-->
Главная » Статьи » Философия

Адам және қоғам философиясы

Адам және қоғам философиясы

 

Дәріс мақсаты: студенттерді әлеуметтік философияның негізгі мәселелерімен таныстыру, қоғамды философиялық тұрғыдан қарастырудың мәнін ұғындыру.

 

Негізгі сұрақтар:

1. Қоғам жүйе ретінде

2. Қоғамдық сана және оның құрылымы

3..Адам мәселесі, адамның әлеуметтілігі, психологиясы, биологиясы

 

        1.Әлеуметтік философия  материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері:

социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;

адамдардың рухани әлемі, оның ұжымы, бұқаралық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу;

әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары.

Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді. 

  Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық  қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы.

Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.

2.Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.

Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. progressus – ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған). Прогресс – қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.

Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным – қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс. 

     Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс және қоғамдық сана.

Қоғамдық болмыс-әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық,  жанұялық, саяси және т.б.

Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің, тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:

саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары;

құқықтық сана-қарапайым, күнделікті көзқарастардың, психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рөлі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі;

моральдық сана-қоғамда қалыптасқан баға, идеал, теория, жақысылық пен зұлымдық, әділеттілік сияқты теорияларды береді;

діни сана-құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялары.

 

3.  «Адам» түснігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік аспектілерді қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың жалғыз өкілі индивид. «Индивид» -«тұлғаға» өту жолындағы алғашқыбаспалдық. Екінші баспалдақ «индивидуалдылық», оның мазмұнына жеке адамға тән (психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы рөлі мен орны,іс-әрекетінің бағыты, т.б.) қасиеттер кіреді. «Тұлға» дегеніміз-белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға қоғам түсінігімен тығыз байланыста болады. Адам тіршілігі ең басты сапа болғандықтан, оның үш компоненті бар:

биологиялық компонент тәндік, анатомиялық  ерекшелік, жүйке жүйесі сияқты адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды;

психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв, ес сияқты мінездемелерін айқындайды;

әлеуметтік компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады.

      Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология, дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді. Ғылымда адам басты проблема болғанмен, көп жағдайда ол соңғы кездерге дейін тап, тап күрестері, өндіріс әдісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, бизнес және қондырма, революция т.б. проблемалар көлеңкесінде қалып келді. Енді адам проблемасы арнайы қаралатын болды. Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болады. Олай болса еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.

 

Әдебиеттер:

1. Радугин А. Философия.-М.,2003

2. Рычков А.К., Яшин Б.Л. Философия. М.,2004

3. Кириллов В.И. Основные проблемы философии. М.,2005

4. Н.И. Кузнецов Философия. М.,2004

Категория: Философия | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 18676 | Комментарии: 1 | Теги: Адам және қоғам философиясы | Рейтинг: 2.2/5
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: