматизмнің негізін салушылар америкалық философтар – А.Пирс пен У. Джемс. Олардың ілімін өңдеп прагматизмнің қалыптасуы мен дамуына маңызды ілес қосқан Дж. Дьюи (1859-1952) болды.

       Прагматистер пікірінше философияның мақсаты – адамның алдына қойған мақсатына қарай тәжірбие ағынымен қозғалу және оған жетуіне көмектесу.  

       Тәжірбиенің маңызды бөлігі индивидтің қоғаммен өзара қатынасында жіне қоғам ішінде жинақталатындықтан, тәжірбиені жетілдірудің маңызды шарты – алдымен қоғамды жетілдіру ( әлеуметтік реконструкция)

       Әлеуметтік реконструцияның іске асуының шарттары:

-         меншіктік қатынастарды жетілдіру;

-         акцияландыру және басқа тәсілдермен меншіктік қатынастарды жетілдіру арқылы – адамды өз еңбегінің нәтижесіне жақындату, тек еңбек нәтижесін иеленіп отыратын паразиттік топтарды азайту (ірі меншік иелері, монополистер);

-         өндірілген игіліктерді әділетті бөлу;

-         кедейлікпен күрес,;

-         адам құқын қамтамасыз ету, мемлекеттік демократиялық құрылымын жетілдіру;

-         қоғамды тәртіпке келтіру, адам өмірінің барлық саласын кәсіпқойландыру және жетілдіру;

-         ішкі және халықаралық жанжалдарды шешу.

    Әлеуметтік реконструкцияның басты тетігі – білім, моральды ғылыми әдістер және жоғарғы технологиялар.

 

      3. Психоанализ – адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналықтың рөлін, психикалық процестерді түсіндіретін ілім.

       Психоанализдің негізін салушы австриялық ғалым психиатр Зигмунт Фрейд (1856-1939) болды. Өкілдері: Альфред Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг, Эрих Фромм.

      Психоанализдің бастамасы Фрейд ашқан 2 жаңалық болды, олар:

  1. бейсаналық – санамен қатар тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы бақылайтын, әрбір адмаға тән айрықша психикалық реалдылық;
  2. ығыстыру реакциясы – жағымсыз эмоция, теріс тәжірбие т.б. адамның психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің психикалық қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру.

Ол ерте ме, кеш пе «кездейсоқ» әрекет, қылық, түсініксіз мінез түрінде белгі береді.

      Бейсаналықтың ерекше формасы – түс. Түс – шын өмірде іске аспаған тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі.

       Фрейд психиканың 2 схемасын ұсынды:

  1. топографикалық;
  2. динамикалық.

      Топографиялық схемада бейсаналық – түрлі ойлар мен тілектер адам сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді.

       Динамикалық схемада психика 3 бөлінеді:

1.      «Ол» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем;

2.      «Мен» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адма санасы;

3.      «Жоғарғы-Мен» - тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын сыртқы шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр

       «Мен» «Олды» өзіне бағындыруға тырысады. Оның сәті сирек түседі керісінше «Ол» «Менді» өзіне бағындырады. «Менді» «Жоғарығы-Мен» де (тиымдар, нормалар) бағындырады. 

        Бейсаналықтың ядросы не? – деген сұраққа Фрейд 2 психоаналетикалық жүйе жасады:

  1. – ші жүйе – 1905-1920 жж.
  2. –ші жүйе – 1920 ж. басталды. 

      1 жүйе бойынша бейсаналықтың негізі – «Либидо» - сексуалды инстинг Адамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның сексуалды инстинктінің түрлену процесі.

       2- жүйе бойынша орталық ұғымдар Эрос және Танатос.

Эрос (өмір инстинкті) – адамның жасаушылық тәртібі жатыр. сол арқылы өз қажетіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.

Танатос (өлім инстинкті) – адамды қауыпты, бөтен көрінетіннің бәрін жоюға итермелейді. Аждам өмірі  Эрос пен Танатостың өзара тоқтаусыз әрекеті.

 

        4.  Теологиялық философиялық ағым – неотомизм. Өкілдері- Э. Жильсон, Ж. Маритэн т.б. нетомизмнің негізі – Фома Аквинский ілімі. Негізгі қағидасы – сенім мен ақыл гармониясы.

Ілімнің мақсаты:

-         католик дінінің ақиқаттығын дәлелдеу;

-         католицизмді қазііргі жағдайға бейімдеу;

-         католицизмді қарапайым адмдарға жақындата түс;

-         Креционизм Құдайдың әлемді жаратуы;

-         Откровение Құдай туралы Інжіл ілімін түсіндіру және т.б.

     

        Нетомизмге қарсы теологиялық ілім тейярдизм. Негізін салушы Пьер Тейяр де Шарден (1881-1955) ғылым жетістіктері мен теологияны біріктіріп, Әлем негіздерін түсіндіретін комплексті ғылым жасау.

 

         5. Герменевтика қазіргі философиядағы текстер мен мәтіндерді талқылаудың теориясы мен өнері. Герменевтиканы-методологиялық теория түсінігінде алғаш зерттеген неміс философы Шлейермахер (1768-1834). Шлейермахер герменевтиканы басқа индивидуалдылықты түсінудің өнері деп білді. Герменевтика өкілдері: М.Хайдеггер (1889-1976), Ганс Гадамер, Поль Рикер.  Гадамерде герменевтика алғаш рет жеке ғылымға айналды. Ол оған философиялық мәртебе беріп, гуманитарлық ғылымдардың әдісі ғана емес, адам болмысы туралы ілім ретінде қарастырды. Болмыс Гадамер үшін адам субстанциясынан тәуелсіз-тіл. Тіл әлемді құрастырып, адам тіршілігінің тәсілін анықтайды. Болмыс тікелей адамға танылмайды. Себебі ол лингвистикалық безендірілген әлемде өмір сүреді. Басқа сөзбен айтсақ, заттар өз атауына ие болмайынша тіршілік етпейді. Осыдан келе философияның лингвистикалық табиғаты туындайды. Түсіндіру үшін, сұрақ қоя және жауап бере білу керек. Түсіндірілетін мәтіндер мен текстер ыңғайлы, тарихи-мәдени факторлармен байланыста болуы қажет.

 

       6. Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсеткен. Оның негізгі өкілдері:М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, т.б.  Негізі мәселесі-адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.

Экзистенциализмнің. пайда болуының себептері:

-         әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс саладарнан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);

-         рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);

-         идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары)

Экзистенциализмнің негізгі принциптері:

-         жалғыздық принципі;

-         сизиф принципі;

-         шекаралық жағдай принципі;

-         тіршілік принципі;

-         жаттану принципі;

-         заттану принципі;

-         айып, жауакершілік принципі.

         Экзистенциализмнің ілімінің бастаушысы 19 ғ. Серен Кьеркегор (1813-1855) болды.

        Карл Ясперс (1883-1969) неміс философы, шығармасы «Дүниетанымдар психологиясы». Оның ойынша, адам еш мәні, өз «Менін» табалмаған күйде өмір сүреді. Тек өмірінің соңында өмір мен өлімнің – шекералық жағдайында – адам өзін танып, өзімен байланыста болады.

         Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзицтенцалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.

-         адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;

-         адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;

-         адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзицтенцианалды таңдау деп аталады.

-         Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды. «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.

        Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:

-         өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;

-         дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.

Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.

       Мартин Хайдеггер (1889-1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.

         Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады:

-         адам өмірінің мәнін ашу;

-         жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;

-         ажал феноменін ашу;

-         үрей мәселесін ашу.

       Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:

1) күнделікті қорқыныш;

2) онтологиялық қорқыныш.

        Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды.  Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы.

 

        7. Мадернизм  пайда болуы 1863 ж. – Парижде өткен бейнелеу өнері бойынша өткен байқаумен байланысты. Онда әділқазылар алқасы ешбір туындыны қабылдамай тастады. Көрме «Қалаулы еместер салоны» атауына ие болып, халық ондағы туындыларды келемеждеу үшін тамашалайтын болды. Салон 1939 ж. жабылды, бірақ модернизм өнердің сильіне айналды.

Модернизм ( лат. modo «қазіргі заманғы) көркем творчестводағы тарихи тәжірбиеден бас тартып, өнер саласында дәстүрлі емес жаңшылдыққа ұмтылу, стильдің шартылығымен көрініп, 20 ғ. басындағы өнер мен әдебиеттегі жаңа бағыт болды. Өнердегі модернистік таенденциялар: импрессионизм, символизм, модерн, экспрессионизм, нео және постимперссионизм, фовизм, кубизм, футуризм, дадаизм және сюрреализм.

         8. Постмодернизм (лат pos t-  кейінгі,  соңғы модернизм дегенді білдіреді). АҚШ пен Францияда кең тараған. өкілдері: Жак Лакан, Жак деррида, Жорж Батай, Жиль Делез, Мишель Фуко, Ролан Барт, Ричард рорти т.б.

Постмодернизмнің теоретигі Ихаб Хассан (АҚШ) посмодернизмнің мынандай басты принциптерін көрсетті:

-         айқынсыздық - өнердегі посмодернистік шығармалардың, философиядағы концепциялардың ұстаным ретінде қарастырылмайтындығы;

-         коллаж (фр. Collage – «наклеивание») берілген шығармаларға стилистикалық тұрғыдан жат фрагменттерді ендіру;

-         канондар мен бедел атаулын теріске шығарады;

-          «субъектінің өлімін» жариялайды;

-         Иррализм – бәрінің бірдей бейнеле бермейтіндігі;

-         Творчествоның конструктивті сипаты – мәндік сюджеттерді жиақтауға, бөлшектеуге болатындығ, онда техникалық конструктілеумен жақындата түсетін сипат. 

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 13783 | Комментарии: 1 | Теги: ХХ ғасыр Батыс Еуропа философиясы | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 1
1 Найзалы   (20.03.2016 21:01)
Жақсы жазылған. Тек бір жаман жері қазір осылардың жалпы атауы мен идеясының сипатын айтудан ары олардың тегі не айтқаны, қалай айтқаны, ішінде қандай үлгі тұтар идея жатқаны туралы тереңдеп, кіріп айтушылар мен жазушылардың сиректігі. Бұл алдағы қолға алынатын шаруа. Философтардың атын, ағымдар атын, кейбір терминдерді, сосын жалпы түсіндірулерді тастап, аттап өтіп одан, сосын ішіне ену керек.


Имя *:
Email:
Код *: