-->
Главная » Статьи » Экономика

Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

1. Сұраныс заңы.   Сұраныс  қисығы.  Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін жағдайлар.

3. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.

4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.

5. Тұтынушылық мінез-құлық. Тұтынушылардың жалпы /түпкілікті/ және кезекті /қосымша/ пайдалықты максималдау талдамы.

6. Бәсеке мәні және түрлері.

 

1. Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.

Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.

Сұраныс заңы:

А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;

ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.


Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.

 


Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.

Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.

Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.

Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:

а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді

ә) бағалық емес факторлар.

Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

- Тұрғындардың ақшалай табыстары;

- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;

- Тұтынушының талғамы мен талғауы;

- Жинақталған мүлік;

- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;

- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.

Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.

2. Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы  баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.

Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.

Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.

Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.

Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:

а) баға;

ә) бағалық емес факторлар.

Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;

- Салықтар мен дотациялар;

- Табиғи-климаттық жағдайлар;

- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;

- ресурстардың бағаларының өзгеруі;

- күтім;

- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.

 

Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.


Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.

 

3. Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.

Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.

Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.

Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.

Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.

Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.

Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.

Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.

Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.

Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.

4. Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.

Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.

 

Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.

Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни   ED>1;

бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни ED=1;

икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни ED<1;

өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни ED=∞;

өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни

ED=0;

Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.

Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:

оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;

теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;

нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.

Табыстар бойынша сұраныс икемділігі дегеніміз – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі.

Табыстар бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті барлық шарттар тұрақты болған уақыттағы тауарларға сұраныс деңгейіінің пайыздық өзгеруінің тұтынушылар табысының пайыздық өзгеруіне қатынасы.


Табыс бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

оңды – сұраныс көлемі табыстың өсуімен өседі; қалыпты игіліктерге тәуелді

теріс – сұраныс көлемі табыстың өсуімен төмендейді; сапасыз және төмен тауарларға свойственна

нөлдік – сұраныс көлемі табыстың өзгеруіне әсер етпейді; күнделікті қолданылатын тауарларға тәуелді.

 

5. Тұтыну іс-әрекетінің теориясы. Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.

Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австралия экономисі Ф.Визер ендірді. ХІХ – ХХ ғғ. Басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас, Р.Аллан, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.

Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе. Бұл заңдылық «шекті пайдалылықтың төмендеу заңы» деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізінде «Госсен заңының» бірінші және екінші түрлері бастау болды. Бұл заң неміс экономисі Герман Госсеннің атымен аталған. Осы заңның негізінде Госсен субъекті іс-әрекетінің рационалды ережесін суреттеп, өзінің шаруашылық қызметінен максималды пайда табуға ұмтылатындығын көрсетеді.

Бірінші заңға сәйкес, тұтынудан іс-барысында тола түсуі заттың пайдалығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі. Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек, әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалығы төмендейді.

Экономикалық субъект тепе-теңдік жағдайына Госсеннің екінші «заңын» қолданғанда қол жеткізеді. Ол заңның мәні мынада: игіліктің рационалды комбинациясына сол кезде жетуге болады, қай уақытта адам үшін әртүрлі соңғы тұтынылған тауарлар порциясы бірдей пайдалылық көрсетсе.

Тұтынушының ойынша, игілік қоры аз болса, онда адамның көз алдында әрбір бар тауар үлкен пайдалылыққа ие болады.

Бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу екі тауардың мүмкіндігінше болатын комбинациясын көрсетеді, онда тұтынушы бар мөлшеріндегі бюджеттен және осы кездегі баға деңгейінен алып отыруы мүмкін. Әрбір тұтынушы бюджеттік шектеу шеңберінде өзінің табысын әртүрлі тұтыну тауары арасына немесе қызмет көрсетуге, салуға тырысады, себебі пайдалылықты максималдыққа жеткізу қажет.


Тұтынушы табысының ұлғаюы бюджеттік сызықты оңға қарай параллельді ығыстырады, ал түсуі – солға қарай ығыстырады.


Бюджеттік сызықтың орналасуы ақшалай табыс мөлшеріне де байланысты. Ақша табысы өзгеруінің бюджеттік сызыққа әсері

Тауарға бағаның өзгеруі бюджеттік сызықты оңға ығыстырады, ал бағаның көтерілуі солға ығыстырады.

 Егер бір тауардың бағасы ғана өзгерсе(мысалы, тағам өнімдеріне баға төмендейді), ал бар тауардың (киім) бағасы мен табыс мөлшері өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықтық соңғы нүктесі оңға жылжиды.

Тұтынушылардың талғаусыздық қисығы деп тұтынушыға пайдалы немесе бірдей тұтыну маңыздылығы бар екі өнімнің әртүрлі комбинациясын көрсететін қисықты айтамыз.Бұл қисықты ең алғашқы рет ағылшын экономисі Френсис Исирдо Эджворт қолданған.

Талғаусыздық қисығы талдау құралы бола отырып, әдетте шамамен «көзбен» мөлшерлеп, екі өнімге негізделеді.


Табыс эффектісінің мәні мынада: өнімге бағаның төмендеуі кезінде ақшалай табыс мөлшерінің бұрыңғы көлемінде қалуы, тұтынушыға өнімді сандық мөлшермен көбірек сатып алуына жағдай жасайды.

 

6. Нарық механизмінің 5 негізгі элементі бар:

а) өндірушілер мен тұтынушылар;

ә) меншіктің жеке және аралас нысандары;

б) баға;

г) сұраным мен ұсыныс;

д) бәсеке.

Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.

Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:

Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:

а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.

ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.

Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:

Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.

Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.

б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;

б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);

в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.

Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады.Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:

сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;

тұтынушылар арасындағы алалаушылық.

Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:

а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;

ә) тауарды қайта сату болмау керек;

б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 64069 | Комментарии: 1 | Теги: Сұраныс пен ұсыныс теориясының негі, Бәсеке мәні және түрлері | Рейтинг: 4.2/10
Всего комментариев: 1
1 sajbek   (25.10.2014 19:34)
мне нужен


Имя *:
Email:
Код *: