-->
Главная » Статьи » Философия

Антика философиясы

Антика философиясы

 

Дәрістің мақсаты: Көне Грек өркениетінің қалыптасуы мен даму ерекшелігімен, антикалық ойлаудың негізгі категориялары: Космос, Табиғат, Логос, Эйдос, Жан ұғымдарының мәнін түсіндіру.

 

Негізгі ұғымдар: натурфилософия, субстанция, апейрон, атомизм, болмыс, апорий, софизм, материя, форма, перипатетизм, стоицизм, киниктер, неоплатониктер.

 

Негізгі сұрақтар:

  1. Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты.
  2. Сократқа дейінгі философиялық кезең – Милет мектебі, Гераклит, Атомистік мектеп, Элей мектебі.
  3. Софистер және Сократ ілімі.
  4. Платонның объективті идеализмі.
  5. Аристотел философиялық ілімі.
  6. Эллинистік дәуір философиясы.

 

1.    Гректердің антика философиясы б.б. VII-VI ғғ. пайда болдыӨзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:  

1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды. 

2 кезең – классикалық кезең. Ол  Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.

3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.

4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.

2. Милет мектебі  – ФалесАнаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір  материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.

     Элей мектебінің өкілдерді – Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін қалаушылар болды, олар шынайылықтың ұғымдық бейнеленуін қарастырды. Олар ең алғаш таным процесінің сезімдіктен рационалдыққа өту екендігін анықтады, бірақ танымның бұл деңгейлерін бір-бірінен мәнділігіне қарай бөліп, оларды қарама-қарсы қойды. Ақыл бұл – «ақиқатқа бастайтын жол», яғни ол ғана ақиқат білімді береді, ал сезімдік таным «пікірді ғана тудырады». Білімді пікірге қарсы қойылған, яғни күнделікті қарапайым пікірлерге қарсы қойылған.

      Элей мектебінің көрнекті өкілдері Парменид пен Зенон болмыс туралы мәселені жан-жақты талдады. Дүниені екіге болді бірі – сезімдік заттар дүниесі, екіншісі – сезімнен тыс дүние. Болмысты ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. парминид : «болмыс бар, ал болмыс емес жоқ» - деп, «Ойлау мен болмыс бір» деп тұжырымдады. Болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.

      Зенон болмыстың өзермейтін, қозғалмайтындығын түсіндіру үшін апорийлерін пайдаланды. Ол үшін төрт дәлелге сүйенді. 1-ші – қозғалыс ешбір ақиқатқа ие бола алмайды, өйткені қозғалушы дене өзінің нысанасына жету үшін алдамен жарты жолға жету керек, ал оған жету үшін оың жартысына жектуі керек, сөйтіп қайталана береді. 2-ші – қозғалысты сезімдік арқылы анықтау оңай болғанымен, ой арқылы, кеңістік пен уақыт арақатысында анықтау өте қиын. «Ахиллес пен тасбақа». 3-ші – «ұшып келе жатқан жебе тыныштықта тұр» қозғалыс пен тыныштық диалектикасын анықтау. 4-ші – қозғалыс барлық денеге тән бе? Осы мәселелері арқылы Зенон диалектиканы негіздеген.

      Гераклит – оның ілімі бойынша барлығының түп негізі от; барлығы оттан пайда болады және оған қайта оралады. Оның шығармасы «Табиғат туралы», бірақ бұл еңбектің кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті «Қараңғы» деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының күрделілігінен болса керек.

    Гераклит атымен диалектикалық көзқарастардың дамуын байланыстырады. Оның ілімінің орталық принципі панта рей («барлығы ағады»). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге ауысады, бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың күресінің жалпылығы туралы айтты.  «Соғыс – барлығының әкесі, патшасы: ол біреулерді құдай, біреулерді адам, біреулерді құл, ал кейбіреулерді ерікті етті». Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында  гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.

    Гераклит адам жаны туралы былай тұжырымдады: ылғал мен от сияқты қайшылықтардың бірлігінен тұрады. Жанның көп мөлшерін от алып жатса, ондай жан ғажап және ақылды. Ал жанды су баса, онда жанның өлетіндігінің белгісі.  «Құрғақ жан парасатты». «Жанның өлуі – ылғалға айналу».      

    Пифагор мектебі – негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол ашты, сандарға мистикалық қасиеттерді таңды. Пифагоршылар сан – табиғатты бейнелеуде бірінші принцип, сан – материя және әлемнің формасы. «Барлық заттар саннан пайда болды» Филолай былай деген: «Егер сандар болмаса ешнәрсе пайда болмас еді, санның құдіретін құдайлар мен перілердің әрекеттерінен, адамдардың ойы мен ісінен, қолөнер мен музыкадан байқау қиын емес» пифагоршыларда сан – көзге көріненін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі пішін түрінде көрінеді.  Тақ және жұп сандардың түрлі сапалары болады: жұп сандар төмен дәрежеде, ал тақ сандао жоғары дәрежедегі қасиетке ие. пифагоршылар әлемнің пайда болу концепциясын былай түсіндірді: барлығының бастамасы – бірлік, бірліктен сан құралады., сандардан нүктелер, нүктелерден сызық, сызықтан жазық дене, садан кейін көлемді денелер пайда болады. содан соң төр түрлі материалды элементтердің бар екендігі тұжырымдалды: жер, от, ауа, су. Пифагор материалды элементтерді түрлі дұрыс көпбұрыштармен байланыстырып түсіндірді: жер – куб формасының бөлшектерімен, от – тетраэдрлер формасының бөлшектерімен, ауа – октаэдрлермен, су икосаэдрлермен.

    Атомистік мектеп – Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит, Левкипп,  Анаксагор «әмбебап қоспалар» принципі – қандай болмасын заттың «үкен» немесе «кіші» қасиеті салыстырмалы. әлемнің бөлшектері мен біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс ғарыштағы қозғалысты анықтайды. Оларды қозғалысқа келтіретін күш – ақыл (грек нус бұл күш мақсаттан келіп шықпайды, механикалық себеп-салдар. Ақыл – қозғалыстың қайнар көзі, екіншіден – ғарышты ұйымдастырады.

       Демокрит (б.зб. 460-370 жж.) заттар атомдардан тұрады, олар формасы, жағдайы, тәртібі арқылы ерекшеленеді, өзгермейтін сапалық жағынан біртекті. Қажеттілікті аса жоғары бағалап, кездейсоқтықты жоққа шығарды. Әлемде жаратылғанның бәрінің өз себебі бар, сондықтан ке-келген құбылыс қажетіліктен туындайды. Кездейсоқ, себепсіз оқиғалар адамдардың ойлап тапқандары, болып жатқанның шын мәнін түсінбегендіктен туындайды. Болып жатқанның шын мәнін ұғыну, анықтау танымның негізгі мақсаты.

    3.Софисттер – б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті..

     Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді.  Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:

Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б..

   Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны»Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».  

    Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.

     Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады.    Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.

     Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі,  Платона академиясы  - Платон

 

4. Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең -  философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары «Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: «Софист», «Парменид», «Мемлекет» және т.б..

     Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды.  Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі.

      Таным теориясында Платон идеалистік позицияны ұстанды. Оның идея туралы ілімі оның таным ілімімен ұштасып жатыр. Платон сезімдік танымды рационалды танымнан бөліп алды. Сезімдік танымның пәні материалды әлем деп алып, оны мәнсіз екінші дегейлік деп қарастырып, ол тек болмыс болып көрінетін шынайы емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – бұл идеялар әлемінне ену, тану, оны ақылмен тану.

      Платонның гносеологиялық концепциясы еске түсіру теориясы болып табылады. Жан идеяларды еске түсіреді, жан онымен тәнге енбей турғанда  идеялар патшалығында жолыққан. Платон нақты адамдардың идеяларын абстракциялап, идеялар әлемін құдайлық патшалық деп жариялады, адам дүниеге келгенге дейінгі ажалсыз жаны сол әлемде болатындығын айтты. Содан ол жерге түсіп, шектеулі уақыт адам тәнінде жүреді, сонда ол идеялар әлемін «еске түсіреді». Платон бойынша, таным жанның жерге түскенге дейінгі тіршілігін еске түсіруі болып табылады.

       Платон жақсы өмір сүру мәселесінде ақылды жоғары деңгейге көтеретін мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлект туралы негізгі идеясында – ізгілік, ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті идалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз жанын құтқару. Оны қызықтырған мәселе мемлекеттің мәні мен формаларын басшының тұлғалық қасиеттері тұрғысынакн түсіну болды.

Жанның үш жағдайы

 

Үш әлеуметтік топ

Үш негізгі ізгіліктер

1. Ақыл

1. Басқарушылар – философтар

1. Ақылдылық

2. Аффективті

   (эмоционалды)

2. Стратегтер - әскерилер

2. Батырлық

3. Сезімдік

3. Өндірушілер –жерөңдеушілер жәнеқолөнершілер

3. Өлшемділік

 

4-ші ізгілік ретінде – әділдікті алды, әділдік барлығынан жоғары тұрады, өйткені ол «ізгіліктерді құраушы негіз» .

      Платонның мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады:

мемлекеттің жетілген, иеалды формалары:

а) Платонның идалды мемлекеті – құрыламынгың ең негізгі принципі - әділдік

б) Аристократия (аристократиялық республика)

жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар:

а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады.

б) Олигархия – (грек  «азшылық»), азшылық көпшщілікке үстемдік жүргізуі, байлардың кедейлерді басқаруында, өшпенділік, қастандық жасау орын алады. Одан ысырапсыздық кең орын алады.

в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың ең шашар түрі, , көпшіліктің билік жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі. Өрескел түрдегі бостандық, еркіндікке бастан тиранияға жол ашады.

г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі.

 

      Аристотель (б.б. 384-322 ж.ж.) – «Физика», «Механика», «Органон», «Жан туралы», «Никомахова этикасы», «Саясат», «Риторика» еңбектерінің авторы.  Аристотель көне заманның энциклопедисті және өзіне дейінгі философия мен ғылыми білімді жүйеге келтіруші, танымал тұлға.

     Аристотель шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады:

теоретикалық – болмыс мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған;

практикалық – адам әрекеті, мемлекет құрылымы мәселесін қарастырған;

поэтикалық

    Аристотель философиялық ілімінінің негізгі жақтары ретінде мына төменгілерді алып қарауға болады:

Категориялар туралы ілім. Бұл ілім Платонның идеялар теориясына негіделіп, түрлі сападағы идеялар туралы ілім болды. Аристотель ең алдымен екі катигорияны ажыратып айтты: мән («субъстанция») және сапа («акциденция»). Мысалы, ізгілік идеясы және идеяның өзі мән мен сапаны көрсетеді. мән өзінен өзі өмір сүреді, ал сапа (немесе сан) қандайда бір мәнге сәйкес өмір сүреді, өзімен өзі бола алмайды. «Ізгілік» сапа катигориясы, ол өзімен өзі бола алмайды, біреудің қасиеті (ізгілікті адам, ізгілікті іс) ретінде өмсір сүреді.

Материя және форме туралы ілім немесе әрбір заттың екі себептілігі туралы ілім.  Аристотель материя ұғымын ендірген алғашқы философ, онда ол қарапайым тіл және «материал» ұғымын пайдаланды. Форма Аристотель бойынша – заттың бейнесі, материядан белгілі бір затты тудыру үшін керекті әрекеттіліктің бастауы. Аристотель тілімен айтқанда форма әуелгі кезе болмыс «мүмкіндігі». Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып табылады. Материя Аристотель бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары, яғни таза мүмкіндік. Екінші жағынан мүмкіндік қана емес, таза шындық.

Логика. Болмысты тану тек логика көмегімен мүмкін болады. Логиканы  «органикалық» ғылым ретінде қарастырды, яғни ол болмысты танудың құралы («органон») деп есептеді. Логика, Аристотель бойынша таным үшін методологиялық мәнге ие. Ол жалпыны жекеден, ақиқат білімді жалған білімнен ажыратуға көмектеседі. Жалпыны ажырататын әдісті Аристотель индукция (жекден жалпыны ажырату) деп атап, кейін ол жеке факторды түсіндіруге мүмкіндік береді деп тұжырымдады.  Силлогизмдерден дәлелдеуді негіздейтін әдіс, яғни, жалпы тұжырымдардан – жекелеген пікірлерді алуды ол дедукция деп атады.

Жан туралы ілімі. Адамның өзге тіршілік иелерінен жануарлардан негізгі ерекшелігі оның ақылында.

         Ақыл жалпылама ойлаудың мүмкіндігі. Адамның сөйлеу қабілеті осыған негізделген (сөйлеуде жалпылықтар туралы ойлар байқалады) ал жануарларда бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім) және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адм әрекетін шартты етеді, оның еркін қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді .

     Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз.

    5. Эллинизм дәуірінің философиясы: стоицизм және эпикуршілдік.

     Эпикуршілдік– атақты философ Эпикурдің есімімен аталған философиялық мектеп. Бұл ағым Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелерджі көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген бағыт деп қарауға болады. Атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасады. Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады десе, Эпикур атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаса, Эпикур атомдар өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардыяң орын алатындығын көрсетті. Осы арқылы қоғам өміріндегі еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді. Стой мектебінен қарағанда Эпикуршілдердің этикасы гедоникалық (грек- қанағаттану), этикасы бақытқа жеткізетін әрекет.

       Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa -  афина қаласындағы философтар жиналатын ғимарат) негізін қалаған Китионнан шыққан Зенон. Адамның негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер даналық – София деп атаған. Натурфилософиялық көзқарастары Гераклит көзқарастарымен сәйкес келеді. Дүниенің негізі от.

      Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін») адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен ойларды қамтыды. өкілдері Пиррон, Секст Эмпирик. Адамның ойы арқылы айналадағыларға кеңінен көз салу, оны жақсылап бағдарлау, өткенге қайта қарау, таным жетістігіне сын көзбен шолу болды.

      Сонымен, көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 16416 | Теги: Антика философиясы | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: