-->
Главная » Статьи » Ерік-жігер » Ерік-жігер

Ерік жігер дегеніміз не?

Адам боп өмірге келген соң, бәріміздің алға қойған мақсатымыз, арманымыз болады. Бірақ көбіміз әрекет етіп күресудің орнына, жәй армандап, құр шөппен ауыз сүрткенді жақсы көреміз. Ондай сәт менде де көп болған, сол күреспегеннің арқасында көптеген арманыма, биік мақсатыма жете алмадым.

Иә, бәрі Алланың қолында дейміз, бірақ Алла тағала бізге қармақ береді ғой, өзіміз балық аулауға ерінеміз де, "әй, қойшы" деп жеңілдің үстімен жүре береміз.

Мысалы, түнде қатты дәретxанаға барғымыз келді делік. Мақсатыңа жету үшін жылы төсектен тұрып, ұйқыңды ашып, дәретxанаға баруға тура келеді ғой? "Мен депрессияда болдым, сол үшін жіберіп қойдым", "Менің мүлде уақытым болмады", "Негізі не істеу керегін білем, бірақ мен жолы болмайтын байқұс емес пе едім?", "Орнымнан тұрып, ол жаққа барар ем, әттең ақшам жоқ!", "Иә! Мен сондай адаммын! Не болды ал?? Керек десең бұтыма бұған дейін 4 рет жіберіп қойдым, тірімін ғой? Дәретxанаға жүгіріп бару-ешқашан қолымнан келмейді! Не дейсің маған", "Ертең, не басқа күні барармын!" деп сылтау айтпайсың ғой?

Сонда неге істегіміз келгенді істемей, айтқымыз келгенді айтпаймыз? Себебі біздің ішімізде "қорқыныш деген бәле" отырады жалпайып. Біз бір құлағаннан кейін үстіміздегі шаңды қағып орнымыздан тұруға батылымыз жетпеген сайын, ана қорқыныш быттиып семіре береді. Сосын ол "сенімділік пен батылдықты" бұрышқа қысады.

Жеке өзіме келсем, мен қанша жыл болды, суда жүзуді үйрене алмай-ақ қойдым, себебі мен "батып кетем" деп қорқамын. Қанша тырыссам да сол қорқынышты жеңе алмадым.. Сол сияқты сізді жұмысқа әкеңіз кіргізіп қойды делік, ол қызметті армандамағансыз, жұмысқа барған бетте күнде бес минут сайын фейсбукке кіресіз, яғни жұмысыңыздан еш ләззат алмайсыз, "мына жұмысты аяқтасам, үлкен жетістік күтіп тұр" деген мақсат жоқ.

Келесіз, кетесіз. Ал тастап, өз қалауыңызбен жұмыс табуға қорқыныш жібермейді. "Басқа жұмысты тапсам, істей алмасам қайтем?", "Да ну, қайта төменнен бастау керек пе?", "Айлығы аз шығар"-осы ойлар мақсатымызға жеткізбейді, сүйікті ісімізбен айналыспай, бір орында қозғалмай қала беруге себеп болады.

Ол үшін іштегі қорқынышты жекпе-жекке шақырып сөйлесу керек екен. "Не болды? Менің қолымнан келмейді дейсің бе? Келеді? Алма ағашын да еңбектеніп ектім, неше жыл күттім. Енді жеміс беруде ғой? Сондықтан сен мені босат, мақсатыма жеткіз" деңізші, жүзеге асады екен. Алынбайтын қамал жоқ, адам жасағанды адам жасай алады!

Категория: Ерік-жігер | Добавил: admin_ (15.06.2017)
Просмотров: 1394 | Теги: ерік-жігер, қазақша мотивация, ерікжігер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: