-->
Главная » Статьи » Экономика

Қоғамдық өндіріс нышандары

Қоғамдық өндіріс нышандары

1. Қоғамдық шаруашылық формалары

2. Тауар және оның қасиеттері

3. Құн теориясы және шекті пайдалылық теориясы

4. Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметтері

5. Нарық экономикасының қажеттілігі, мәні

6. Нарықтың мәні, пайда болу шарттары, қызметтері

7. Нарық құрылымы мен инфрақұрылымы

 

1. Қоғамдық шаруашылықтың 2 формасы бар:

1. Натуралды шаруашылық- бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық.

Бұл жүйе келесідей қасиеттерге ие:

а) тұйық шаруашылық;

ә) тікелей шаруашылық нысандары;

б) әмбебап еңбек.

Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:

А) ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесәнің тұйықтығы;

ә) Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі;

б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасу кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстемдік етті және феодалдық қоғамның басты қасиеттерінің бірін құрады.

2. Тауарлы шаруашылық - бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:

А) ашық шаруашылық;

ә) еңбекті бөлу;

б)жанама шаруашылық байланыстар.

Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:

А) қоғамдық еңбек бөлінісі:

ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;

б) артық өнімнің пайда болуы.

Тауар өндірісінің 2 түрі бар:

А) жай тауар өндірісі;

ә) капиталистік тауар қндірісі.

 

2. Тауар дегеніміз- адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандырытын, сату және сатып алу арқылы айырбастау үшін өндірілетін еңбек өнімі.

Тауардың 2 қасиеті бар:

а) тұтыну құны-заттың адамның нақты бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.

ә) айырбас құны- Бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала білу қасиеті.

Айырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Сонымен тауардың 2 қасиеті болады: пайдалылық және құн.

Тауардың 2 жақтылық қасиетінің болуы тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығына байланысты. Тауар өндіруге 2 түрлі еңбек жұмсалады: а) нақты еңбек- бұл жеке мамандардың тауар  өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек;

ә) абстрактылы еңбек- бұл адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы немесе тауардың құнын анықтауға шығындалған еңбек.

Тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығын ашқан К.Маркс.

 

3. Құнның еңбек теориясының негізі мазмұны (Уильям Петти, А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс) келесідей қағмдалардан көрінеді:

1.Рыноктық айырбастың түрлі өнімдері бірдей ішкі мазмұнға – құнға ие.

2.Барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады. Құн- тауарға айналған қоғамдық еңбек.

3. Құнды құрайтын еңбектің өзі оның күрделілігі немесе сапассы бойынша ерекшеленеді. Еңбек қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі еңбек - бұл көбейтілген қарапайым еңбек.

4. Еңбектің ішкі өлшемі бар, ол - жұмыс уақыты.

5. Тауар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттігімен анықталады.

6. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты- бұл төменде көрсетілген кедерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт:

а) өндірістің қоғамдық дұрыс жағдайы кезінде;

ә)жұмыстың орташа шапшаңдығы кезінде;

б) қызметкерлердің орташа біліктілігі кезінде.

(Егер құнның еңбек теориясы қоғамдық шығыннан шыға отырып құнға түсініктеме берсе, шекті пайдалылық теориясы игіліктер құны мен бағасына пайдалы заттар тұтынушысының экономикалық психологиясы тұрғысынан түсініктеме береді.

Пайдалылық – бұл өзінің жек қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белгілі бір игіліктердің ролі туралы әр сатып алушының беретін субъективті бағасы.

Игілік құндылығы – бұл адамның өмірі мен әл-ауқаты үшін тұтынатын заттың маңыздылығын түсінуі.

 

4. Ақша- жалпыға бірдей балама болып табылатын ерекше тауар.

Ақшаның экономикалық ролі оның қызметерінен көрінеді.

Ақшаның атқаратын 5 қызметі бар:

А) құн өлшемі;

ә) айналым құралы;

б) байлық жасау құралы;

в) төлем құралы;

г) әлемдік ақшалар.

Қазіргі таңда ақшаның  үш қызметі орындалады:ақұн өлшеміәайналым құралы; б) төлем құралы.

 

5. Нарық экономикасына өту ҚР-да егемендік алғаннан басталадыҚР-сы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап егеменді ел болып экономикдабелгілі бостандығын алыпшаруашылық процестерін рыноктық қатынастарға бұрғызды.

Нарық экономикасынан қалыптастыру 3 сатыдан тұрады:

ӨндірісТауарлы шаруашылықтың пайда болуына байланысты нарық қалыптасады.

Экономикс. Өндірістен экономикаға ауысуАйырбас еңбек өнімін тауарға айналдырып, ал айырбастың өзін рынок жасайдыЯғни, "сатушы рыногіқалыптасады.

Нарық экономикасы. Өндіруші өз алдына рынок құра алмайдыНарық сатып алушылар болғанда ғана құрыладыБұл кезде "тұтынушылар нарығықалыптасады.

Нарық қатынастары дегеніміз- сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастар.

ҚР-сының нарықтық экономикаға өтуін 3 кезеңге бөлеміз:

а) І кезең- 1991-1993 жылдар мемлекет иелігінен алужекешелендіру;

әІІ-ші кезең- 1994-1995 жылдар нарық түрлерін дамыту;

б) ІІІ-ші кезең- 1995-2000 жылдар Қазақстанның әлемдік позицияда өз орнын алуы.

Нарық экономикасы дегеніміз сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетінтауарлар мен қызметтер айырбасының баламасымен,шаруашылық есепкекәсіпкерлік қызметке негізделген экономика.

Нарық экономикасының артықшылықтары:

1) ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрект ету бостандығын қамтамасыз етеді;

4) ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларыәдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі.

Нарық экономикасының кемшіліктері:

1) табыс алуға кепілдік бермейді;

2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

5) ұжымдық пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

6. Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады:

1-ден, нарық- сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;

2-ден, нарық- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;

3-ден, нарық- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;

4-ден, нарық-өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.

Нарықтың пайда болу шарттары:

А) қоғамдық еңбек бөлінісі;

ә) өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;

б) өндіруші еркіндігі, кәсіпкерлік бостандық.

Нарықтың атқаратын 5 қызметі бар:

Ақпараттық;

Делдалдық;

Баға белгілеу;

Реттеуші;

Ынталандырушы.

 

7. Нарық  бір-біріне байланысты жеке нарықтардың жүйесін көрсететін тауар айналымы қатынастарының дамыған жүйесі. Сондықтанда нарық өндірісті қамтамасыз ететін тікелей байланысты элементтерді, сонымен қатар материалдық және ақшалай элементтерді қарастырады.

Нарық құрылымы дегеніміз- тауарлық қатынастардың дамыған жүйесі ретінде әртүрлі өзара байланысты жеке нарықтардың жиынтығы.

Рыноктың экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:

меншік нысандарымен;

тауар өндірушілер құрылымымен;

тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

шаруашылық құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру мен мемлекеттен алу деңгейі;

елде пайдаланылатын сауда деңгейі.

Рынокты келесідей критерийлері бойынша бөлуге болады:

1.рыноктық қатынастар объектілерінің экономикалық қызметі бойынша:

материалдық игіліктермен қызмет көрсетулер рыноктары;

өндіріс құралдары рыноктары;

ғылыми-техникалық жасалымдар рыноктары;

құнды қағаздар рыногі;

жұмыс күші рыногі.

2. Рыноктарды тауарлық топтар бойынша :

өндірістік бағыттағы тауарлар рыногы;

халық тұтынатын тауарларазық-түлік тауарлары рыногы;

шикізаттар мен материалдар рыноктары.

3. рыноктардың өндірістік белгілері бойынша:

аймақ ішілік;

аймақ аралық;

ұлттық;

халықаралық (әлемдік).

4. Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша:

монополиялық;

олигополиялық;

салааралық.

5. Рыноктық қатынастар субъектілерінің түрлері бойынша:

сатып алушылар мен сатушылар ретінде кәсіпорындар мен ұйымдар жүретін көтерме сауда рыноктары;

сатып алушылар ретінде жекелеген азаматтар жүретін бөлшек сауда рыноктары;

ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алатын рыноктар.

6. Экономикадағы эаңдылықты сақтаудың ескерілуімен:

ашықресми;

ашық емес "жасырын”,”қара”.

Рыноктық инфрақұрылым- бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылым 3 элементтен тұрады:

а) рынок түрлері;

әсауда саласы;

б) нарықтық институттар.

Нарықтық инфрақұрылым элементтерітауар және қор биржаларысауда үйлерікөтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарыжәрменкелер,көрмелераукциондарделдалдық құрылымдарсауда өнеркәсіптік палаталаркедендік мекемелертүрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.

Категория: Экономика | Добавил: admin_ (01.12.2013)
Просмотров: 6813 | Теги: Қоғамдық өндіріс нышандары | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: