-->
Главная » Статьи » Философия

Диалектика

Диалектика


мақсаты: Диалектиканың негізгі катигориялары мен заңдарымен таныстыру.

 

Негізгі сұрақтар:

1. Диалектика және оның катигориялары.

2. Даму ұғымы: прогресс және регресс түсініктері.

3. Диалектика заңдары

     

    Дамудың мәні мен оның әртүрлі мәселелерін терең қарастыратын ілімі диалектика деп аталады. Грек тілінен аударсақ, бұл термин «әңгіме жүргізудің өнері» немесе «талас-тартыс өнері» деген мағына береді. Диалектика сұхбат жүргізудің өнері ретінде ежелгі Грекияда өте жоғары бағаланған. Кейіннен диалектика дамудың жалпы заңдары туралы ілім болып қалыптасты.Диалектиканы қазіргі кезде категориялардың белгілі-бір жүйесі ретінде қолданамыз. Бұл жүйе не шындықтың обьективті байланысының көрінісі, не белгілі-бір болмыс болып қарастырылады.

Диалектиканың моделдері:

Логика-гносеологиялық модель (Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель концепциялары);

Тепе-теңдік модель ( Спенсер, Ле Дантек, Уорд, т.б. концепциялары);

Материалистік модель (Маркс, Энгельс, Плеханов, Ленин);

Натуралистік модель (Дарвин, Хаксли, Берталанфи, Симпсон, т.б.).

Диалектика категориялары дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу және оны шешу-диалектикалық зерттеу болып табылады. Диалектиканың екі жұп  категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті, түр және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.

Жоғарыдағы категориялармен қатар жүйе, элемент, құрылым, бүтін және бөлшек диалек. категориялар.

     Жүйе – тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы.

     Элемент - әрі қарабөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөліктері.әрбір элемент бедгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады.

      Бүтін - өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп, оны анықтайды.

      Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдау.

      Мазмұн – заттың немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады.

     Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.

     Себеп, салдарлық байланыстар детерменизм (лат. анықтау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім. Оған қарсы индетерминизм (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін мойындамайтын ілім.

     Себеп – зат немесе құбыфлыстың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз.

      Салдар – белгілі бір себептердің негізде пайда болған зат, құбылыс.

      Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандар, алғышарттар. Филос. ендірген Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік, энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель бойынша материя – таза мүмкіндік, оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма.

      Шындық – заттың актуальды болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан шығатын заттың  дамуының бағыттары, алғышарты.

     Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады.

      Қажеттлік – зат не қозғалыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары.

      Кездейсоқтық – болуы я болмауы мүмкін жақтар.

     Даму – бұл материалды және идеалды обьектілердің, яғни заңдылықты, бағытты, қайта айналмауды білдіретін сандық-сапалық өзгеріс. Бұл анықтамадан «даму»мен «қозғалыс» тұғымдарының синоним немесе тең еместігін біліп алған жөн. Егер, даму бұл әрқашан қозғалыс болса, ал кез-келген қозғалыс даму емес, Ал қозғалыс пен дамудың бастауы қайшылық. Даму өз бағытында прогрессивті немесе регрессивті, біртінділік даму болуы мүмкін.

Прогресс (лат. алға өрлеу, күрделену, табыс) дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өту, даму.

Регресс (лат. кері қарай) дегеніміз – жоғарыдан  төменге өту, құлдырау, деградация.

Біртінді даму – заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір жақтарының ғана жетілуін айтамыз.

        Материалды жүйеде бұрын болып көрмеген жаңа сапалы мүмкіндіктердің пайда болуынан дамудың кері қайтымсыздығын айқындауға болады. Даму үшін сондай-ақ жаңашылдық пен жалғастық қасиеттері тән. Материалды обьект бір сападан екінші сапаға өткенде бұрын болмаған қасиетке ие болса жаңашылдық пайда болады. Ал жалғастық дегеніміз осы жаңа обьектіде ескі ұйымның кейбір құрылымдарын, элементтерін сақтап қалуы. Даму материалды сферамен шектеліп қалмайды. Материя ғана дамымайды. Даму процесінде адам оның санасы, ғылым, қоғамдық сана тұтастай дамиды. Рухани шындықтағы даму оның материалды иегерінен тәуелсіз қозғалып отырады. Мысалы, тұлғаның рухани сферасының даму  оның физиологиялық дамуынан озып кетуі немесе артта қалып қоюы мүмкін.

        3.Диалектиканың заңдарына: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы, терістеуді терістеу заңы жатады. Бұл заңдар табиғатта, қоғамда, санада әрекет жасайды.

Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы - заттар, құбылыстар, процестердің ішкі бірлігі мен қарама-қайшылығы болатын даму мен өзіндік қозғалыстың бұлағын, бастауын ашу және қарама-қарсы өзара қатынас. Бұл дегеніміз бірлік бойынша:

  • берік тепе-тең жүйелердің өзара байланысы;
  • бір-біріне өтуі (реалдық пен потенциалдық);
  • қарама-қарсы бағытталған күштердің бір жүйеге бір уақытта бағытталуы.

Ал қарама-қайшылық бойынша:

  • қарама-қайшылық кез-келген затта бар, бірақ кез-келген қарама-қайшылық диалектикалық қарама-қайшылық емес, ол өзгеріс;
  • диалектикалық қарама-қайшылық таным процесіндегі қайшылықтар, обьективті шындыққа қарам-қарсы.

Сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы-даму механизмін ашады, белгілі бір сандық өзгерістер сапалық өзгерістерді тудыруы, ал жаңа сапа өз кезегінде жаңа мүмкіндіктер мен сапалық өзгерістердің интервалын тудырады. Сапаның дамуы санның өзгерісі есебінде жүреді. Оны әдетте секіріс деп атайды. Бір сапалы қалыптан екінші қалыпқа өту-секіріс деп аталады.

Сапа дегеніміз обьектінің тұтас интегралды сипаты, яғни басқа оьектілер байланысы мен қатынасынан алынған қасиеті.

Сан – бұл обьектінің шығу деңгейін, оның сапа интенсивтілігін, оның бөліктерінің өзара қатынасын, биіктігін білдіретін қасиеті.

Өлшем – бұл сандық өзгерістер болу ерекшелігі және сапаны бұзбаудың сандық және сапалық бірлігі.

Терістеуді терістеу заңы-дамудың негізін ашып, дамудың бағыттылығы мен қажеттілікті, циклді, ескі сапаға жаңа негізде қайта оралуды білдіреді. Алғаш рет терістеуді терісте заңын ашқан Гегель болатын. Бұл заң төменнен жоғары қарай дамуды білдіреді.

 

 

Әдебиеттер:

1. Радугин А. Философия.-М.,2003

2. Современные зарубежные концепции диалектики. Критические очерки. М.,1999

3. Кириллов В.И. Основные проблемы философии. М.,2005

4. Н.И. Кузнецов Философия. М.,2004

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 9448 | Теги: диалектика | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: