-->
Главная » Статьи » Философия

Философияға кіріспе. Философиялық мәселелер шеңбері

Философияға кіріспе. Философиялық мәселелер шеңбері

 

мақсаты: ғылыми білім жүйесіндегі философиянның орнын анықтау, оның пәні мен объектісінің ерекшелігін көрсету және адам, ғылым, мәдениет үшін маңызын анықтау.

 

     Негізгі ұғымдар: мифология, тотемизм, анимизм, онтология, гносеология, аксиология, антропология, логика, материалистер, идеалистер, агностицизм, монизм, дуализм, плюрализм,  эклектицизм, диалектика, метафизика.

 

     Негізгі сұрақтар:

1. Философияның пәні мен ерекшелігі.

2. Философияның атқаратын қызметтері. Дүниетаным, оның құрылымы, тарихи типтері.

3. Философияның мәселелері. Философияның негізгі сұрағы.

 

      1. Философия – адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты салаларының бірі. Алғаш ертедегі Үнді, Қытай Грецияда б.з,б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып, қоғамдық сананың мықтап бекіген формасына айналды. Философия қалыптасқаннан-ақ дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді.

     Философия – болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.

     Философия термині гректің «phileo» - сүіспеншілік и «sophia» - даналық деген екі сөзінен құралған, «данышпандыққа құштарлық» дегенді білдіреді.

      «Философ» сөзін ендірген көне грек ойшылы Пифагор болды.

      Философия адам өзін іс-әрекетшіл тіршілік иесі ретінде табиғаттан бөліп алғанда, өз әрекеттерінің мүмкіндіктері мен шекарасына талдау жасай бастағанда, мәдениет дамуының белгілі бір деңгейінде пайда болды. Бұл әлемге деген саналы-теоретикалық қатынас. Сондай-ақ философия адамның өзіне, өз танымына, әлемге рационалды-сыни қатынасты ұсынды.

     Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:

онтология –   әлем, болмыс туралы жалпылама, қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім.

гносеология – таным туралы, оның негіделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жюөніндегі ілім.

әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім.

антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.

     Философия өзін қарастырудың  бірнеше жолды ұсынады және өз пәнін түсіндіруде де плюралистік (көпжақты) сипатта болды.

        Жекелеген ғылымдардың пәні – шынайылықтың бір ғана жағы, ал философияның пәні – жалпылама - әлем мен адам тұтастықта қарастырылады. Философиялық теорияның өзіндік ерекшелігі оның заңдарының, катигорияларының, принциптерінің жалпылама сипатта болуы.

    Философияның пәні міндетті түрде философия дегеніміз не деген сұрақты, оның тарихи мәселелерін қарастырады.

    2. Философияның ең негізгі функциясы – бұл дүниетанымдық. Дүниеге көзқарас дегеніміз не?

     Дүниегекөзқарас – дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі.

    Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рациональды дүниеге көзқарастың жүйесі. 

    Философияға дейінгі дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи типтері – мифология және дін.

     Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы.     

      Мифте маңызды дүниегекөзқарастық сұрақтар бейнеленген: әлемнің, адамның пайда болуы, өмір мен өлім, тағдыр, қайрымдылық пен қатігездік туралы сұрақтар. Басқа дүниегекөзқарастар – дін мен философия – мифологиядан қалған сол сұрақтарды қарастырды. Бірақ оларға жауаптарды басқаша жолмен іздеді..

     Дін  – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.

    Діни дүниегекөзқарас түрлі діни формаларда түрліше көрінетін, бұрынан және қазір де түрлі елдер мен аумақтардағы бұқаралық санаға көп әсер ететін діни көзқарастарға сүйенді.  Мәдениеттің кез-келген құбылысы сияқты дін адамға өз тағдырын табуға, адамилыққа үйрететін өзінше ойлау жолы мен білімді ұсынады.

    Дін мен философияның айрмашылығы неде? Философия – ғылымбұл рационалды-теоретикаллық дүниетанымныңДін тек сенімге ғана сүйенеді. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Дін – шіркеудің, діни ілімдердің авторитетіне сүйенеді. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады. Дін бәрінен бұрын интуицияға сүйенсе, философия рационалды танымды негіздейді.

 Философияның функциялары:             Философияның негізгі методтары :

дүниетанымдық                                                                диалектика

әдістемелік                                                                        метафизика

ойлаушылық                                                                     догматизм

гносеологиялық                                                               эклектика

сыни                                                                                 софистика

аксиологиялық                                                                  герменевтика

тәрбиелік

болжамдық

 

      3. Философияның негізгі сұрағы – ойдың болмысқаболмыстың ойға қатысы туралы сұрақНегізгі сұрақтың екі жағын айқындауға болады:

1 жағы – онтологиялық (болмыстық) жағы – ненің алғашқы екендігін шешу: материя ма, әлде сана ма?

2 жағы – гносеологиялық (танымдық) жағы төменгі сұрақты шешуге байланысты туындаған – дүниені танып білуге бола ма, әлде болмай ма?                   

     Негізгі сұрақтардың жауабына байланысты философияның бағыттары анықталады: материализм, идеализм, дуализм.  

   Материализм – материя мен сананың арақатынасында материяны алғашқы деп санайды. Материализмнің негізгі жағдайлары:

- материя нақты, санадан тыс өмір сүреді;

- материя өзбетінше субстанция;

- материя өз ішілік заңдармен дамиды

сана материяның қасиетіөзінше субстанция бола алмайды;  

- сана материя (болмыс) арқылы анықталады.

       Идеализм – сана мен материя арақатынасында сананы алғашқы деп сананы алғашқы деп санайтын философиялық бағыт.

      Дуализм – философиядағы компромистік бағыт, материалды және рухани – екі тәуелсіз субъстанциялардың болатындығын мойындайтын бағыт.

   Өзінің нақты пайда болуында материализм де, идеализм де бірбастаулы емес. Материализм  и идеализмнің бірнеше формаларын анықтауға болады:

     Тарихи материализм тұрғысынантөмендегідей негізгі формаларды көрсетуге болады:

Көне Шығыс және Көне Грек материализмі

Еуропадағы Жаңа заман метафизикалық (механикалық) материализмі.

Диалектикалық материализм.

    Алғашында идеализмнің  негізгі түрін анықтауға болады:

объективті идеализм

субъективті идеализм

     Идеализмнің аталған формаларында түрлі көріністері мен түрлерін анықтауға болады: солипсизм, идеалистік рационализм, иррационализм және тағы басқалары.

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 13796 | Комментарии: 1 | Теги: Философияға кіріспе, Философиялық мәселелер шеңбері | Рейтинг: 4.0/7
Всего комментариев: 1
1 Роза   (03.09.2014 10:40)
Коротко и ясно, понравилось.


Имя *:
Email:
Код *: