-->
Главная » Статьи » Ерік-жігер » Ерік-жігер

Өмірде бай-бақуатты өмір сүру үшін не істеу керек?

Өмірде табысқа кенеліп, бай-бақуатты өмір сүру үшін мына жасқа дейін мынаған жету керек, мына салада нан жоқ, басқа ниша тауып, сонымен айналыс немесе біздің елде мүмкіндік жоқ, бәрі таныс-тамыр, үлкен жобаға нарық кішкентай деген стереотип, сылтау бар.

Негізі боламын деген адам қай жаста, қай салада, қай елде болмасын, жарып шығады. Сенбесеңіз, мына 3 кейіпкеріміздің success story-імен таныс болайық. .

E-COMMERCE.(ASIA) . Қытайдың ең бай бизнесмені Джек Ма айтқан ғой, 35 жасқа дейін бай болмасаңыз, жастық шағым босқа өтті дей беріңіз деп. Сол сияқты әркім өзінің бойында мақтануға тұрарлық дүниесін жастармен бөлісіп жатады. Ол бірақ қатып қалған ереже, аксиома емес. Джек Ма 35 жас деп кеңес беретін себебі, өзі 34 жасында министрліктегі басшылық жұмысын тастап, 17 досымен "Alibaba Group" атты компания құрады да, 2000 жылы 35 жасында 25 млн долларлық инвестиция тартады.

WRITING. Гарри Поттер кітаптар сериясын шығарған Джоан Роулиң 25 жастан асқанда анасы қайтыс болып, 28 жасында күйеуімен ажырасып, жалғызбасты ана ретінде жолы болмай жүргенде 32 жасында Гарри Поттердың "Гарри Поттер және Сиқырлы тас" атты алғашқы кітабын шығарып, 2008 жылы 43 жасында 560 млн фунт байлығымен Форбсқа кіріп кеткен. Жазушы Харвард студенттері алдында шығып сөйлегенде, сәтсіздіктен қорықпаңыздар, мақсат қойыңыздар, қиялдарыңызды шектемеңіздер деп кеңес береді.

(EUROPE) . FOOD. KFC-дің сыртында тұрған ата, брендті ойлап тапқан Харленд Сандерс атты ақсақал бала кезінен әкесіз жетім өсіп, өгей әкесінің қорлығын көріп, соғысқа барып, 40 жасына дейін жолы болмай жүреді. Қырыққа келгенде қамал алмаса да, кішігірім асxана ашып, тірлігін бастайды. Сандерс шал 60-қа келгенде ерекше имиджбен мықты ортаға кіріп, араласа бастайды. 65 жасында бизнесі жүрмей, тауық қуыратын өзіндік рецептін франшайзиңмен сата бастайды да, 74 жаста KFC Corporation атты компаниясын Кентуккидегі бизнесмен Джон Браунға $2 млн-ға сатып жібереді. (AMERICA) .

Бұл үш саланы алған себебім Инстада аккаунт ашып, сайттарға мақала жазып, сондай-ақ, даяшы болып ақша тауып жүрген студенттерім бар. Соларға айтарым армандарыңызға түбінде жетесіздер.

Категория: Ерік-жігер | Добавил: admin_ (16.06.2017)
Просмотров: 538 | Теги: түрткі, кірісу, ерік-жігер, жігерлену, мотивация, ниет, Жігер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: