-->
Главная » Статьи » Экономика

Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

1. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері.

2. Жұмыспен қамту саясаты

3. Инфляция: мәні, пайда болу себептері және түрлері.

 

1.Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздық шығындары.

Жұмыссыздық дегеніміз- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.

Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.

Экономистер негізінен жұмыссыздықтың үш түрін бөліп көрсетеді: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық халықтың әрдайым бір аймақтан екінші аймаққа (қалаларға, поселоктарға) ауысуымен, кәсіптерін ауыстырумен, өмір-сүру кезеңдерімен (оқу, жұмыс, бала туу және оған қарау және т.с.с.) туады. Осы мотивтермен пайда болатын жұмыссыздық ерікті жұмыссыздық ретінде қарастырылады, өйткені адамдар өз еріктерімен тұратын жерлерін, жұмысын, кәсібін ауыстырады, оқу немесе бала туу шешімдерін қабылдайды. Фрикциондық жұмыссыздық әрдайым болады, одан қашып құтылу мүмкін емес. Оның басты белгшісі – төмен ұзақтылығы. Осылай, 1980 жылдардың соңында АҚШ-да 50 пайыз жұмыссыздар осындай жағдайда 5 аптаға дейін болағн, ал 80 пайыз жұмыссыздар, шамамен 14 апта жұмыссыз болған. Бұл американдық жұмыссыздық табиғаты бойынша фрикциондық мінезге ие болатыны туралы айтады, ол экономикада ресурстарды қайта бөлудің қалыпты үрдісін, жұмысшы күші нарығының жеткілікті жоғары тиімділігі туралы куәландырады, бұл күрделі әлеуметтік мәселе болып табылмайды. Мұндай жұмыссыздықтың мәнді белгісі, соныменен қатар, жұмыс іздеуші адамдардың қажетті квалификацияға, кәсіби дайындыққа және жетістіктерге ие болып табылады. Олардың мүмкіндіктеріне фирмалар жағынан сұраныс бар.

Жұмыстан ерікті түрде бас тарту тек фрикциондық жұмыссыздық кезінде сарқылымсыз. Ерікті жұмыссыздық адам төменгі жалақыға жұмыс істегісі келмеген уақытта пайда болады. Соныменен қатар, кез-келген қоғамда адамдардың белгілі бір пайызы мүлдем жұмыс істегісі келмейтіндер болып келеді (батыстық елдерде олардың үлесі 15 пайызға дейін ғана жетуі мүмкін). Бұл санатқа жеткілікті бай адамдар кіреді, олардың жұмыс істемей-ақ қоюына болады, өйткені олар еңбектен түсетін табысқа мұқтаж емес. Бұған соныменен қатар өз алдына «туа біткен арамтамақтар» (бомждар, сұраушылар және т.с.с.) жатады, олар үшін қаңғушылық - өмірдің ерекше кейпіндегі стиль, психологиялық құрылым. Адамдардың бір бөлігі табыстарды басқа көздерден алады (мемлекеттің, ерлі-зайытылардың біреуінің қамқорлығында болады) және өздерінің алатын жалақысын демалыс уақытын жоғалтуды өтемейді немесе балаларды бағумен және үй жұмысымен айналысуды енгізетін нарықтық емес қызмет деп есептейді.   Ең соңында, ерікті жұмыссыздар санатына төмен квалификациялы адамдар аз түседі, өйткені олар үлкен жалақыға үміткене алмайды, соныменен қатар салық мөлшері өте жоғары елдердің жұмысшылары кіреді, өйткені еңбектік табыстар сезінетін таза пайданы әкелмейді.

Құрылымдық жұмыссыздық өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты еңбекті ұсыныс пен жұмыс күшіне деген сұраныстың сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады, ол жұмыс күшіне сұранысты құрылымдық өзгерісті туғызады. Осы себепке байланысты құрылымдық жұмыссыздықты кейбірде технологиялық жұмыссыздық деп те атайды. Технологиялық өзгерістердің әсерінен кәсіптің бірқатар түрлеріне сұраныс қысқарады, және жұмыс берушілер жаңа мамандықпен мамандарды іздейді.  Соныменен бірге, жұмыс күшін терриотриялық бөлуде де өзгерістер болады, нәтижесінде жекелеген аймақтарда жұмыспен қамтылмаған тұрғындар жинақталуы мүмкін.

Құрылымдық жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздықтан сонымен қатар ұзақтылығымен де ерекшеленеді. Фрикциондық жұмыссыздар, ережеге сәйкес, қосымша дайындықсыз жұмыс алуға мүмкіндіктері болады, өйткені еңбек нарығында олардың кәсібіне сұраныс сақталады. Керісінше, құрылымдық жұмыссыздарға тек қана қайта дайындық қана қажет болмайды, соныменен қатар тұратын жерін де өзгерту керек болады.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық сондай-ақ табиғи жұмыссыздық деп те аталады. Экономикалық ғылымға бұл түсінікті 1968 жылы енгізген М. Фридмен және оған байланыссыз басқа американдық ғалым – Э.Филипс енгізген болатын.

Табиғи жұмыссыздық экономика үшін неғұрлым жақсы жұмыс күшінің резервін мінездейді, өндірістің қажеттілігіне байланысты салааралық және аймақаралық жұмыс күшінің ауысуын тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәні бойынша, табиғи жұмыссыздық – экономикадағы толық жұмыспен қамтудың мақсатты деңгейіне, яғни потенциалды ЖІӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздардың үлесі болып табылады.

Толық жұмыспен қамтылу түсінігі қоғамдық өндірісте еңбекке қабілеті бар адамдардың барлығы қамтылғанын көрсетпейді, өйткені фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық міндетті түрде болады. Толық жұмыспен қамту кезінлегі жұмыссыздық деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, және ең алдыменен минималды еңбек ақы. Оның төмен деңгейі жұмысты бірінші іздеуші жастар жұмыс іздеу мерзімін ұзартуға алып келеді, соныменен қатар неғұрлым жоғары ақы төленетін жұмыс іздейтін жұмыссыздармен.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне сонымен бірге жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесі, кәсіподақтардың авторитеті, адамдардың еңбек етуге бейімділігі, экономика секторлары бойынша өсу қарқындарындағы айырмашылықтар, салықтар және т.б. әсерлерін тигізеді. Бұл факторлар өзгермелі болғандықтан, онда табиғи жұмыссыздық деңгейі уақыттың өтуіне қарай өзгеріп отырады.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, табиғи жұмыссыздық деңгейі нақты жұмыссыздықтың жоғарлауы кезінле өседі. өндірістің құлдырауы кезіндегі жұмыссыздықтың көбеюі оның бастапқы деңгейіне қайтып оралуымен аяқталмайды, керісінше неғұрлым жоғары табиғи деңгейге алып келеді. Бұл адамдық капиталдың «тоттануымен» түсіндіріледі, сондай-ақ жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың әртүрлі нарықтық билігіне байланысты. Соңғылары еңбек шарттары мен еңбек ақы ставкасы туралы келіссөздерге қатыса алмайды, ал жұмыс істеушілер өсу фазасында еңбекке деген сұраныстың жоғарлауы кезінде еңбек ақы ставкасының өсуіне ауыстырылу керек деп шешеді, бұл кезде жұмыспен қамтылғандардың санын өсіру қажет емес.

Табиғи жұмыссыздықтың деңгейін анықтайу үшін экономистер ұзақ кезеңдегі нақты жұмыссыздықтың орташа деңгейін қолданады. 40-50 жылда орташа деңгей циклдік ауытқуларды тегістейді. Табиғи деңгейдегі жұмыссыздық қажет болады, өйткені ол арқылы инфляцияны ұстап тұруға болады.

Бұл кезеңдегі жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болуы мүмкін, және осы жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы байқалады және циклдік жұмыссыздық пайда болады. Солай, циклдік жұмыссыздық экономикалық конъюктураның ауытқуымен байланысты. Экономикада құлдырау фазасында тауарлар мен қызметттерге деген сұраныс қысқарады, ол өндірістің және қамтылудың қысқаруына әкеледі. Өсу фазасында, керісінше, тұтынушылық және инвестициялық тауарларға сұраныс өседі, яғни жұмыс күшіне деген де сұраныс қоса өседі. Кейбір кезеңдерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден төмен болуы мүмкін, және осы жағдайда экономика артық жалпы сұранысты, яғни инфляцияны басынан кешіреді. Циклдік жұмыссыздық деңгейі Uц жұмыссыздықтың нақты U және табиғи U* деңгейлерінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады:

Uц= U- U*

Циклдік жұмыссыздық өндірістік ресурстардың толығыменен қолданбағаны туралы куәландырады. Бұл жағдайда ұлттық өндірістің нақты көлемі Yƒ потенциалды көлемінен Y* төмен. Егер де ЖІӨ-нің нақты деңгейі потенциалды деңгейіне тең болса Yƒ = Y*, онда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі нақты деңгейіне тең болады U=U*. Бұл жағдайда циклдік жұмыссыздық жоқ. Осыған орай, ЖҰӨ-нің нақты деңгейі потенциалды деңгейімен салыстырғанда неғұрлым төмен болса, соғұрлым циклдік жұмыссыздық жоғары:

Yƒ < Y*→ U>U* .

Потенциалдық және нақты ЖҰӨ арасындағы айырмашылық конъюктуралық үзіліске әкеледі (ЖІӨ үзілісіне), бұл талдауды 1960 жылы американ экономисі А.Оукен жасаған болатын. Эмпирикалық зерттеулердің негізінде ол циклдік жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ үзілісі арасындағы байланысты анықтады.

Бұл формуланың мағынасы Оукен заңын көрсетеді: егер де циклдік жұмыссыздық 1 пайызға өсетін болса, онда ЖІӨ - нің нақты деңгейі потенциалды деңгейінен 2,5 %  қалып отырады.

Оукен заңынан соныменен қатар көруге болады, егер де  құлдырау кезеңінде өндіріс 3 пайызға қысқаратын болса, онда циклдік жұмыссыздық 1 пайызға өседі. Соныменен қатар, заң белгілеп отырғандай, нақты ЖІӨ-нің жыл сайынға өсімі 3 пайызды құру керек, жұмыссыздық бастапқы деңгейінде қалу үшін, өйткені шамамен осындай қарқында жұмысшы күшінің саны өседі.

Жұмыссыздық формаларына талдаукөрсетіп отырғандай, табиғи деңгейдегі жұмыссыздықты экономикадағы жағымды құбылыс деп қарастыру керек, осы кездегі циклдік жұмыссыздықта жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылады. Циклдік жұмыссыздық ЖІӨ-нің жоғалымы түріндегі қоғам жағдайының төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ индивидтердің жағдайлары да олардың табыстарының құлдырауына байланысты төмендейді. Бірақта қоғам толығыменен жеке индивидтерге қарағанда үлкен жоғалымдарды басынан кешіреді. Мұны келесідей түсіндіруге болады, жұмыс істейтін адам қоғамға салықтар төлейді, сол уақытта жұмыссыз салық төлемеуімен қатар, қоғамның қамқорлығында болады, өйткені оған жұмыссыздық бойынша көмек ақы төлеу керек болады. Толығыменен қоғам үшін жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен жоғары әрбір жұмыссыздың пайда болуынан жоғалымдар үш элементтен құралады:

а) жеке тұлға табысының төмендеуі;

б) жұмыссыздық бойынша көмекақы;

салықтық түсімдердің азаюы.

 Осылай, жұмыссыздық толығыменен қоғам үшін де, және оның жеке азаматтары үшін де күрделі шығындарды туғызады (жұмыссыздар санына қосыла отырып). Жұмыссыздар саны елде толық жұмыспен қамту кезіндегі өндірілетін ұлттық өнім көлемінен салыстырғанда аз көлемде ұлттық өнім жасадатынын көрсетеді. Бұл  еңбектің толық шамада қолданбағанынан жүреді. Осыған орай, басқа факторларда аз көлемде қолданылады: өндірістік ғимараттар, жабдықтар, көлік, табиғи ресурстар және т.с.с. Нәтижесінде ұлттық өндіріс көлемі төмен болады, өндірістік ресурстарды толық қолданған кездегіден.

Жұмыссыздықтан негізінен еңбек резервтік армиясына түскен жұмысшылардың өзіндік мүдделеріне көп нұсқан келтіреді. Экономикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, ұзақ мерзімді жұмыссыздық жұмысшылардың резервтік жалақысынның деңгейін төмендетеді, олар жұмыс тапқаннан кейін (квалификациясынан жоғалтқаннан кейін, кәсіби деңгейінің төменлуіне байланысты, яғни адамдық капиталдың «тоттануы»). Ұзақ мерзім жұмыс істемеген жұмыссыздыр үшін келесі қауіп, олардың еңбек нарығында толық тартымсыздығы болып табылады. Нәтижесінде жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, оның осы деңгейде сақталу ықтималдылығы жоғары.    Экономистер бұл құбылысты гистерезис эффектісі деп атайды, бұл 1980-ші жылдары батыс елдерінде күрделі мәселе болды. «Гистерезис» терминін экономистер физиктерден алған. Гистерезис орын алады, айнымалы уақытша сыртқы күштердің әсеріне ұшырайды және оның бастапқы мәніне қайтып келмейді, егер де сыртқы әсер ету күштері болмаса да. Жұмыссыздыққа байланысты генетерезис, егер де жұмыссыздық деңгейі жоғарыласа, онда ол оны туғызған факторлар әрекеті тоқтаған кездің өзінде де бастапқы мәнінен оралмайтынын көрсетеді. бұл жағдайда табиғи жұмыссыздықтың өсуі байқалады.

 Жұмыссыздық сонымнен қатар күрделі психологиялық, әлеуметтік және саяси мәселелерді тудырады, оларды сандық өлшеу өте қиын болады. Миллиондаған жұмыссыздардың  қайға-қасіреттері мен қауіптерінің масштабынан ақшалай өлшеп көрсетуге болмайды. Олар өздерін керексіз және артық адам ретінде сезінеді. Оларда өздерінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалауларын және барлық жеке қасиеттерін төмендетеді, ол адамның мінездік кескінінде кері реакциясын байқатады, оның психологиялық және физикалық денсаулығына зиян келтіреді, жанұялық өмірлеріндегі тұрақтылықты бұзады және т.с.с. американдық ғалымдардың есептеуінше, 6 жыл бойы сақталып тұрған жұмыссыздық деңгейінің 1% жоғарлауы, қоғамдағы қазіргі «әлеуметтік потологиялардың» барлық құбылыстарының өсуін (в %) тудырады:

Жалпы өлімді – 2,0-ге;

өзін өлтіру санын – 4,1-ге;

өлтіру санын – 5,7-ге;

түрмедегі адамдардың санын – 4,0-ке;

жүйке ауруымен ауратындар санын – 4,0-ке.

Ең соңында, жоғары жұмыссыздық тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, күрделі саяси катаклизмаларды туғызуы мүмкін. Сондықтан да жұмыссыздықпен күрес – мемлекеттің макроэкономикалық саясатының приоритетті тапсырмасының бірі болып табылады.

 

2. Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:

- Толық жұмыспен қамту;

- Тиімді жұмыспен қамту.

ҚР-ның "Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне:16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.

Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше.

Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:

- жұмыссыздықты тіркеу;

- бос жұмыс орындарын тіркеу;

- жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;

- еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;

- жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;

- жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;

- жәрдемақы төлеу.

Жұмысшы күші нарығы – экономиканың айрықша секторы.ол басқа нарықтардың барлғынан ерекшеленеді, өйткені онда пластмассадан, ағаштан немесе металдан жасалған тауарлар ауыстырылмайды, тірі адамдар ауысымы жүреді. Сондықтанда оны реттеу үлкен әлеуметті-экономикалық және саяси мәнге ие болады және меселекеттің ерекше қамқорлығын қажет етеді. Бірақта мемлекеттің тапсырмасы - әр тілектес адамды жұмыспен қамту емес, өйткені ол инфляцияны жоғарлатады, ал жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру, ол толық жұмыспен қамтуға жетуді көрсетеді.

Филлипс қисығы мысалында жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен қысқару әсерлерін қарастырамыз.

Филлипс қисығы жұмыс күшіне сұраныстың өсуі мен жұмыссыздықтың қысқаруы кезінде экономикадағы баға деңгейі жоғарылайтынын көрсетеді. осылай, ол инфляцияның қысқартылған бір факторлық моделін көрсетеді, оны жұмыссыздық функциясы ретінде анықтай отырып. Филлипс қисығы жұмыссыздық жалақының өсу мүмкіндігін шектейді, осыған орай, шығындардың да, ол бағ деңгейіне әсерлерін тигізеді.

1960 жылдары көптеген экономистер Филллипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция арасындағы баламалы варианттарын таңдаудың идеалды құралы ретінде қарастырылды. Бірақта М.Фридмен бастаған монетаристер келесідей шешімге келді: Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты қысқа мерзімде анық суреттейді, бұл кезде жұмыссыздықтың қысқаруы инфляцияның өсуісіз мүмкін емес. Ұзақ мерзімде Филлипс қисығы сагфляция қисығына ауысады, ол инфляция мен жұмыссыздық бір уақытта өсетінін көрсетеді.

Әрі қарай, жұмыссыздықты қысқартудың және жұмыспен қамтудың нақты тәсілдерін ойлап тапқан кезде ғана кез-келген инфляциялық қауіпсіз әдістерді қолдануға болады:

а) бизнеске салықтық ставкаларды төмендету;

б) бос жұмыс орындары туралы ақпараттар жүйесін жетілдіру;

в) еңбек биржаларын құру және қызметтерін жақсарту;

г) кадрларды дайындау жүйесін дамыту;

д) шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау;

е) жастарды, әйелдерді және қайта құрылған салалардағы жұмысшыларды жұмысқа тұрғызудың ерекше мақсатты бағдарламаларын құру.

 

3Рыноктық қатынаста ақша мен инфляция процесі байланысты. Инфляция (қампию)- бұл айналым сферасын ұлттық шаруашылықтың шынқажеттілігімен артық толтыру. Инфляция кезінде қағаз ақшалар: а) алтынғаәтауарларға; б) шетелдік валюталарға қарағанда құнсызданадыОсыныңәсерінен бірінші жағдайда алтынның қағваз ақша түріндегі нарықтық бағасы артадыЕкінші жағдайда тауарлар бағасы өседіҮшінші жағдайда шетелдікақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі.

Инфляция ақша жүйесінің "ауруын” көрсетедіОл шаруавшылық сфераларды қиратыпалыпсатарлықты күшейтедіхалықтың өмір сүру деңгейініңтөмендеуіне әкеледіСондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізеді.

Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі:

М*V=P*Q

Ондағы: М- ақша бірлігінің массасы;

V  - ақша айналымының жылдамдығы;

Р- тауар бағасы;

Q - рыноққа ұсынылған тауарлар саны.

Инфляцияның пайда болу себептері:

мемлекеттік бюджет тапшылығы;

инвестициялаудың жоғарлауы;

өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің жоғарлауымен салыстырғанда еңбек ақының тез өсуі;

мемлекеттік бағаның белгіленуі.

Инфляцияның түрлерін анықтаудың 3 критерийі бар:

А) баға өсуінің қарқыны (қалыпты, қарқынды, ұшқыр);

әбаға өсуінің сәйкестендірілу деңгейі (сәйкестендірілген және сәйкестендірілмеген);

б) инфляцияны күту және күнібұрын болжау (анықталған және анықталмаған).

Инфляцияның 2 типі бар:

а) сұраным инфляциясы;

әұсыным инфляциясы.

 

Инфляция түсінігі (латын тілінен аударғанда –қампию) алғашқы рет Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде қолдана бастады. Бірақта инфляцияның пайда болуы адамдарға ақшаны шаруашылық айналымда кең көлемде қолдана бастағаннан бері әйгілі. Инфляция теориясының негізін қалаушы ретінде шотландық экономист және мемлекеттік қайраткер Джон Ло деп есептеуге болады, ол 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы рет қағаз ақшаларды айналымға шығаруға талпыныс жасағандардың бірі болған. Өзінің неғұрлым әйгілі «Ұлтты ақшамен қамтамасыз ету туралы ұсыныспен қарастырылатын ақшалар мен сауда» (1705 жылғы) еңбегінде Джон Ло қағаз ақшаларды елді байты үшін шығаруды ұйымдастыруды ұсынды.

Инфляция – орташа және жалпы бағалар деңгейінің өсуіне әкелетін тұрақты тенденция. Ол ақшаның сатып алу қабілеттілігінің төмендеуін ұзақ мерзімді көрсететін процесс. Инфляцияның ашық және жабық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Ашық инфляция еркін баға жағдайында қалыптасады.

Бағалардың орташа деңгейі баға индексі көмегімен есептеледі. Жасырын инфляция тауарлардың жоғалуымен пайда болады. Егер де мемлекет баға деңгейін тепе-теңдік деңгейден төмен қоятын болса, онда тауарлы нарықта тапшылық ұалыптасады. Инфляцияның бұл түрі экономикаға жоғары деңгейде мемлекеттің араласуымен қалыптасқан кез-келген экономикалық жүйеге тән құбылыс. Жасырын инфляция деңгейін экономикадағы тапшылық деңгейі бойынша анықтауға болады, яғни мемленкеттік бағалар мен көлеңкелі нарықтағы бағалардың қатынасы бойынша, тапшылықты тауарларды іздеуге кететін уақыт шығындары бойынша анықтауға болады. 

Инфляцияға қарама-қарсы процесс дефляция деп аталады, ал инфляция қарқындарын ақырандататын процесс – дезинфляция деп аталады.

Экономикалық агенттердің көзқарасы бойынша болашақтағы бағалар деңгейі инфляциялық күтім деп аталады, ол экономикалық агенттердің іс-әрекетттерін барлық экономикалық нарықтарда күнібұрын анықтап қояды.

Инфляциялық күтім:

Қысқамерзімді және ұзақмерзімді инфляцияларды шектейді;

Инфляцияның себебі болуы мүмкін;

Экономикалық агенттерге инфляцияға бейімделуге мүмкіндік береді.

Егер де экономикалық агенттердің күтімі рационалды күтімдер схемасы бойынша қалыптасатын болса, ал инфляцияның өзі анықталған (күтілген) болса, онда инфляцияның негативті эффектісін болдырмауға болады. Инфляцияның жылдамдауының негізгі факторлары болып табылады:

Мемлекеттік шығындардың тез өсуі;

Массалық даму және кәсіподақтар монополиясын қысқарту;

Ақша массасының көбеюі;

Ақша айналымы жылдамдығының жоғарылауы;

Шығарылатын өнім көлемінің қысқаруы.

Инфляция тұтынушылар бағасының индексі көмегімен өлшенеді, оны базалық кезеңдегі бағалар деңгейіне қатынасы бойынша есептейді. Инфляцияның қарқынын келесідей анықтауға болады:

Инфляция қарқыны = ағымдағы жылғы бағалар индексі / базалық уақыттағы бағалар индексіне * 100 %.

Инфляцияны өлшеудің басқа да тәсілі бар, ережеге сәйкес деңгейі 70. Ол баға деңгейінің екі есеге көтерілуі қанша жылға созылатын санын анықтауға мүмкіндік береді.

Инфляция – ақша шаруашылығы дамуының өнімі және монетарлық құбылыстарға көрсетеді: бағалардың құнсыздануы тауарлық шаруашылыққа қызмет ету үшін қажетті ақша массасы экономикада көп шығуы әсерінен болады.

Баға қарқындарына байланысты инфляцияның қалыпты, қарқынды және гиперинфляция түрлері бар.

Қалыпты  инфляция – оның жылдық қарқыны бір белгілі санмен өлшенеді, яғни 10 пайызға дейінгі. Қалыпты инфляция кезінде бағалардың өсуі баяу жүреді және оны анықтауға болады, бірақ баға еңбек ақыға қарағанда тез өседі.

Қарқынды инфляция – оның жылдық өзгеру қарқыны 20-дан 200-ге дейінгі пайыздық шекте екі немесе үш белгілі санмен өлшенеді. Ол елдегі ақша-несие саясатында күрделі бұзушылқтар туралы куәландырады. Адамдар нақты ақшаны аз сақтайды, өйткені олар өздерінің құндылығын тез жоғалтады. Қаржылық нарықтар дағдарысқа ұшырайды, өйткені капитал шетке шыға бастайды.

Гиперинфляция – баға айына 50 пайыздан жоғары өседі,и оның жылдық өсімі төртбелгілі санмен өлшенеді. Гиперинфляция ақшаға деген сенімділікті төмендетеді, ол бартерлік мәміле жасауға әкеледі және еңбек ақы ақшалай төлеуден натуралды төлемге көшіреді.

Инфляцияны туғызатын факторларға байланысты инфляцияның екі түрі бар: сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы.

 Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныс артықшылығымен қалыптасады, оның артынан өндіріс қуып жете алмайды. Сұраныс инфляциясы кезінде жиынтық сұраныс қисығы {AD)оңға жылжиды, оны жоғарыдағы суреттен көруге болады.

баға мен өнімді шығару көлемі бірдей бағытта өзгереді – олар өседі: бағалар Ро-ден P–ке; ал шағару көлемі Y1 ден Y-ға ауысады. Монетаристердің ойы бойынша ақша ұсынысының көбеюі жиынтық сұраныстың көбеюіне әкеледі, ол бағалар деңгейінің өсуі туғызады. Осы көрініс оларға ақшаларды ұсыну инфляцияның басты факторы болып табылатындығы туралы шешім жасауға мүмкіндік береді.

Шығындар инфляциясы бір өнім бірлігіне орташа шығындардың өсуі әсерінен пайда болады, бұл жағдайда ұсыныс сұраныстан қалып отырады. Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының өсуін көрсетеді, ол нақты табыс пен еңбеек өнімділігінің өсуінен асып кетеді. Шығындардың өсуі еңбек ақының жоғарлауымен, шикізаттардың қымбаттауымен, салықтардың көтерілуімен шартталуы мүмкін. шығындар инфляциясы кезінде ASқисығы солға жылжиды.Бағалар мен шығарылатын өнімдер көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді – бағалар Ро ден Pv-ге жылжиды, ал өндіріс көлемі Y ден Y1-ге қысқарады.

Сұраныс инфляциясы жалғаса береді, өте көп жалпы шығындар болған жағдайда, ал ұсыныс (шығындар) инфляциясы құлдырауды туғызады, өйткені ол қосымша шығындардың өсуін ұстап тұрады, өйткені автоматты түрде шектеу жүреді. Сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуі тек ұзақ мерзімде болады.

Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының сәйкестенуі инфляциялық спиральды қалыптастырады – бұл соңғы өнім мен өндіріс бағасының өсуін сәйкестендіретін механизм болып табылады. Бұл поцесте негізгі рөлді экономикалық агенттердің инфляциялық күтімі ойнайды. Экономикалық агенттер инфляциялық күтімге өздерінің тәртіптерін сәйкестендіреді. Инфляцияның пайда болуының ішкі және сыртқы себептерін бөліп көрсетуге болады.

Сыртқы себептеріне жататындар: әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық), егер де елде тұрақты валюталық бағам ұсталатын болса, оннда сырттан әкелінетін тауарлар бағасының кез-келген өсімі ішкі нарықта бағаның өсуін туғызады. Соныменен қатар, ұлттық банктің ұлттық валютаны басқа шетелдік валютаға ауыстыруы қағаз ақшаның қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, ол ақша арналарын толықтырады да, инфляцияға әкеледі.

Ішкі факторларына жататындар: өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін өндірістен тұтыну заттарын өндіретін салалардың артта қалуы, мемлекеттік шығындардың көбеюіне байланысты мемлекеттік бюджет тапшылығы, ірі фирмалар мен корпорациялардың нарықта баға қою кезіндегі монополиясы, жоғары салықтар, пайыздық ставкалар және т.б.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 13053 | Теги: Жұмыссыздық пен инфляция экономикал | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: