-->
Главная » Статьи » Философия

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы

 

мақсаты: Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының негізгі мәселелері мен, оның өзіндік ерекшелігімен,  утопистік ойларымен таныстыру.

   

 Негізгі сұрақтар:

  1. Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік сипаты: Италия қайта өрлеуінің гуманизмі
  2. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының натурфилософиясы –Николая Кузанский философиясы
  3. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының - әлеуметтік-саяси көзқарастары: Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла.

 

1. Қайта Өрлеу дәуірі – ортағасырлық кезеңнен Жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт, бірнеше мыңжылдықтарды қамтыды (XIV-XVI ғ.ғ.).

     Қайта Өрлеу дәуірінде алғашқы капиталистік қатынастар пайда болып, ұлттық мемлекеттер қалыптасты, абсолютті монархияға қарсы әлеуметтік конфликтілердің өршіген кезеңі болатын. Германиядағы шаруалар көтерілісі, Франциядағы діни соғыстар, Нидерландиядағы буржуазиялық ревалюциялар.

        Бұл  кезде қоғам өмірі мен мәдениет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Қайта өрлеу дәуірі ХІҮ ғ. Италияда пайда болып, гүлденуі ХҮ ғ. болды, ХҮІ ғ. Қайта өрлеу бүткіл батысеуропалық құбылысқа айналды. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жарқын көрінісі Флоренцияда ХҮ ғ.аяғы мен ХҮІ ғ. басында көрінді. Италияда қала мемлекеттерінде белсенділік орын алып, феодалдық ескіліктен арылу басталды. Қалаларда сауда, банк істері дамыды, мануфактура пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті мен философиясы – жаратылыстану және географиялық жаңалықтармен байланысты болды.

      Қайта Өрлеу дәуірінің дүниегекөзқарасының негізгі ерекшеліктері:

1) Өнерге көп көңіл бөлінуі. Қайта Өрлеу дәуіріні көркемдік-эстетикалық сипатта болды.

2) егер Антика дәуірі табиғат-космос, ал ортағасырларда адамның құдайға қатынасы орталық  мәселе болса, Қайта Өрлеу дәуіріні адамды орталық орынға қойды, философиялық ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды. Қайта Өрлеу дәуірініде адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады. Орта ғасырлық рухани түсініктерден арылуға талпыныс өнердің, әдебиеттің гүлденуіне алып келді, сөйтіп гуманистік дүниетаным қалыптасты.

3) дүниені пантеистік тұрғыдан түсіну Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының өзіндік ерекшелігі болды. Пантеистік көзқарас құдайды табиғатпен теңестірді, табиғатты, адамды құдайлық дәрежеге көтерді.

4) Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті).   

     Пантеизм догматтық, діни дүниетанымнан табиғатты ғылыми тұрғыдан түсінудің жаңа формасы болды. Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудік  эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.

    Зерттеушілер Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының дамуының екі кезеңін көрсетті: 1) Жаңа заманның талаптарына сай Антика философиясын реставрациялау мен қайта жасау кезеңі (XIV-XV ғғ.) – Данте Алигьери, Лоренцио ВаллаФранческо Петрарка және т.б.

2) Өзіндік философияның қалыптасуы, жаңа натурфилософия (XVI в.).

     Ерте Қайта Өрлеу дәуіріне тән сипат христиандық діни ілімді антикалық «бұтқатабынушылық» философиялық ойлармен толықтырғысы келді.Соныменитальян гуманистері 14 ғ. алғаш рет антропоцентризм философиялық принципін шығарды, адамды тек табиғатпен жақындастырып қойған жоқ, оны Құдай ұғымымен де сәйкестендірлі. Олар үшін адам жан-жақты дамыған, әрекетшіл, Құдаймен тең, дүниенің, адамгершілік идеалдың кіндігі, орталығы.

    Қайта Өрлеу дәуірі гуманистері кәсіби философтар болған жоқ, олар жаңа әлеуметтік топ өкілдері – саяси қайраткерлер, дипломанттарфилологтар,поэттер болдыОлар Антика дәуірі авторларының еңбектерін аударды. әсіресе Италия гуманистері маңызды орынға ие болдыОларНикколоНикколиФранческо Петрарка, Салютати, Леон Батиста Альберти, Леренцо ВаллаМарсилио Фичино, Пико делла МирандолаПьетро Помпонацциболды.

    Гуманистер шіркеудегі схоластикалық рухта білім алуға қарсы болдыолар шіркеумен ешбір байланыспады. Ортағасырлық концепцияларға қарсыболды. Орта ғасырда адам жанына көп мән беріп, тәнін тысқары қалдырса, гуманистер гуманистер адамның тәндік бастауларына көп көңіл бөлді. Адамдағы рухани-тәндік сипатты жоғарлатты, біріктірді. Осы тұрғыда эпикуршілдік көзқарастарды қайта жаңғыртты.

    Гуманистер адам табиғатының қайырымдылығын және олардың қандай сословияға жататындығына қарамай барлығының теңдігін айтты. Адамға мүмкіндік пен шығармашылық тән деп, тұлғалық мән - әр бір адамның өзіне байланысты деп пайымдады.

    Гуманизмдегі негізгі сипат – антиклерикализм – католиктік шіркеу қызметкерлерін сынау, әсіресе монахтардың әрекеттерін қатты сынады. Бұл жөнінде Бруни мен Браччолини «Көзбояушыларға қарсы» диалогінВалла «Монахтың уәдесі» атты шығармасын жазды.

 

    Данте Алигьери (1265-1321) «Божественная комедия» «Пир» «Монархия туралы» еңбектерінің авторы. Оның пікірінше «Құдайлық ақылдың көрінуі,  бұл - адам. Адам – ең ұлы ғажайып» ол адамның екі түрлі ролі туралы айтты: адам мәңгілікке, о дүниелік өмірге бару үшін туылған, бірақ оның осы өміріндегі, жер бетіндегі шынайы өмірі құнды. Адам тағдыры алдын ала анық емес, оны өзі жасайды, сондықтан жақсылыққа, білімге ұмтылуы керек.

    Гуманистік қозғалыстың негіздеушісі Франческо Петрарканың негізгі міндетті «өмір сүру өнерін» жасау болды. Оның пікірінше, адам нақты осы өмірінде бақытқа кенелуге құқы бар. Петрарка адамның тұлғалық мәні адамның ішкі дүниесінің үміті, бастан кешкендері мен қорқынышымен ерекшеленеді. Петрарканың көзқарастарында индивидуалистік тенденция орын алған, бұл тенденция да Қайта Өрлеу дәуірінің негізгі сипаты болып табылады. Тұлғалақты шыңдау жағымсыз әрекетерден арылуға тырысқанда, әруақытта өзін жетілдіргенде мүмкін болады (Джованни Бокачоға да осы идеялар тән).

     Лоренцо Валла этикалық ілімін қалыптастырды, ол өз ілімінде Эпикур этикасын бастау етіп алды. Ол адам өмірін жан-жақты толысқан етіп қалыптастыруға тырысты. Оның этикасының негізі ләззаттану принципі, онда ол жан мен тәннің ләззаттануын біріктіруге тырысты.

      Валла адам ақылының күшіне сенді, адам белсенділігі идеясы мен ерікті әрекетке негіздеп тәрбиелеуді ұсынды,

2. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:

Пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;

Микро және макро космостың теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;

Гилозаизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;

Табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;

Материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.

    

      Қайта өрлеу дәуірінің пантеистік философиясының негізін салған италян философы Николай Кузанский (1401-1464) математика және жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданған. Құдай мен дүние арақатынастарын қарастырып, теологияны жоққа шығарды. Құдай шексіз тіршіллік иесі, абсолютті максимум, Құдай әлеммен өлшенбейді, сондықтан ол абсолютті принципиалды түрде танылмайды.

     Егер құдай шексіз болса, яғни абсалютті максимум болса, соңы жоқ болса, онда сонда мағынада одан ажырамас абсолютті минимум да болады. бұндай сәйкестіктен мына қоытындыны шығаруға болады, Құдай барлығында әлемді құдайдан тыс қарау шартсыз, екіншіден, Құдай себеп пен салдардың, жаратқанның және жаратылғанның бірлігі; үшіншіден көрініетін заттар мен Құдайдың мәні бір-біріне сәйкес, бұл әлемнің бірлікте екендігінің дәлелі.

            Н. Кузанский философиясында адам туралы ілімге көп көңіл бөлген. Ол креационизма сияқты  христиандық идеялардан бас тартты, адамды өзінше микрокосм ретінде,  табиғат перзенті ретінде қарастырған антикалық идеяларға қайта оралды. Сөйтіп, Кузанский микрокосмды құдайлық мәнмен байланыстыруға тырысты. Ол мынандай тұжырымдарға келді: кіші әлем, адам, тек өндірмейді, көпжақты табиғат әлемін өзіне бағындырады, максимальды әлем – Құдаймен тең.

            Кузанскийдегі адамның әулиелігі ұғымын адамның шығармашылық мәнін түсіндіру үшін қолданды. Егер жаратушы абсолют Құдай болса, онда адам Құдайға ұқсас,  абсолют болып табылады, ол шығармашылық бастау, яғни, толықтай ерік бостандығына ие.           

Қайта Өрлеу дәуірінің және Жаңа заманның көптеген философтары сияқты Кузанскийдің танымының мақсаты схоластикалық сенімді жою болды.

    Кузанскийдің ойынша, адам микрокосм ретінде, табиғатты танып білуге табиғи мүмкіндіктерге ие. оның танымдық мүмкіндіктері әулие, шығармашыл ақылының арқасында жүзеге асады. Ақыл индивидуалды, адамдардың түрлі тәндік құрылымымен шарттанған.

Николая Кузанскийдің философиялық көзқарастары қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиялық ойына көп ықпал жасады. 

3. Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-философиялық іліміндегі күшті орталықтандырылған мемлекетті орнатудың қажеттілігін негіздеген, ірі өкілдері Францияда Жан Боден (1530-1596) – «Республика туралы алты кітап», Польшада – Анджей Моджевский (1503-1572) – «Мемлекетті түзету туралы» трактат. Бұл дәуірдің әлеуметтік-философиялық ойы Томаса Мюнцера (1490-1525) –неміс революционерінің атымен байланысты, ол Германиядағы Реформация және 1524-1526 жылдардағы шаруалар көтерілістеріндегі  крестьян бұқарасының көсемі; Томмазо Кампанелла (1568-1639) итальян философы – «Күн қаласы», ағылшын гуманисті, утопистік социализм теориясының негіздеушілердің бірі, «утопия – ешқайда жоқ орын» терминінің авторы (1478-1535) – «Утопия». Т. Мор бойынша:

- жеке меншік жоқ;

- барлық азаматтар өндірушілер болып табылады.

     Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған. «Билеуші» атты  трактатында күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б..

     Макиавелли идеялары күшті мемлекет құру үшін мемлекеттік билікті күшейту және өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті антигуманды құралдарды қолдануы  арқасында макиавеллизм деген атауға ие болдыБилеуші күшті мемлекеті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет. Сатқандық, өлтіру, улау, сенімін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады.

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 18586 | Теги: Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы | Рейтинг: 2.7/9
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: