-->
Главная » Статьи » Экономика

Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері

Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері

1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның формалары

2. Фирма-ұлттық шаруашылықтың негізі

1. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу.

Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.

Меншік иесінің табысының түрлері:

А) дивиденд;

ә) депозидтік процент;

б) рента.

Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.

Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:

А) жеке-дара;

ә) аралас;

б) мемлекеттік.

Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.

Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:

А) ұйымды-құқықтық;

ә) ұйымды-экономикалық.

А) Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:

- Жеке фирма;

- Серіктестік: толық, аралас, жауапкершілігі шектелген;

- Мемлекеттік кәсіпорындар;

- акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).

Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.

Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.

Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.

Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.

Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар.

Б) Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық  формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар.

Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

Картель- бұл баға жөнінде нарықта өнімді өткізу жөнінде бір саладағы кәсіпкерлер арасындағы келісім.

Синдикат- бір саланың кәсіпкерлері арасында бәсекені жою мақсатында біріктіріп өнімдерін өткізу ұйымы.

Концорциум- ірі қаржы операцияларын біріктіріп жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кәсіпкерлер ұйымы.

Концерн- көпсалалы акционерлік қоғам.

 

2. Фирма - нарықтық экономиканың негізгі ұйымдастырушы-экономикалық звеносы.

Фирма дегеніміз - шикізат ресурстарын шеткі өнімге ауыстыратын ұйым немесе коммерциялық еркіндігі бар кәсіпкерлік бірліктің ерікті бизнеспен айналысатын заңды ұйымы.

Фирманы құру үшін жұмсалатын шығындарды трансакциялық шығындар деп атайды. Оған жататындар: келісім жасау, келісім жасаушыларды құлаққағыс ету, күнібұрын келіссөз жүргізу, келісім құру, мәләметтер жинау, келісімнің орындалуына көз жеткізу үшін жұмсалатын шығындар жатады.

Фирма соңғы өнімді өндіру үшін 6 түрлі айырбас жасайды:

А) ақшаны жалдамалы жұмысшылардың еңбегіне айырбастау;

ә) ақшаны жеткізушілердің тауарлары мен қызметтеріне жұмсау;

б) Тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың ақшасына айырбастау;

в) ақшаны кейіннен төлейтін инвесторлар мен жалға берушілердің ақшасына ауыстыру;

г) ақшаны қазір төлейтін, кейін қарыз алушылардың ақшасына айырбастау;

д) ақшаны  қосымша тауарлар мен қызметтерге айырбастау.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 6050 | Комментарии: 1 | Теги: Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 1
1 Айбол Сабырбаев   (21.10.2015 23:31)
мне очень понравилься


Имя *:
Email:
Код *: