-->
Главная » Статьи » Экономика

Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру

Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру

2. Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар

3. Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент

4. Табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру көздері

 

«Қалдықсыз технология»ұғымына толық мағлұмат беру. Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайдаланудың негізгі заңдарын талқылау.Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидаларға шикізатты кешенді пайдалану.Қалдықтардың негізгі көздері қарастырылған. Кәсіпорындағы экологиялық менеджментке анықтама берілген.Қоршаған ортаны қорғауға пайдаланатын қаражат көздері қамтылады.

 

1. Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру. «Қалдықсыз технология» дегеніміз адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауда ғылыми әдістерді және құралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану болып табылады.Қалдықсыз технологиялық жүйе дегеніміз бұл шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін бөлек өндіріс немесе өндірістер жиынтығы. Мысалы,

·  бұйымның көп уақыт қызмет етуі

·  көп рет қолданылу мүмкіншілігі

·  жөндеу қарапайымдылығы

·  өндірістік циклға қайтып оралу жеңілдігі немесе  қатардан шыққанан кейінгі экологиялық зиянды емес нысанға ауысуы.

Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайдаланудың негізгі заңдарына сай екі алғы шартқа сүйенеді:

·  бастапқы табиғат ресурстарынан барлық мүмкін болатын өнімдер бір рет толық өндірілуі тиіс

·  өндірілетін өнімдер қолданыстан кейін тіке бағыттар бойынша жеңіл түрде жаңа өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы мүмкін.

өндірістің қалдықсыз деңгейін бағалау өте күрделі мәселе болып табылады және өндірістің барлық салаларына бірдей жүргізіле бермейді.

Жалпы өндірістің қалдықсыз жұмыс істеу деңгейін кешенді түрде бағалау мыналарға негізделуі қажет:

·  тек қалдықсыз деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін есептеу

·  қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни соңғы өнімінің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау

·                        қалдықсыз деңгейін әр өнім бірлігіне шаққандағы қалдық саны арқылы.

Энергетикалық шығындарды есептеу үшін қалдықсыздық коэффициентін ескере отырып өнімнің энергосыйымдылығын қарастыру қажет, тек осы  жағдайда ғана қарастырылып отырған өндірістің қалдықсыз жұмыс істеуінің обьективті көрсеткіштерін алуымыз мүмкін. Электроэнергия өндірісіндегі жылу энергия станцияларының қоршаған ортаны ластау ауқымы,өндірісті жаңарту арқылы қол жеткізген экологиялық басымдықтарды минимумға әкелуі мүмкін.Мысалы түсті металлургияда қалдықсыздық деңгейін шикізатты кешенді қолдану коэффициенті арқылы білеміз (көп жағдайда 80% асады). Көмір өндіретін өндірісте осы коэффициент 75% - дан аспаса ол қалдықсыз болып саналады.

 2.Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар. Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негзгі қағидаларға шикізатты кешенді пайдалану, түбегейлі жаңа және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және ғаз айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық-өндірістік кешендер құру жатады. Қалдықтардың негізгі көздеріне жататындар:

·                         шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін өсы өндірісте қолданылмайтын компоненттері

·                         үрдістің толық жүрмеуі

·                         қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда блуы.

Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылмаған санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрын қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті металлургияда әрқашанда минералды шикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Жердің биосферасында табылған 90 элементтен түсті металлургия кәсіпорындарында келесідей элементтер алынған.

 





а) өндірістік үрдістің әрбір сатысында өнім шығарудың көтерілуі қалдықтар санының азаюына әкеп соғады және шикізаттардың кешенді пайдалануын жоғарылатады.

б) Түбегейлі жаңа және жұмыс жасап тұрған технологияларды дамыту. Бұл технологиядағы ең негізгі кезең болуға тиісті.

в) Тұйықталған су және газ айналымдарының циклын құру экологиялық қауіпсіздік позициясы тұрғысынан қарағанда негізгі мәселелердің біріне жатады.

г) Кәсіпорынды кооперациялау,аумақтық өндірістік кешенді құру. Көптеген жағдайда бір өндірістің қалдықтары екіеші бір өндірістің шикізаты болып табылады.

 3.Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент дегеніміз қоршаған ортаға жасалатын қысымды болдырмау мақсатында экономикалық дамудың қарқынын арттырудың тиімділігін қамтамсыз ететін басқару тетіктерінің жүйесін айтады.

         Экологиялық менеджмент келесі 3 сатыға бөлінеді:

·                        Таңдау. Бұл сатыда жаңа кәсіпорын салу, ескі кәсіпорынды қайта құру немесе жаңарту туралы шешім қабылдауда өндіріс экономикасында экологиялық қауіпсіздік қағидасын қатаң ұстану қажет.

·                        Жедел талдау. Жобалардың көптеген варианттарының ішінен таңдап алынған өндіріс үлгісін жедел тестіден өткізуді айтады. Жедел талдау-сәйкес параметрлер жиынтығы бар кесте немесе матрица.

·                        Жобаға дейінгі сатыда жедел талдау мәліметтері экологиялық бизнес-жоспарды қалыптастыру жөніндегі бағдарламаға айналады. Бизнес-жоспар кәсәпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сонымен қатар ашылатын мүмкіндіктер мен қауіптерді зерттейді.

Экологиялық менеджменттің басты міндеті қоршаған ортада болатын қауіптің алдын-алу немесе кәсіпорынның өсу мүмкіндігін анықтауда болып отыр. Менеджер-экологтың қағидасының негізгі мазмұнына қоршаған ортаға кеткен шығындар дер кезінде қайтарылуы жатады.

өндірісті экологиялық бағытта басқару әр кезеңдегі жоспарлау мен бақылау жүйесін білдіреді:

·                         өндірістік бағдарлама құру. Егер бұл жаңа кәсіпорын болса,онда бағдарлама жасау, жобалау, сараптау, рұқсат ету құжаттамаларын алу және т.б. сатыларының сақталуын ескереді. Егер ескі кәсіпорын жаңартылып жатса, онда экологиялық зиянды өнім өндірістен алынып тасталынады, ескірген құрал-жабдықтар мен ескі технологиялар жаңаға алмастырылады

·                         Құрал-жабдықтардың жұмысының жағдайын әзірлеу және тексеруді күнтізбелік жоспарлау

·                         өндірістік бақылау

·                         Сапаны жоспарлау және бақылау.

         Кәсіпорындағы экологиялық менеджменттің құрамы экологиялық сараптаманы да құрайды. Ол кәсіпорын басшылары тарапынан экологиялық жағынан жүйелі құжатты түрде бағалауды ескереді.

Аудиттің басты міндеті-жазалау емес, кәсіпорынды пайдасының бір бөлігін жоғалту ғана емес, сонымен қатар өндірісті жабуға әкелуі мүмкін, қоршаған ортаны ластау салдарын болдырмауды іздестіру.

Аудиторлық қызметті жүргізуді талап етіп отырған кәсіпорын тексеру жұмыстары үшін ақы төлейді.

Экологиялық сұрақтар жөніндегі менеджер-консультат мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

·        Қоршаған ортаны қорғау және сақтау

·        өндіріс және жақын жатқан орта шеңберінде адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету

·        Табиғи ресурстарды үнемді және балансқа сай жұмсау.

Менеджер-консультат кәсіпорындағы экологиялық қауіпсіздікке толық жауап береді.

 

4. Табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру көздері. Экономиканы қайта құру жағдайында кәсіпорынның табиғат қорғау саласындағы қаржыландыру құрылымы да өзгереді, кәсіпорынның өз экологиялық  мәселелерін шешуге кеткен қаражаттарын пайдалану көбейеді.

Табиғат қорғау қызметін қаржыландыруда барлық деңгей бюджеттері үлкен рөл атқарады. Бюджет қаражаттарын пайдалануда ең бастысы-кәсіпорынның республикалық және муниципалдық деңгейдегі ірі экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы басты рөл атқарады.

Қоршаған ортаны пайдаланатын кәсіпорын қаражаттары мына жолмен алынуы мүмкін:

·                         Арзан ресурстарды пайдалану

·                         Бір өнім бірлігіне келетін энергетикалық шығындарды азайту

·                         Қазіргі ресурстарды үнемдеу технологияларын енгізу

·                         өндірісті экологияландыру, соның нәтижесінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеретін экологиялық таза өнім алу

·                         Қалдықтарды қайта өңдеу және т.б.

Экологиялық менеджменттің мақсатқа жетуінің басты шарты кәсіпорын қызметін қаржылық талдау-қаржылық тиімділікті, қаржыландыру қажеттілігін және шығындардың орнын жабуды талдау.

өндірісті экологияландыру кезіндегі қаражаттарының басты көзі қоршаған ортаны қорғау мүдделерін толық есептеу. Ол үшін жобалық-сметалық құжат әзірленеді.


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 5860 | Теги: Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: