-->
Главная » Статьи » Экономика

Өндірістік кәсіпорындарда экологияны қорғау

Өндірістік кәсіпорындарда экологияны қорғау

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері

2.өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру

3.өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары

 

ҚР-ң 2010 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын қарастыру. Қазіргі таңдағы табиғат ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану жолдары талқыланады.өндіріс қалдықтар құрамының бағалануы көрсетіледі.Табиғатты пайдалануға анықтама беріледі.

 

1.Экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанда қалыптасқан экологтық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың арнаулы технологиясын дайындауды талап етеді. ҚР-ң 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарында алдағы он жылда табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде келесі міндеттерді шешу қажеттілігі атап өтілген:

·        Су ресурстары тапшылығын қысқарту, сумен қамтамасыз ету деңгейін көтеру

·        Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесін ұтымды пайдалану

·        өндіріс қалдықтарын пайдалану деңгейін көтеру

·        экологиялық білімді арттыру.

Табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану қоғам мен табиғаттың өзара байланысын табиғат заңдылықтары негізінде өндірістің даму міндеттеріне сүйене отырып, сонымен қатар биосфераны қорғауды негізге ала отырып жүргізілуі тиіс.

Биосферада болатын үрдістерді және оның адамның шаруашылық қызметіне әсерін зерттеу және тек экологиялық қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру табиғат ресурстарының сарқылмауына және табиғат ортасының азбауына тікелей байланысты болады.

Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттеріне халық шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, экономикалық басқару механизімін зерттеу және жетілдіру жатады.Экономикалық басқару механизімі табиғатты пайдалануға байланысты үш кезеңді қамтиды: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеру және ұқсату.

 

2. Өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру. Жаңаша өнеркісіптік кәсіпорын өнімінің көптеген түрлерін өндіреді. Қазіргі өндірістік кәсіпорын өте күрделі технологиясымен, операциялардың көптілігімен, соның негізінде пайда болатын көптеген қалдық түрлерімен сипатталады.Қалдықтың кейбір түрлерінен тағы өнім өндіру үшін қоймаларда сақталады немесе қалдықтар кейде олардан бөлініп шығатын газдар, ағатын сулар, қатты өнімдер түрінде жоғалып кетеді.өнеркәсіптік кәсіпорынның үздіксіз дамуы міндетті түрде өндіріс қалдықтарының артуына әсерін тигізеді.

Өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру үшін келесі шаралар жүргізілуі тиіс:

·                   қалдықсыз өнім өндіретін технологияны таңдау

·                   табиғатты қорғау қорына кәсіпорындардың аударатын төлемдер жүйесін құру.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 29 бабына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдардың, азаматтардың және кәсіпорындардың төлемін қатаң түрде талап етіп, қажетті жағдайда төлем мөлшерін жоғарылататын түрде алу шаралары қарастырылған.

Табиғатты ұтымды пайдалануда «қалдықсыз технология» деген ұғым бар.

Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты қорғаудың негізгі заңдарына сүйене отырып, екі негізгі алғы шарттарға негізделеді:

·                   бастапқы табиғат ресурстары әр түрлі өнімдер дайындалуы үшін бір рет өндірілуі қажет

·                   өндірілетін өнімдер тікелей мазмұны бойынша пайдаланылған соң жаңа өндірістің бастапқы элементіне салыстырмалы түрде тез айналуы тиіс.

Қалдықтардың пайда болу көздеріне төмендегілер жатады:

·                   шикізаттардағы қоспалар, берілген өндіріс дайын өнім алуда пайдаланылмайтын компоненттер

·                   шикізатта пайдалы өнімнің қалып қоюы, соның әсерінен өндірістік үрдістің толық жүрмеуі

·                   жанама химиялық реакциялардың әсерінен пайдаланылмайтын заттардың пайда болуы.

Шикізатты толық және кешенді пайдалану шикізатты пайдаланылмай қалған заттардың санын азайтады,өнім өндіруде шикізаттан қалдыққа кететін пайдалы заттар көлемін көбейтеді.

        

3. Өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары. Табиғатты пайдалану дегеніміз адамның барлық іс-қимылдарының нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей және жанама түрде әсер етуін айтады.Табиғатты ұтымды пайдалану – қалпына келмейтін ресурстарды кешенді қолдану арқылы материалдық өндірістің дамуына байланысты қоршаған ортаны жоспарлы,ғылыми негізінде қалыптастыруы.Қалпына келмейтін ресурстарға төмендегідей циклды қолдану керек.

- Өндірістің тұтынуы-екінші ретті ресурстарды сақтау қалпына келетін табиғи ресурстарды қайта өңдеу жағдайында.

Кез-келген өндіріс басшысы тіршілікті зиян келтіру арқылы табыс табуды ойламауы басты талап болуы тиіс. Яғни келесі ұрпаққа тиісті ресурстарды толық пайдаланбауы керек.Осы тұрғыдан келгенде табиғатты пайдалану мәселесін көтерген кезд табыс табу түсінігін түбегейлі өзгертуіміз керек.

Табиғатты ұтымды пайдалану дегеніміз - өндірісті дамыту және биосфераны сақтау мәселелерін қарастыратын табиғаттың ғылыми заңдары негізінде құрастырылған қоғам мен табиғаттың бір-бірімен іс-әрекеттер жүйесі


Категория: Экономика | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 3311 | Теги: Өндірістік кәсіпорындарда экологиян | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: