-->
Главная » Статьи » Философия

ХІХ ғасыр философиясы

ХІХ ғасыр философиясы

 

Дәріс мақсаты: 19 ғасыр философиясының негізгі ерекшелігі мен философиялық бағыттары мен ағымдарымен таныстыру.

 

Негізгі ұғымдар: позитивизм, иррациолнализм, базис, қондырма

 

Негізгі сұрақтары

  1. Марксизм философиясы
  2. ХІХ ғасырдағы идеалистік ілімдер: иррационализм, өмір философиясы

 

     1. Марксизм философиясын жасаушылар неміс ғалымдары Карл Маркс (1812-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.

      Шығармалары: Карл Маркс «Фейербах туралы тезистер», «Капитал», «1844 ж. экономикалық-философиялық қолжазбалар» Фридрих Энгельс«Табиғат диалектикасы», «Анти - Дюринг», «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі», «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» Маркс, Энгельстің бірлесе жазған еңбектері «Коммунистік пратияның монифесі», «Святое семейство», «Неміс идеологиясы».

         Марксизмнің пайда болуына алғышарттар:

-         оларға дейінгі материалистік философия: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философисы;

-         ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы,

-         әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 Париж коммунасы

     Марксистік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.

Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген. Оның мәні:

-         қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);

-         өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институтардың, қоғамдық қатынастардың базисі;

-         мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;

-         базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;

-         базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады.

   Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері:

1.      алғашқы қауымдық құрлыс

2.      Құл иеленші қоғам;

3.      Феодалдық қоғам;

4.      Капитализм

5.      Социалистік (коммунистік) қоғам.

-         экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.

       Марксистік философияның негізгі ұғымдары: өндіріс құралдар; жаттану; қосымша құн; адамды адамның қанауы.

         Марксистік философияның диалектикалық материализмінің мәні:

-         философиняң негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;

-         сана - өзіндік мән емес, материяның өзін-өзі бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;

-         материя – тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;

-         Құдай жоқ – ол адам қиялының жемісі;

-         Материя мәңгі және шексіз;

-         Дамудың маңызды факторы – практика. Адам қоршаған дүниені және өзін-өзі өзгертеді;

-         Даму – диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар: қарама-қарсылықтардың өзара ауысу заңы, сан өзгерістерінің сапа өзерістеріне ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.

 

2. ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы.

        Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.

        Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.

        Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.

       Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:

  1. тікелей таным;
  2. рефлективті таным;
  3. интуиция

арқылы іске асады.

       Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік. 

-         Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;

-         Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;

-         Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;

-         өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;

-         дүние – еріктің жүзеге асуы.

      Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.

Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисының негізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойыншанша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу.

Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:

1.      өмірге деген ерік;

2.      адамның өз ішіндегі ерік;

3.      басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;

4.      билікке ерік.

Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша өзін-өзі сақтау инстинктіне ұқсас.

 

Вильгелм Дильтей (1833-1911) қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, «ойлаудың» орнына «өмір» ұғымын қоюды ұсынды.

Өмір – адамның дүниедегі болмысының тәсілі.

Өмірдің белгілері:

1.      тұтастық;

2.      көптүрлі рухани бастамаға ие;

3.      жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.

Дильтейдің пікірінше, философия  өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс.

Дильтейдің пікірінше, тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес.

        

          Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: «Немесе немесе», „Үрей мен қалтырау", „Ажалға бастайтын ауру". Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес.

           Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу. Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.

          Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды  ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады.

        Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.

      Кьеркегорда адам өмірінің үш сатысы көрсетілген, олар: эстетикалық – тікелей сезімдікпен байланысты саты; этикалық – адам өміріндегі ізгілік саты, эстетикалықта адам өзін-өзі қанағаттандыруға тырыса, этикалықта жалпылықты жүзеге асыруға тырысады. Екеуінің арасынан үлкен қайшылықтар пайда болады. Адам моралдық жағынан алып қарағанда өзіне-өзі жеткілікті пенде бола алмайды. Оның себебін, Августин сяқты, адамның туа күнәлігінен көреді. Бұл арада „немесе, немесе" принципі таңдау мәселесін шеше алмай, адам өмір сатысының үшіншісіне секіріс жасауға тырысыды. Бұл саты – діни саты. Адамдардың ғылыми танымның кереметігінен өз өмірінің мәнін, рухани тебіреністерінің мәселелерін ұмытқан, осы сатыда адам сол мәселелерге қайта оралады. Діни сатыда Құдаймен сұхбатқа түсіп, өз күнәларын мойындап, өзін-өзі табады.

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 10514 | Теги: ХІХ ғасыр философиясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: